6.Келісу, келіспеу себептерін талқылаңыз.
Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен
алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым
қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз.
«Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге,
табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің
ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін
аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы,
найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы
өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың
жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы
да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат
құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды
физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді.
Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика,
негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді.
Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен
құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға,
құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға
ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық.
Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің
төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық
бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық
болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып
отырады.
lektsii.com/12-34114.htm
ЖОБА
6
Достарыңызбен бөлісу: |