Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі



бет11/20
Дата20.12.2023
өлшемі1,71 Mb.
#197901
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Æèûíòû? áà?àëàó?à àðíàë?àí ?ä³ñòåìåë³ê ?ñûíûñòàð ?àçà? ò³ë³

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Сұрақтарға жауап беру арқылы көтерілген мәселені анықтайды

  • Жұрнақ арқылы жасалған туынды, күрделі сөздерді қолданады.

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, мәтінге сай негізгі тақырыпты анықтаңыз, жұпта сұрақ қойыңыз және жауап беріңіз. Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені түсіндіріңіз. Жұрнақ арқылы жасалған туынды, күрделі сөздерді қолданыңыз.





Үй ішіндегі мұражай
75 жастағы Жорж Дау өмірін аң аулаумен өткізген. Осы хоббидің жетегімен, ол әлемнің көп түкпірін аралап үлгерген. Қазірде оның үйі үйден гөрі жануарлар мұражайына келіңкірейді.
Аңшының коллекциясында аю, морж, керік, мүйізтұмсық, бегемот, тау ешкілері, газель, гепард, арыстан, маймыл, піл, зебра секілді жануарлар бар.
Жорждың айтуынша, ол өзінің алғашқы киігін солтүстік Квебекте жүріп атып алған. Ол содан кейін Британ Колумбиясына жол тартып, тағы екі жануарды өлтірген. Міне содан бері оның аңшылық өмірі басталған екен. Жорж осы уақытқа дейін 40-қа жуық елде аңшылық қылған.
Бірнеше жылдан соң, Жорж аулап алған аңдарын қатырып, үйіне әкеліп қоюды ойға алады.
Мамандардың есептеуінше, мұражайдың құны 5,3 миллион фунт стерлингті (8,7 миллион доллар) құрайды.

Алтын тағалы арғымақ
Өмірдерегінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың жылқышы болғаны айтылады. Бұл, әрине, аса таңырқай қоятын жәйт емес. Ал оның таға жинайтын әуестігі жөніндегі сөз біршама қ ызықтыруы әбден мүмкін.
Жылқышының баласы екен. Ат пен ат әбзелдеріне деген құмарлық адам жанының әуелден жылқыға жақындығынан негіз алса керек.
Таға жастайынан өмірдегі қым-қуыт әсерлерді сіңіре-сіңіре ақындық орбитасына көтеріліп кеткен ауыл баласының сонау қаршадайда бәйгеге шапқан балғын күндерінен бергі дәнекердей сезіледі. Осылардың ортасында ойға батып, шалқар шабытқа нәр алып отыратындай.
Ғалекең бастапқыда көзіне оттай басылып, көңілін баураған кәдімгі болат тағаларды жинастырып көрсе керек. Бірақ бұлар қала жағдайында бірталай қолайсыздық туғызады. Содан біртіндеп тағаның кәдесый пішініндегі түрлерінің оңтайлы екенін түсінеді. Ал іздесең, мұның алтынын да, күмісін де табуға болады. Және өте ыңғайлы. Эстетикалық жағынан сонша тартымды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет