Тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Алматының әсемдігіне сөз жетпейді. Қала Алатаудың баурайында орналасқан. Қаланың орталығында Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Көшелері оқтай түзу. Зәулім үйлер, театрлар мен жоғарғы оқу орындары көп. Алматы – ғылым мен мәдениеттің орталығы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын «Медеу» мұз айдыны да Алматыда. Алматыда дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы өседі.
Жауабын мәтіннен тап және астын сыз.
Алматы қаласы қайда орналасқан?
Қалада қандай өзендер бар?
Сұрақтың жауабын белгілеп көрсет: Иә (), Жоқ (×)
Дүниежүзіне әйгілі апорт алмасы Алматыда өсе ме?
Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей сұрақ құрастырып жаз.
|