Жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы тәуелділікке берілген өзара кері есептер



Pdf көрінісі
Дата24.02.2020
өлшемі174,08 Kb.
#58959
Байланысты:
32-такырып (1)


Жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы тәуелділікке берілген 

өзара кері есептер. 

 

Жылдамдық, уақыт, қашықтық арасындағы тәуелділік берілген өзара кері 

есептерді қарастырамыз. Бұл үш шама былайша белгіленеді:  

S – арақашықтық (жол) 

t –  S қашықтық өтілген уақыт 

v – қозғалыс жылдамдығы 

Жылдамдық – уақыт бірлігі арасында жүрілген жол.  

Жылдамдықтың  мынандай  өлшем  бірліктері  жиі  қолданылады:  метр/ 

секунд (м/с), метр\ минут (м/мин), километр\сағ (км/сағ). 

Қозғалысқа  берілген  есептерде  барлық  уақыт  ішінде  жылдамдық 

өзгермейді  деп  есептелген.  Барлық  уақыт  ішінде  жылдамдық  өзгермейтін 

қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.  

Мысалы,  жаяу  адам  20км/сағ  емес,  3км/сағ,  5км/сағ  жүре  алады,  ғарыш 

кемесі 9км/сағ емес, 9км/с ұшады.  

Осындай есептерді шығару үшін ережелерді білу қажет:  

Қашықтықты  табу  үшін  қозғалыс  жылдамдығын  қозғалыс  уақытына 

көбейтеміз.  

S=v•t  

1.  Қозғалыс  жылдамдығын  табу  үшін  жүрілген  қашықтықты    қозғалыс 

уақытына бөлу қажет.  

v=S:t  

2.  Қозғалыс  уақытын  табу  үшін  жүрілген  қашықтықты  қозғалыс 

жылдамдығына бөлу қажет.  

t=S:v  

Қозғалысқа  берілген  есептерді  сызба  түрінде  келтірсек  не  кестеге 

түсірсек, тіпті екеуін де пайдалансақ, әлдеқайда жеңіл шешіледі. 

Нақты мына есепті қарастырайық: 

Ұшатын  табақ  60  км/с  жылдамдықпен  ұшады.  4  секундта  ол  қандай 

қашықтықты ұшып өтеді? 

Есептің қысқаша жазылуын кесте түрінде көрсетеміз: 





60км/с 


4с 

?км 


Сонымен бірге есептің қысқаша жазылуын сызбаға да түсіруге болады: 

    v=60км/с 

 

 

 



 

                    t=4с 

 

 

 



 

 

 



                                                                   ?км 

Сонымен, бізге қашықтық белгісіз. Ережені есімізге түсіреміз: 

Қашықтықты  табу  үшін  қозғалыс  жылдамдығын  қозғалыс  уақытына 

көбейтеміз. 



S=v•t – жолдың формуласы 

Сонда: 


1)  60•4=240(км)  

Жауабы: ұшатын табақ 240 км қашықтықты ұшып өтеді. 

Кері есептер құрастырамыз да шығарамыз.  

Есеп. 


Ұшатын  табақ  4  секундта  240  км  ұшады.  Ұшатын  табақ  қандай 

жылдамдықпен ұшады? 

Есептің қысқаша жазылуын кестеге түсіреміз: 





? км/с 


4с 

240км 


Қашықтық – 240 км. Қозғалыс жылдамдығы делініп кеткен. 

 

Есептің қысқаша жазылуын сызбаға да түсіруге болады: 



    v=?км/с 

 

 



 

 

                    t=4с 



 

 

 



 

 

 



                                                                   240км 

 

Сонымен, бізге жылдамдық белгісіз.  



Ережені есімізге түсіреміз: 

Қозғалыс  жылдамдығын  табу  үшін  жүрілген  қашықтықты  қозғалыс 

уақытына бөлеміз.  

v=S:t 

Сонда: 


2)  240:4=60(км/с)  

Жауабы: Ұшатын табақ 60км/с жылдамдықпен ұшады. 

Тағы бір кері есеп құрастырамыз. 

Есеп.  


Ұшатын табақ 60км/с жылдамдықпен ұшады.  240 км ол қанша уақытта 

ұшып өтеді? 

Есептің қысқаша жазылуын кестеге түсіреміз: 





60км/с 


?с 

240км 


Есептің қысқаша жазылуын сызбаға да түсіруге болады: 

    v=60км/с 

 

 

 



 

                    t=?с 

 

 

 



 

 

 



                                                                   240км 

Сонымен, бізге қозғалыс уақыты белгісіз. Ережені есімізге түсіреміз: 

Қозғалыс 

уақытын 

табу 


үшін 

жүрілген 

қашықтықты 

қозғалыс 

жылдамдығына бөлеміз.   

t=S:v 

Сонда: 


1)  240:60=4(с) Оқылуы 240-ты 60-қа бөлгенде, 4 шығады. 

Жауабы: 240 км ол 4 секундта ұшып өтеді. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет