Бағалау критерийлері
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
төмен
|
орташа
|
жоғары
|
Үйкеліс арқылы денені электрлендіру құбылысын сипаттайды
|
Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын сипаттау қиындық тудырады.
|
Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын түсіндіргенде қателерге жол береді.
|
Электрондардың бір денеден екінші денеге ауысуы арқылы денелер зарядталатынын түсіндіре алады.
|
Кулон заңын есептер шығаруда қолданады
|
Кулон заңын біледі, бірақ есептер шығарғанда қолдану қиындық тудырады.
|
Кулон заңын біледі, есептер шығарғанда қолданады, бірақ есептеулерде қате жібереді.
|
Кулон заңын біледі, есептер шығарғанда қолданады.
|
Электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын анықтайды
|
Кернеуліктің векторлық шама екенін ескермей, қателіктерге жол береді.
|
Кернеуліктің векторлық шама екенін біледі.
Есептеулерде кіші-гірім қателерге жол береді.
|
Кернеуліктің векторлық шама екенін біледі. Есептеулерде қателер жібермейді.
|
Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттайды
|
Конденсаторлардың құрылысын біледі бірақ қолданылуын сипаттау қиындық тудырады.
|
Конденсаторларды жалғау тәсілдерін қатысты есептеулерде кіші-гірім қателер жіберді.
|
Конденсаторлардың құрылысын біледі және қолданылуын сипаттайды.
|