2000 жыл 2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Қауымдастықты құру туралы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан қол қойды.Кейіннен қауымдастық Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты алынып тасталды.
2001 жыл Еліміз Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Сол жылы Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді. 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансеврациялық магистраль «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы басталды. Әуежайлар мен Каспий теңіз порты қайта құрылды. Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.