Оқу мақсаттары 8.1.3.1 Атомда электрондар ядродан
арақашықтығы артқан сайын біртіндеп
энергетикалық деңгейлер бойынша
таралатынын түсіну
8.1.3.4 Алғашқы 20 химиялық элементтердің
электрондық конфигурациясын және
электронды – графикалық формулаларын жаза
білу
8.1.3.5 Атомдар электрондарды қабылдай немесе
жоғалта алатынын және осының нәтижесінде
иондар түзілетінін түсіну
8.1.3.6 «Нөлдік қосынды» әдісімен
қосылыстардың формуласын құрастыру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
• Атомдағы электрондардың энергетикалық
деңгейлерде орналасу ретін түсіндіреді.
• Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық және электронды - графикалық формулаларын
жазады.
• Қосып алатын немесе беретін электрондар саны
мен атом арасындағы байланысты анықтайды.
• «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың
формуласын құрастырады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу және түсіну, қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар 1. Келесі химиялық элементтер берілген: көміртек, натрий, фосфор, аргон.
Атом құрылысы және электрондардың энергетикалық деңгейлерде таралуы туралы тұжырымдар қай элементке қатысты айтылғанын анықтаңыз.
А) Сыртқы қабатында 1 электроны бар
В) Екі энергетикалық деңгейі бар
С) Сыртқы қабаты толық, аяқталған
D) 15 протоны, 15 электроны бар
С
Na
P
Ar
[2]
2. Химиялық элемент атомы мен электрондардың энергетикалық деңгейлерге таралуын сәйкестендіріңіз.
S А. 2е) 8е) 2е)
Al В. 2е) 8е) 8е) 1е)
K С. 2е) 8е ) 3е)
O D. 2е) 6е )
Mg Е. 2е) 8е )
Ne F. 2е) 8е) 6е)
[2]
3. Берілген химиялық элементтердің электрондық және графикалық формулаларын құрыңыз.
[2]
4. (а) Натрий және күкірт атомдарындағы электрондардың таралуын сызбаға нүктемен көрсетіңіз.
Натрий атомы Күкірт атомы [1]
(b) Натрий және күкірт атомдарының иондарға айналуының сызбасын көрсетіңіз.
Натрий ионы Күкірт ионы
[1]
(с) Cыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны мен ион түзу (катион немесе анионға айналу) қасиеттерінің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1] 5. Химиялық қосылыстың молекула құрамы бойынша «нөлдік қосынды» әдісімен формуласын құрастырыңыз.
Азот (ІІІ) пен сутек
_____________________________________________________________________
[1]