11-қағида
Шын ниетпен жасалған істің ғұмыры ұзақ болады.
Шын ниетпен жасалған істің ғұмыры ұзақ болады.
5-6 сыныпта оқып жүрген кезім. Мектебімізге бір студент апай
келіп, арапша сауат ашу (тәжуид) курсын өткізді. Курсқа 2-3-ақ
бала қатыстық. Әр сабақ қызықты өтетін. Арапша әріптермен
танысып, тәжуид ережелерін меңгеріп, Құранды түпнұсқадан
өзіміз оқи алатын деңгейге жеттік. Ол кісі діни сауатымызды да
ашты. Пайғамбарымыз
ﷺ
, мұсылманның парыздары жайлы
айтып беретін. Ол кезде дін қазіргідей кең тарамаған еді.
Апайымыз xиджапта болатын. Ол уақытта шариғат шәлісін
кигендерді онша көре бермейтін едік қой. Қазір еске алып, ол
кісінің
табандылығына,
ниетінің
шынайылығына
таңқалып
отырмын. 2-3 балаға бола апта сайын мектепке келіп, тегін сабақ
беретін. Әрқайсымызға "Мұғалим сәни" деген тәжуид кітапша
әперіп, сол бойынша үйреткен еді. Сол кітапша менің үйімде әлі
тұр. Мыжылған, ескірген, әрине. Тура сол кітапшамен, әдемірек
жаңа нұсқалары шықса да, қателеспесем, 4-5 адамға тәжуид
үйреткен шығармын. Не деген берекелі кітапша десеңізші!
Пайдасы әлі де тиіп жатыр. Бұл апайымның ықыласының
мықтылығын, ниетінің тазалығын көрсетіп тұр деп ойлаймын. Иә,
Алла разылығы үшін еш қайтарым күтпей шын ниетпен жасалған
істің ғұмыры да ұзақ, сауабы да жалғасып тұрады деген рас екен.
Ұстазымның есімі де есте қалыпты. "Әдемі". Қазір ол кісі қайда
екенін білмеймін. Бірақ алғысымды білдіргім келеді. Әдемі апай,
Алла разы болсын! Құранмен алғаш достастырған өзіңізсіз. Біздің
Құран оқып алған әрбір сауабымыз сізге де жазылсын.
Өлмейтін іс қалдырғыңыз келсе, әуелі ниетіңізді жөндеңіз.
Шынайы ниетпен жасалған істің ғұмыры ұзақ болады.
23
|