«Жіктеу есімдігінің септелуі»



Дата25.01.2017
өлшемі58,44 Kb.
#7830
түріУрок
Урок по казахскому языку для 4 класса

Тема: «Жіктеу есімдігінің септелуі»

Жоспарланған нәтиже:

Білімді оқушылардың өздері меңгере алуына жағдай жасап, таным белсенділігін тудыруға талпындыру; іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру арқылы тақырыптың мазмұнын, оның ғылымилығын ашып, практикада қолдануға білімін қалыптастыру; есте сақтау, оқу, жазу техникасын, өз ойын тиянақты жеткізе білу дағдысын дамыту; білімді өздігінен алуға және өз-өзін бағалай, бақылай білуге тәрбиелеу.

Оқушы не білу керек? Оқушының білім-біліктілігіне қойылатын талаптар:


Білімі:

- есімдіктің ерекшелігін, түрлерін, жіктеу есімдігінің 3 жағы, жекеше, көпше түрін және олардың септелуін, жаттығуларына анализ жасай білу;

- өз-өзін бағалай білу, алған білімін жаттығуларда, тапсырмаларда қолдана білу, жаңа білімнің қажеттілігін түсіну.
Біліктілігі:

- есімдікті ажырата білу және оған мысал келтіріп жаза алу;

- жіктеу есімдіктерін ажыратып, септей алу.
Сабақтың өтілу сатылары:


  1. Психологиялық мотивация.

  2. Орындалған тапсырмалар бойынша зерттеу.

  3. Меңгерген білімдерін байқау.

  4. Жорға.

  5. Бағалау.

  6. Тапсырмаларын ұсыну. Жіктеу есімдігінен қандай өзгерісті байқадық?

  7. Балалардың қабілет ерекшеліктерін ескере отыратын деңгейлік тапсырмалар (карточкалар).

  8. Білімдерін зерттеу.

  9. Жіктеу есімдігі туралы не айтуға болады?

(жіктеу есімдігі септеледі, 3 жақта жіктеледі. Есім сөздердің орнына қолданылады, сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш болады)

  1. Терме диктант.

  2. ІІ деңгейлік тапсырма. 499-жаттығу (147 бет) топпен жұмыс.

І топ – кітап, білім, оқу туралымақал-мәтел жазу.

ІІ топ – «Кітапханада».

ІІІ топ – Есімдіктерді пайдаланып сөйлем құру.


  1. Ойын «Не артық?»

  2. 498-жаттығу (түсіндіріп жазу)

  3. Шығармашылық жұмыс. Наурыз туралы минишығарма.

  4. Рефлексия. Нәтиже. Бағалау.

  5. Үйге.


Сабақ түрі: Меңгерту, жетілдіру.
Сабақты ұйымдастыру түрлері: топпен, жеке-дара жұмыс.

Әдісі: талдау, жинақтау, топтау, салыстыру, қорытындылау.
І. Ұйымдастыру сатысы:

1. Сабақ мақсатын нақтылау.

2. Топжетекшілерінің есебі (Әр топ өзінеберілген тапсырманың орындалуы туралы).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Түсіндіріп, талдайды.


  1. І топ. Абай өлеңдерінен есімдігі бар 4 сөйлем жазу, олар қай септікте тұрғанын айыру.

ІІ топ. Есімдіктері бар 4 сөйлем жазу, олар қай септікте тұрғанын айыру.

ІІІ топ. 493-жаттығу (есептеу).



  1. Сонымен, жіктеу есімдігін септеу неге қажет?

(сөйлемдегі сөздердің байланысын, шығарма жазғанда бір сөзді қайталамау үшін).

ІІІ. Оқушының білімін жан-жақты тексеру кезеңі.

Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақтың ең негізгісін қайталай отырып, жетілдіру.


1. Аға оқушының сұрақтары. «Жорға».

- есімдік дегеніміз не?

- жіктеу есімдіктерін ата.

- осы, бұл, ана(у) – есімдіктің қай түрі?

- белгісіздік есімдіктерін білесің бе? (әр, әлде, біреу, әлдебіреу, әркім, бірнеше, т.б.).

- барлық, барша, күллі, бүкіл – есімдіктің қай түрі? (жалпылау)

- тағы қандай есімдіктің түрлерін білесіңдер? (болымсыз, сұрау, сөздік...)

- қай есімдіктердің құрамында сұрау есімдігі бар? (әлдеқашан, әлдекім, ешкім, ...)

- екі бірдей сілтеу есімдігінен құралған құс аты (бұлбұл)

- «сен» нешінші жақта? ( ІІ)

- «олар» нешінші жақта? (ІІІ)

- сұрау есімдіктеріне сұрақ қойыла ма? (жоқ)

- етікші құралына ұқсас қай есімдік? (біз)

- басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. Ол қандай есімдік? (сұрау)

- «маған» қай септікте? (жатыс)

- «ол» есімдігін табыс септігіне қой (оны)

- «мен» деген есімдік қай септіктің жалғауы? (көмектес)
2. Жинақтау.

- Сонымен, мағынасына қарай есімдіктің қандай түрлері бар екен?

(жіктеу, болымсыз, сұрау, белгісіз, жалпылау, сілтеу)

- Жіктеу есімдігі қадай өзгереді?

(жіктеу есімдігі септеледі, септелгенде «л» дыбысының орнына «н» дыбысы айтылады)
ІV. Жаңа білімді игеру.

Карточка. 1) Деңгейлік тапсырмалар.

Алгоритм бойынша өздік жұмыс.

(Белсенділігін арттыру)

І-деңгей. І-топ.


  1. Сөйлемнен жіктеу есімдігін тап. Қай сөйлем мүшесі?

  1. Сізге ағаңыз дән риза.

  2. Ол менің еңбегіме қуанды.

ІІ-топ.

  1. Біздің де жарқыраған жүзіміз бар.

  2. Мен саған өлеңмен жауап берем.

ІІІ-топ.

1. Оны жел көтеріп әкетті.

2. Ол сенің ауылда болғаныңды біледі.
2) Тексеру. Әр топтағы оқушылар тапсырманы оқып, түсіндіреді.

3) Қорытынды.

- Сонымен, орындалған тапсырмалардан жіктеу есімдігі туралы не айтуға болады?

(жіктеу есімдігі септеледі, 3 жақта жіктеледі, сөйлемде бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш болады)
V. Жаңа білімді пысықтау.

1. Терме диктанты. Оқылған сөйлемдерден есімдіктерді теріп жазу. Қай септікте тұрғанын айту.

Мен түнімен түс көрдім. Сенің әкең де олармен кетті. Біз бұл үйде тұрмаймыз.



2. Тексеру. Дауыстап оқыту, түсіндіру.

3. ІІ деңгейлк тапсырмалар орындау.

Оқулықпен жұмыс.

499-жаттығу. 147 бет. Өзіндік жұмыс (топпен жұмыс)

І-топ.

Кітап, білім, оқу туралы мақал-мәтелдер жазу. Зат есімдерді есімдікпен алмастыру.



ІІ-топ.

«Кітапханада» тақырыбына есімдіктерді қатыстырып шағын әңгіме мәтінін құрау (Мәтіннің түрін анықтау).

ІІІ-топ.

Кітапхана, кітап, білім туралы есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрастыру.


4. Тексеру. Дауыстап оқыту (499-жаттығуды).

5. Ойын. «Не артық?»

Мақсат: Есімдікті айыра білу.

Біз, сен, көктем, маған, кім, ешқашан, ешкім, еш нәрсе, әркім, бірнеше.

6. Оқулықпен жұмыс. 498-жаттығу.

7. Шығармашылық жұмыс.Наурыз туралы есімдік қатыстыра отырып шағын шығарма, өлең жазу.

І-топ. «Наурыз – жыл басы»

ІІ-топ. «Наурызкөже»

ІІІ-топ. «Көктем – Наурыз»



8. Тексеру. Оқыту. Есімдіктерді атау.
VI. Қорытынды. Нәтиже. Бағалау.

1.Сұраққа жауап:

- сонымен, бүгін сабақта есімдік туралы не білдік?

- есімдіктер зат есім, сан есім, сын есім, орнына қолданылады.

- 3 жақта жіктеледі, мысалы: Айгү лгүл екті. Ол гүл екті. ...

Мысалы: І Мен

ІІ Сен

ІІІ Ол


- септеледі. Атау септік – Ол. Ілік септік – ОНың. ...

- сөйлемде зат есімнің орнында болса бастауыш, толықтауыш, анықтауыш болады, сөйлем соңында келсе, баяндауыш болады.

- түрлері мағынасына қарай қандай болады?

- есімдікті білу неге қажет?

2. Әр топ жетекшілері өз оқушыларын бағалайды.
VII. Үйге тапсырма:

І-ІІ топ – 494-жаттығу (шағын әңгіме құрап жазу).



ІІІ топ – 500-жаттығу (есімдікті теріп жазу).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет