3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда білім алушылардың білім, білік, дағдыларын
өлшеу құралы ретінде қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сандық мән, сөздер немесе
қысқа шешімі түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім
алушы тапсырманың толық шешімін және шешімін табудың қадамдарын көрсетуі қажет.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін
.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.
27