Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Мықты болғың келсе, мықтылардың арасында жүр



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата06.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#79156
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
26 жылда қалыптасқан 26 қағида

18-қағида
Мықты болғың келсе, мықтылардың арасында жүр.


Мықты болғың келсе, мықтылардың арасында жүр.
Кез келген салада тез өсудің бірден-бір жолы - сол саладағы
мықтылармен араласу, солардың арасында жүру. Мен оқыған
универде (IT) өз ісін керемет меңгерген мықты жігіттер көп болды.
Соларға жақын болуға тырыстым. Біразымен достасып та үлгердім.
Қандай кітап оқып жүргенін, немен айналысып жатқанын, бос
уақытында қандай іспен шұғылданатынын сұрап, үлгі алып, кейбір
әдеттерін бойыма сіңіріп, қатарларынан қалмауға тырысатынмын.
Айналамдағылар мықты болған соң, соларға қарап бой түзеп, өзім де
тез жетіле бастадым.
Иман жолында алғашқы қадамдарымды жасап жүргенде де
қоршаған ортам иманымды әлсіретіп алмай, қуаттап жүруіме септігін
тигізді. Әдепті, тәртіпті, көзі ашық, көкірегі ояу намазxан достарым аз
болмады. Сұxбаттарына қатысып, оларға қарап өз минустарымды
жөндеп, жақсы әдеттерін өз бойымнан көргім келді. Жалпы, "иманым
әлсіреп кетті, не істесем болады?" дейтіндерге "иманды, тақуа
жандардың арасында көбірек болуға тырысыңыз" дер едім.
Жұмысқа орналасқанымда, бізге бір ірі жобаны жүзеге асыру
жүктелді.
Компаниямызға
миллиондаған
долларлар
әкелетін
телекоммуникациялық жоба. Маған артылған жауапкершілік үлкен
еді.
Универді енді бітірген кезім. Теорияны мықты білгенім болмаса,
тәжірибем жоқтың қасы болатын. Соған қарамастан маған сондай
үлкен істі сеніп тапсырғанына әлі де таңқаламын. Ресейлік
инженерлермен бірге жұмыс істейтін болдық. Олар енді эксперттер,
сөз жоқ. Өз ісінің майталмандары. Олармен бірге өткізген 1.5-2
айдың ішінде кәсіби деңгейім едәуір өсті. Көп нәрсе үйрендім. 3-4
жылда жинайтын тәжірибе, білім-білікті осы қысқа уақыттың ішінде
алдым десем де болады.
Мықты болғыңыз келсе, өзіңізді мықтылармен қоршаңыз. Аз уақытта
солардың қатарына қосыласыз.
37




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет