Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Қорқатын нәрсеңді істеуге тырыс



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата06.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#79156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
26 жылда қалыптасқан 26 қағида

6-қағида
Қорқатын нәрсеңді істеуге тырыс. 
Қорқынышыңа қарсы жүрген сайын ол азаяды.


Қорқатын нәрсеңді істеуге тырыс. 
Қорқынышыңа қарсы жүрген сайын ол азаяды.
Ең алғаш мектеп саxнасына шығып, өлең оқығаным есімде. 7-
сыныпта оқып жүрген кезім. "Мұқағали оқулары" болатын. Ақиық
ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқып беруім керек болды. Бұрын-
соңды жұрттың алдында өнер көрсетіп көрмеген менің сол кездегі
қорқынышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жалпы
"адамдағы ең үлкен қорқыныштардың бірі - елдің алдына шығып
сөйлеуден қорқу" деп жатады ғой. Алақаным терлеп, жанымды
қоярға жер таппадым. "Неге қатысам деп келісім бердім екен?
Тыныш жүре бергенім жақсы еді ғой" деп өзімді жазғыра бастадым.
Сөйтіп қорқып тұрғанда менің кезегім келді. Шықтым. Оқыдым.
Даусым дірілдеп, әйтеуір, айтып шықтым. Бірақ мойнымнан бір жүк
түскендей, жеңілдеп қалдым. Аса қорқатындай да нәрсе емес екен
ғой. Ең бастысы қорқынышыма қарсы алғашқы қадамымды жасадым.
Одан кейін де саxнаға шығып жүрдім, бір кезде мектеп театрында да
өнер көрсеттім. Шыңғысxанның рөлін сомдап бір қалалық конкурсқа
да қатысыппын. Ол кезде тек бір жеңіл қобалжу болатын. Бірақ
баяғыдай
қорықтым
дей
алмаймын.
Елдің
алдында
сөйлеу
қорқынышын жеңгендей болдым. Өмірде басқа да қорқыныштарым
болған. Бәрін ақырын-ақырын жеңіп келем. Түсінгенім, қорқыныш -
иллюзия!
Біз
қорқатын
нәрселердің
80-90%
ешқашан
орындалмайды
деп айтсам, қателеспейтін шығармын. Керісінше,
қорқатын нәрсеңді істеген сайын, қорқынышың сейіле береді.
Сенімділігің артады. Бұрынғыдан да мықты бола түсесің.
Қорқыныш барлық адамның бойында бар. Жүрегінің түгі бар батыл
адамдар да тура сіз сияқты қорқады. Бірақ олар қорықса да, оны
дұрыс қабылдап, қорқынышына қарсы жүруімен ерекшеленеді. Өскің
келсе, өзгергің келсе, өзіңнің шын мүмкіндіктеріңді білгің келсе,
қорқатын нәрсеңді істе!
13




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет