Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Казақ әдебиеті»



Pdf көрінісі
Дата23.01.2020
өлшемі239,36 Kb.
#56368
Байланысты:
!1-æÄÉ ñÑí¿ÑÔ 6¬½-2


 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

Жиынтық бағалауға арналған  

әдістемелік ұсыныстар 

 

«

Казақ әдебиеті» 

(оқыту қазақ тілінде) 



 

6-

сынып    

 

 



 

Әдістемелік  ұсыныстар  мұғалімге  6-сынып  оқушыларына  «Қазақ  әдебиеті»  пәні 

бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде 

құрастырылған.  Әдістемелік  ұсыныстар  6-сынып    «Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  ұзақ 

мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.  

Бөлім  /  ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалаудың  тапсырмалары  мұғалімге 

оқушылардың  тоқсан  бойынша  жоспарланған  оқу  мақсаттарына  жету  деңгейін  анықтауға 

мүмкіндік береді.   

Әдістемелік  ұсыныстарда  бөлім  /  ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалауды 

өткізуге  арналған  бағалау  критерийлері  мен  дескрипторлары  бар  тапсырмалар  ұсынылған. 

Сондай-ақ,  жинақта  оқушылардың  оқу  жетістіктерінің  мүмкін  деңгейлері  (рубрикалар) 

сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.  

Әдістемелік  ұсыныс  мұғалімдерге,  мектеп  әкімшілігіне,  білім  беру  бөлімінің 

әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа 

да мүдделі тұлғаларға арналған.  

 

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді 



ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды. 

  

 

 

 



МАЗМҰНЫ 

1-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ........................................ 4

 

Бөлім «Туған жерім - аялы алтын бесігім» .......................................................................................... 4 



2-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ...................................... 10

 

Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!» ........................................................................................................... 10 



3-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ...................................... 16

 

Бөлім «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» ................................................................................ 16 



4-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ...................................... 22

 

Бөлім «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» ................................................................................. 22 



 

 

 





1-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 

Бөлім «Туған жерім - аялы алтын бесігім»  

 

Оқылатын шығарма 

«Аяз би» ертегісі, «Алып Ер Тұңға» жыры 

 

Оқу мақсаты 

6.1.1.1  - 

әдеби  шығарманың  жанрын,  фабуласын,  сюжетін 

анықтау 


6.1.2.1  - 

әдеби  шығармада  көтерілген  әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені идеясы арқылы түсіндіру 

6.2.2.1 - 

эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор 

бейнесін анықтау 

 

Бағалау критерийі 

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының  

деңгейі 

Білім алушы 

• 

Идеясы арқылы әлеуметтік-қоғамдық мәселені 



анықтайды 

• 

Шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін 



ажыратады 

• 

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды 



 

Қолдану 


 

Орындау уақыты 

 

15-



20 минут 

 

Тапсырма 

1. 


Берілген үзіндіден көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені анықтаңыз. 

 

...Аяз би әділ болды. Тура билік етті, нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен 

жаман  тымағын  ордасының  маңдайшасына  шегелеп  қойды.  Кейде  хандықпен  көңілі 

ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын 

деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деп, көңілін басушы 

еді дейді. 

 

2. 


Бос бағанды толтырыңыз. 

Жырдың тақырыбы 



 

Әдеби жанры 



 

Негізгі идеясы 



 

Жыр сюжеті 



 

 

3. 


Жырдағы автордың бейнесін, ойын анықтаңыз. 

Алып - Ер Тұңға өлді ме? 

Опасыз дүние қалды ма? 

Заман өшін алды ма? 

Енді жүрек жыртылар... 

Тербетер салты мұндай-ақ, 

Бұдан да басқа сөз көп-ақ. 

Заман атса кезеп-ақ, 

Таулардың басы күйрелер...

 

 



 



Бағалау  критерийі 

Тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Идеясы арқылы 

әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені анықтайды 

шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  



мәселені анықтайды; 

Шығарманың жанрын, 



фабуласын, сюжетін 

ажыратады 

 

 

 



тақырыбын анықтайды; 





әдеби жанрын табады; 

негізгі идеясын анықтайды; 

жырдың сюжетін ашады; 

Шығармадағы автор 

бейнесін талдайды 

автор бейнесін ажыратады; 



ойын анықтайды. 

Барлығы 


 

 



«Туған жерім - аялы алтын бесігім» бөлімі бойынша  жиынтық бағалаудың нәтижесіне 

 

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

«Аяз би» ертегісі, «Алып Ер Тұңға» жыры 

 

 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Идеясы арқылы 

әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені анықтайды 

 

Шығармада көтерілген 



әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені анықтауда 

қиналады 

                     

Шығармада көтерілген 

әлеуметтік-қоғамдық  мәселені  

анықтауда қателіктер жібереді 

 

Шығармада көтерілген 



әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені анықтайды 

Шығарманың жанрын, 

фабуласын, сюжетін 

ажыратады 

 

Шығарма тақырыбын 



анықтауда, әдеби жанрын 

табуда, негізгі идеясын 

көрсетуде, жырдың сюжетін 

ашуда қиналады  

 

Шығарма тақырыбын 



анықтауда, әдеби жанрын 

табуда, негізгі идеясын 

көрсетуде, жырдың сюжетін 

ашуда қателеседі 

 

Шығарма тақырыбын 



анықтайды, әдеби жанрын 

табады, негізгі идеясын 

көрсетеді, жырдың сюжетін 

ашады 


 

Шығармадағы автор 

бейнесін анықтайды 

Автор бейнесін ажыратуда, 

ойын анықтауда қиналады 

Автор бейнесін ажыратуда, 

ойын анықтауда қателіктер 

жібереді 

Автор бейнесін ажыратады, 

ойын анықтайды 



Оқылатын шығарма 

 

Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте 



құрыштай бол төзімді»,  Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, 

қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» 

 

Оқу мақсаты 

6.2.1.1 - 

шығарма композициясындағы  белгілі бір 

эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау 

6.2.3.1 - 

шығармадағы көркем ауыстыруларды 

(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, 

литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау 

6.3.4.1 - 

шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі 

туралы сыни хабарлама жасау 

 

Бағалау критерийі 

 

 

 



 

 

 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Білім алушы 



 

• 

Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды 



• 

Көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, 

кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, 

антитеза, градация, арнау) ажыратады 

• 

Сыни хабарлама жазады 



 

Жоғары деңгей дағдылары 

 

Орындау уақыты 

15-


20 минут 

 

 

 

Тапсырма   

1. 


Өлеңді  оқып,  тақырыбы  мен  идеясын  анықтаңыз,  үзіндінің  маңыздылығына 

тоқталыңыз. 

 

Екі арыстан жау шапса, 



Оқ қылқандай шаншылса, 

Қан жусандай егілсе, 

Аққан судай төгілсе, 

Бетегелі Сарыарқаның бойында 

Соғысып өлген өкінбес! 

Қалаға  қабылан жаулар тигей ме, 

Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме, 

Қатарланып, қарланып, 

Қайран ер қарт күреңге мінгей ме! 

Қабырғадан   қараған 

Достым менен дұспаным: 

«

Апырым, ер Доспамбет!» дегей ме! ... 



 

2. 


Үзіндіден 2-3 көркемдегіш құралдарды (троп түрлерін) анықтаңыз. 

 

Қашықтасың туған жер - қалың елім, 

Не бір жүйрік болдырып жарау деген. 

Шаршадым мен Қанатым талды менің, 

Шаңқыт жолға сарылып қарауменен. 

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, 

Қасіреттің жасына көз жуынар. 

О, жаратқан, көп неткен ақымағың, 



Құм сықылды тез ысып, тез суынар. 

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, 

Әкімдікке күллісі жүгіреді, 

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, 

Жаным менің түршігіп, түнереді. 

Қайтейін мен көкжиек кеңдігімді. 

Келер күнге үмітпен жол ашамын. 

Соны медет етеді болашағым. 

 

 

3. 



Өлеңдегі  көтерілген  мәселенің  әлеуметтік  рөлі  туралы  құрылымын  сақтап,  сыни 

хабарлама  (шамамен 5-6 сөйлем) жасаңыз. 



 

Тіршілікте құрыштай бол төзімді, 

Сан мәртебе алдаса да өзіңді. 

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма 

Тіпті кейді болса да әзәзіл азғырған. 

Өрге жүзген өнегелі ісімен 

Таңда ал да дос, өз теңіңнің ішінен. 

Жүргендер көп достық атын малданып, 

Алайда тек қалма оған алданып. 

 

 



Бағалау  критерийі 

Тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Эпизодтың 

маңыздылығына 

негіздеме жасайды 

 



өлеңнің тақырыбы мен идеясын 

ажыратады; 



негізгі мәнін анықтайды; 



Көркем ауыстыруларды 

ажыратады 

 



 

көркемдегіш құралдарды (түрін) 

анықтайды; 

1 көркемдегіш құрал 

2 көркемдегіш құрал 

3 көркемдегіш құрал 

 

 



Сыни хабарлама жазады 



көтерілген мәселені анықтайды; 

әлеуметтік рөлін көрсетеді; 



сыни хабарлама жазады 

хабарлама құрылымын сақтайды 



 (

шамамен 5-6 сөйлем). 



Барлығы  



 

11 


 

 



«

Туған жерім - аялы алтын бесігім» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат 

(рубрика) 

Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»,  Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», 

«Айналайын, Ақ жайық» 

 

Білім алушының аты-жөні____________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Шығарма 


композициясындағы  белгілі 

бір эпизодтың алатын 

маңызына негіздеме 

жасайды 


 

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын 

ажыратуда, негізгі мәнін анықтауда 

қиналады 

 

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын 



ажыратуда, негізгі мәнін анықтауда 

қателеседі 

 

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын 



ажыратады, негізгі мәнін 

анықтайды 

 

Көркем 


ауыстыруларды 

ажыратады  

Көркемдегіш құралдарды анықтауда  

(1, 2, 3 көркемдегіш құралдар) 

қиналады 

Көркемдегіш құралдарды анықтауда  

(1, 2, 3 көркемдегіш құралдар) 

қателеседі 

Көркемдегіш құралдарды 

анықтайды  

 

Сыни хабарлама жасайды 



 

Көтерілген мәселені анықтауда, 

әлеуметтік рөлін көрсетуде, 

сыни хабарлама жазуда (шамамен 5-6 

сөйлем) қиналады  

Көтерілген мәселені анықтауда, 

әлеуметтік рөлін көрсетуде, 

сыни хабарлама жазуда (шамамен 5-6 

сөйлем)  қателіктер жібереді 

Көтерілген мәселені анықтайды, 

әлеуметтік рөлін көрсетеді, 

сыни хабарлама жазады (шамамен 

5-

6 сөйлем) 



 



 

2-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 

Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»  

                                                                               

Оқылатын шығарма 

Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз» 



Оқу мақсаты 

6.1.3.1  - 

әдеби  туындыдағы  кейіпкердің  типтерін  тек 

тұрғысынан сипаттау 

6.3.1.1  - 

шығармадағы  кейіпкерлерді  өзара  салыстыра 

отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру 

6.3.3.1  - 

шығармадағы  кейіпкерлер  қарым-қатынасын 

отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу 

 

Бағалау критерийі 

 

 



 

 

 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Білім алушы 

• 

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай 



анықтайды 

• 

Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып, 



тарихи және көркемдік құндылығына баға береді 

• 

Отбасылық құндылықты көрсетіп, әдеби эссе жазады 



 

Жоғары деңгей дағдылары 

 

Орындау уақыты                    15-20 минут 

 

Тапсырма 



1. 

Кейіпкерлердің типтік образын анықтап, кестені толтырыңыз.  

 

Мәтіндегі 1-бала 



Мәтіндегі 2-бала 

Типтік бейнесі 

 

 

 



 

2. 


Автор адамзат баласының жас кезі мен ұлғайған шағындағы бойда болатын өзгерістерін 

салыстыру  арқылы  нені  баса  назарда  ұстаған?  Берілген  үзіндінің  тарихи  және  көркемдік, 

отбасылық құндылығына баға беріп, құрылымын сақтап, әдеби эссе жазыңыз. 

 

«...

Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. 

Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, 

көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын 

қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін 

айтса  да,  ұқпаймыз.  Біреу  ақыл  айтса:  «Ой,  тәңірі-ай,  кімнен  кім  артық  дейсің!»  -  дейміз, 

артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз...» 

 

 

 

10 


Бағалау  критерийі 

Тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Кейіпкерлердің типтерін 

жасалу тәсілдеріне 

қарай анықтайды 

 



кейіпкер образын ажыратады;  

Шығармадағы 



кейіпкерлерді өзара 

салыстырып, тарихи 

және көркемдік 

құндылығына баға 

береді 

 



кейіпкерлерді салыстырады; 

берілген үзіндінің тарихи және 

көркемдік құндылығына баға береді; 



 

Отбасылық құндылықты 



көрсетіп, әдеби эссе 

жазады 


 

отбасылық құндылықты көрсетеді; 

 



 



эссенің құрылымын сақтайды 

кіріспе 


негізгі 

қорытынды 





Барлығы 

                                                                                               8 



 

 

11 



«

Абайды оқы, таңырқа!» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың 

нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз» 

Білім алушының аты-жөні ___________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Кейіпкерлердің типтерін 

жасалу тәсілдеріне қарай 

анықтайды 

 

Кейіпкер образын ажыратуда 



қиналады 

 

 



Кейіпкер образын ажыратуда 

 

қателеседі 



 

Кейіпкер образын ажыратады 

Шығармадағы кейіпкерлерді 

өзара салыстырып, тарихи 

және көркемдік құндылығына 

баға береді 

 

Кейіпкерлерді салыстыруда, 



берілген үзіндінің тарихи және 

көркемдік құндылығына баға 

беруде қиналады 

 

Кейіпкерлерді салыстыруда, 



берілген үзіндінің тарихи және 

көркемдік құндылығына баға 

беруде қателіктер жібереді 

 

Кейіпкерлерді салыстырады, 



берілген үзіндінің тарихи және 

көркемдік құндылығына баға 

береді  

 

Отбасылық құндылықты 



көрсетіп, әдеби эссе жазады 

Эссенің құрылымын сақтауда, 

(кіріспе, негізгі, қорытынды) 

отбасылық құндылықты 

көрсетуде қиналады 

 

Эссенің құрылымын сақтауда, 



(кіріспе, негізгі, қорытынды) 

отбасылық құндылықты 

көрсетуде қателеседі 

 

Эссенің құрылымын сақтайды, 



(кіріспе, негізгі, қорытынды) 

отбасылық құндылықты 

көрсетеді 

 

12 



 

Оқылатын шығарма 

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба», «Мен 

жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдері 

Оқу мақсаты 

6.2.2.1  - 

әдеби  шығармада  көтерілген  әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені идеясы арқылы түсіндіру 

6.2.1.1 - 

шығарма композициясындағы белгілі бір 

эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау 

 

Бағалау критерийі 

 

 

 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Білім алушы 

• 

Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-



қоғамдық  мәселені анықтайды 

• 

Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады 



 

Қолдану  

 

Орындау уақыты                                15-20 минут 

 

Тапсырма 

1. 


«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» шығармасында қандай әлеуметтік мәселе қозғалады, 

өз ойыңызды нақты дәлелмен, 3-4 сөйлеммен жазыңыз. 

 

2. 



Берілген өлең жолдарының мәнін ұғындырыңыз.  

 

Ғалым болмай немене 

Балалықты қисаңыз? 

Болмасаң да ұқсап бақ, 

Бір ғалымды көрсеңіз. 

Ондай болмақ қайда деп, 

Айтпа ғылым сүйсеңіз, 

Сізге ғылым кім берер, 

Жанбай жатып сөнсеңіз?... 

 

Қалай ойлайсыз, берілген өлең жолдары өлеңнің негізгі идеясы бола ала ма? Өз ойыңызды 



берілген эпизодтың маңыздылығын аша отырып, нақты дәлелмен жазыңыз (3-4 сөйлем). 

 

 



13 

Бағалау  критерийі 

Тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Идеясы арқылы 

шығармада көтерілген 

әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені анықтайды 

мәселені анықтайды; 



 

 



ойын білдіреді; 

 



Нақты эпизодтың 

маңыздылығын ашады 

 

нақты дәлелдер келтіреді; 



 

берілген өлең жолдарының мәнін 



ашады; 

 



өлеңнің идеясын анықтайды; 

 



эпизодтың маңыздылығын көрсетеді; 

 



дәлелін 3-4 сөйлеммен жазады. 

Барлығы  



 

14 



«... Абайды оқы, таңырқа» бөлімі бойынша  жиынтық бағалаудың нәтижесіне 

 

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» 

 

 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Идеясы арқылы 

шығармада көтерілген 

әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені анықтайды 

 

Мәселені анықтауда, 



ойын дәлелдеуде, 

өлеңнің идеясын анықтауда, 

3-

4 сөйлеммен жазуда 



қиналады 

 

Мәселені анықтауда, 



ойын дәлелдеуде, 

өлеңнің идеясын анықтауда, 

3-

4 сөйлеммен жазуда 



қателеседі 

 

Мәселені анықтайды, 



ойын дәлелдейді, 

өлеңнің идеясын анықтайды, 

3-

4 сөйлеммен жазады  



Нақты эпизодтың 

маңыздылығын ашады 

Эпизодтың маңыздылығын 

көрсетуде қиналады 

 

Эпизодтың маңыздылығын 



көрсетуде қателеседі 

 

Эпизодтың маңыздылығын 



көрсетеді 

 

 



 

 

 



15 

3-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 

Бөлім «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» 

 

Оқылатын шығарма 

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт 

ойы», С.Мұратбеков «Жусан иісі» 

Оқу мақсаты 

6.1.2.1  - 

әдеби  шығармада  көтерілген  әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені идеясы арқылы түсіндіру 

6.2.1.1  - 

шығарма  композициясындағы  белгілі  бір  эпизодтың 

алатын маңызына негіздеме жасау 

 

Бағалау критерийі 

 

 

 



Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Білім алушы 

• 

Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-



қоғамдық  мәселені анықтайды  

• 

Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады  



Қолдану  

 

Орындау уақыты                    15-20 минут 



 

Тапсырма 

1. 


Әдеби  шығармада  көтерілген  әлеуметтік-қоғамдық  мәселені  берілген  үзінділер  арқылы 

түсіндіріңіз.

 

 

Қ\с 



Шығармадан үзінділер 

Идеясы 


«...- 


Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін 

бастады. 

Сыбырлай  шыққан  даусында  өз  айтқанына  қалайда  қалтқысыз 

сендіретіндей  керемет  бір  күш  бар..  Ғажап  ертегілер  еді… 

Дүниедегі  жақсылық  атаулының  бәр-бәрі:  ерлік  те,  ізгілік  те, 

сұлулық  пен  ақылдылық  та,  әйтеуір  адамға  тән  не  бір  асыл 

қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян 

батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара 

борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: 

көк  семсерді  жарқ-жұрқ  еткізіп,  ат  ойнақтатып  жауға  қарсы 

арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді..» 

 

«..


Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана: 

− Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді.  

− Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап.- Жақсыдан қалған 

тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің 

әлі... 

Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты. 



− Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп. 

 

Біз,  балалар,  Аянды  кеп  уақытқа  дейін  еске  алып,  сөз  қылушы 



едік. 

Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала 

тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. 

Ал  тірі  болса  Жусандытөбеге  бір  оралмауы  қалай?!  Жусанның 

иісін сағынбауы мүмкін емес қой....» 

 

 

2. 



Автордың: «Тебем деп тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз-өзіме еткем егес»,- деп ой 

толғауының мәні неде деп ойлайсыз?  Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. 



 

16 


Бағалау  критерийі 

Тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Идеясы арқылы 

шығармада көтерілген 

әлеуметтік-қоғамдық  

мәселені анықтайды  

 

 

 



 

үзіндіні негізгі мәселені ажыратуда 



қолданады; 



көтерілген әлеуметтік-қоғамдық 

мәселені анықтайды; 



үзіндінің идеясын анықтайды; 



Нақты эпизодтың 

маңыздылығын талдайды 

автор сөзінің маңызын анықтайды; 



 

 



толғаудың мәнін ажыратады; 

 



өз ойын білдіреді. 

Барлығы  



 

17 



«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне 

 

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)  

 

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» 

С.Мұратбеков «Жусан иісі» 

 

   

Білім алушының аты-жөні ___________________________________ 

 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Идеясы арқылы шығармада 

көтерілген әлеуметтік-

қоғамдық  мәселені 

анықтайды  

 

Шығармада көтерілген 



әлеуметтік-қоғамдық 

мәселені, үзіндінің идеясын 

анықтауда қиналады 

 

Шығармада көтерілген әлеуметтік-



қоғамдық мәселені, үзіндінің 

идеясын анықтауда қателеседі  

Шығармада көтерілген әлеуметтік-

қоғамдық мәселені анықтайды, 

үзіндінің идеясын анықтайды 

 

Нақты эпизодтың 



маңыздылығын талдайды 

 

 



Автор сөзінің маңызын ашуда, 

өз ойын білдіруде қиналады 

Автор сөзінің маңызын ашуда, өз 

ойын білдіруде қателеседі 

Автор сөзінің маңызын ашады, өз 

ойын білдіреді 

 

 

18 



  

Оқылатын шығарма 

О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» 

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» 

Оқу мақсаты 

6.1.1.1  - 

әдеби  шығарманың  жанрын,  фабуласын,  сюжетін 

анықтау 


6.3.4.1 - 

шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі 

туралы сыни хабарлама жасау 

 

Бағалау критерийі 

 

 

 



 

 

 



Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Білім алушы 

• 

Шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін 



анықтайды 

• 

Негізгі мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни 



хабарлама жазады 

 

 



Жоғары деңгей дағдылары 

 

Орындау уақыты                                15-20 минут 

 

Тапсырма 

1. 


«Қажымұқан» шығармасының композициялық құрылымын жазыңыз.

 

Оқиғаның басталуы ____________________________________________________ 

Оқиғаның дамуы      ____________________________________________________ 

Оқиғаның шиеленісуі___________________________________________________ 

Оқиғаның шарықтау шегі________________________________________________ 

Оқиғаның шешімі      ___________________________________________________

 

 

2. 



Тортай досына кетерінде ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы, 

бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің?!» 

берілген сөйлем оқырманға қандай 

ой салады?  Шығармаға сыни хабарлама жазыңыз. 

 

 

19 



Бағалау  критерийі 

Тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Шығарманың жанрын, 

фабуласын, сюжетін 

анықтайды 

 



 

 

 



шығарманы құрылымына талдайды 

басталуы 

дамуы 

шиеленісі 



шарықтау шегі 

шешімі 




 



Негізгі мәселенің 

әлеуметтік рөлі туралы 

сыни хабарлама жазады 

 



өз пікірін білдіреді; 

әңгімеден өзіндік ой түйеді; 



сыни хабарлама жазады. 

Барлығы  



 

20 



 

«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» бөлімі бойынша  жиынтық бағалаудың нәтижесіне 

 

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

С.Мұратбеков «Жусан иісі» 

 

 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Шығарманың жанрын, 

фабуласын, сюжетін 

анықтайды 

 

Шығарманы құрылымына 



талдауда (басталуы, дамуы, 

шиеленісі, шарықтау шегі, 

шешімі)  қиналады  

Шығарманы құрылымына 

талдауда (басталуы, дамуы, 

шиеленісі, шарықтау шегі, 

шешімі)  қателеседі 

 

 



Шығарманы құрылымына 

талдайды (басталуы, дамуы, 

шиеленісі, шарықтау шегі, 

шешімі)  

Негізгі мәселенің 

әлеуметтік рөлі туралы 

сыни хабарлама жазады 

 

Өз пікірін білдіруде, 



әңгімеден өзіндік ой түюде, 

сыни талдау жазуда 

қиналады 

 

Өз пікірін білдіруде, 



әңгімеден өзіндік ой түюде, 

сыни талдау жазуда қателеседі 

Өз пікірін білдіреді, 

әңгімеден өзіндік ой түйеді, 

сыни талдау жазады 

21 


4-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 

Бөлім «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» 

                                                                              



Оқылатын шығарма 

Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 

А.Алтай «Прописка» 

Оқу мақсаты 

6.1.3.1 - 

әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек 

тұрғысынан сипаттау 

6.2.1.1 - 

шығарма композициясындағы  белгілі бір 

эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау 

 

 



Бағалау критерийі 

 

 



 

 

Ойлау дағдыларының 



деңгейі 

 

Білім алушы 

• 

Кейіпкерлерді тек тұрғысынан сипаттайды 



• 

Берілген эпизодқа талдау жасайды 

 

 

Жоғары деңгей дағдылары 



 

Орындау уақыты                                15-20 минут 

 

Тапсырма 

1. 

Ақын кейіпкері кім? Оны қалай сипаттайды? 



 

Алып қорғанның құлағанын көрдім,  

Небары алты жасымда. 

Алып тұлғалар жылағанын көрдім,  

Бастарын сүйеп ғасырға.  

Алып таулардың шайқалғанын көрдім,  

Алты жасымда соны ұқтым:  

Алып сөздерді айта алғанын көрдім,  

Ат төбеліндей халықтың... 

Тәуелсіздік ше? 

Ол – менің тегім,  

ұлдарыма оны дарыттым.  

Тәуелсіздік – мен,  

ол – менің асқақ аңызым, 

Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!! 

 

2. 


А.Алтайдың  «Прописка»  шығармасынан  маңызды  деп  тапқан  эпизодқа  талдау  жасап, 

себебін түсіндіріңіз. 

 

Маңызды эпизод 



Себебі 

 

 



 

 

 

3. 

Е.Жүністің  «Менің  атым  -  Тәуелсіздік»  өлеңі  негізінде  түйген  ойыңызды  таратып 

жазыңыз. 

 

 



 

22 


Бағалау  критерийі 

Тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Кейіпкерлерді 

сипаттайды 

өлеңнен кейіпкерді таниды; 



кейіпкердің сипатын анықтайды; 

Эпизод бойынша талдау 



жасайды 

 



маңызды эпизодты табады; 

маңыздылық себебін түсіндіреді; 



 



өлеңнен ой түйеді; 

 



 

ойын таратып жазады. 



 



Барлығы  

 



23 

«Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлімі бойынша  жиынтық бағалаудың нәтижесіне 

 

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 

А.Алтай «Прописка» 

 

 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Кейіпкерлерді 

сипаттайды 

Шығарма кейіпкерін тауып, 

талдауда қиналады 

Шығарма кейіпкерін танып, 

сипаттауда қателіктер жібереді 

 

Шығарма кейіпкерін таниды, 



талдайды 

Эпизодқа талдау жсайды 

 

Шығарма 


композициясындағы  белгілі 

бір эпизодтың алатын 

маңызына негіздеме жасауда, 

өлеңнен ой түюде, 

ойын 

таратып 


жазуда 

қиналады 

Шығарма композициясындағы  

белгілі бір эпизодтың алатын 

маңызын талдауда, өлеңнен ой 

түюде, ойын таратып жазуда 

қателіктер жібереді 

Шығарма 


композициясындағы  белгілі 

бір эпизодтың алатын 

маңызына негіздеме жасайды, 

өлеңнен ой түйеді, 

ойын таратып жазады  

 

24 


  

Оқылатын шығарма 

Р.Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным» 

Оқу мақсаты 

6.2.4.1 - 

әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып

шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер 

бейнесін сипаттап жазу 

6.3.3.1  - 

шығармадағы  кейіпкерлер  қарым-қатынасын 

отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу 

 

Бағалау критерийі 

 

 



 

 

 



 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Білім алушы 

• 

Кейіпкер бейнесін, табиғат көрінісін, оқиға орнын 



сипаттауда көркемдегіш құралдарды қолданады 

• 

Отбасылық құндылық тұрғысынан кейіпкерлерге 



талдау жасайды, әдеби эссе жазады   

 

 



Жоғары деңгей дағдылары 

 

Орындау уақыты                                15-20 минут 

 

Тапсырма 

1. 


Ақын ана тілін қалай сипаттайды? Сипаттауыңызды көркемдегіш құралдарды қолданып, 

3-4 


сөйлеммен жеткізіңіз. 

 

2. 



Дағыстандық суретші түбінде туған жеріне сағынышпен оралады, оны анасы кешіреді, ол 

туған  тілін  қайта  үйренеді  деген  оймен  келісесіз  бе?  Өз  көзқарасыңызды  отбасылық 

құндылық тұрғысынан талдаңыз, құрылымын сақтап,  әдеби эссе жазыңыз. 

 

 

 

Бағалау  критерийі 

Тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Кейіпкер бейнесін, 

табиғат көрінісін, оқиға 

орнын сипаттауда 

көркемдегіш құралдарды 

қолданады 

 



«Ана тілі» өлеңін өз сөзімен 

сипаттайды; 

ақын сипаттауына талдау жасайды; 



3-

4 сөйлеммен жеткізеді; 



Отбасылық құндылық 

тұрғысынан 

кейіпкерлерге талдау 

жасайды, әдеби эссе 

жазады   

 



отбасы құндылығын анықтайды; 



1

 

кейіпкерлерді талдайды; 



өз көзқарасын білдіреді; 

құрылымын сақтап, әдеби эссе 



жазады. 

Барлығы  



 



 

 

 

25 


«Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлімі бойынша  жиынтық бағалаудың нәтижесіне 

 

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

                                                                                    

Р.Ғамзатов «Ана тілі»,  «Менің Дағыстаным» 

 

Білім алушының аты-жөні____________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Кейіпкер бейнесін, табиғат 

көрінісін, оқиға орнын 

сипаттауда көркемдегіш 

құралдарды қолданады 

 

«Ана тілі» өлеңін өз сөзімен 

сипаттауда, ақын сипаттауына талдау 

жасауда қиналады 

«Ана тілі» өлеңін өз сөзімен 

сипаттауда, ақын сипаттауына талдау 

жасауда қателеседі 

«Ана тілі» өлеңін өз сөзімен 

сипаттайды, ақын сипаттауына 

талдау жасайды 

Отбасылық құндылық 

тұрғысынан кейіпкерлерге 

талдау жасайды, әдеби эссе 

жазады   

 

Отбасы құндылығын анықтауда, 



кейіпкерлерді талдай отырып, әдеби 

эссе жазуда қиналады 

Отбасы құндылығын анықтауда, 

кейіпкерлерді талдай отырып, әдеби 

эссе жазуда қателіктер жібереді 

Отбасы құндылығын анықтайды, 

кейіпкерлерді талдай отырып, 

әдеби эссе жазады 



 

 

 



 

 

 



 

26 

Document Outline

  • 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
    • Бөлім «Туған жерім - аялы алтын бесігім»
  • 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
    • Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»
  • 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
    • Бөлім «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»
  • 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
    • Бөлім «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет