Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІРТАЛАСТАР



бет67/102
Дата14.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#172462
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102
Байланысты:
1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
РМ ОМ 1курсс каз. №10, Сөзжасам саласындағы туынды сөз бен туынды түбір, ҚАЗІРГІҚАЗАҚТІЛІНДЕГІҮСТЕУСӨЗТАБЫНЫҢСӨЗЖАСАМДЫҚЖҰРНАҚТАРЫ, Пр.р 7 (1), download, download, рефервт, тест (5)
47. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІРТАЛАСТАР
Революцияға дейінгі (1917) жазылған грамматикаларда сын есімнің шырай категориясының аты аталса да, оларды жеке алып тексеріп, «шырау категориясы – мынау» деген арнаулы еңбек кездеспейді. Ал мектеп грамматикаларында айтылатын шырай категориясының үлгісі Катаринский жазған кітап бойынша берілген. Әңгіме оның авторында емес, сол кітаптың ғылыми дәрежесінде. Кітап Октябрь революциясына дейінгі шыққан грамматикалардың ішіндегі ең толығырақ жазылған деп танылады. Сондықтан сын есімнің шырайы туралы айтылғанын толық келтіруді жөн көрдім: «Сапалық сын есімдерді салыстырудың үш дәрежесі болады. Салыстырмалы шырай -рақ, -рек жұрнақтарын қосу арқылы жасалады: жақсы – жақсырақ».
Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең:
• Н. Ильминский, М. Терентьев, П. Мелиоранский, Н. Созонтов еңбектерінде -шыл, -шіл, -ғыл, -ғылт, -лау, -ша жұрнақтары сын есім тудырушы жұрнақтар ретінде беріледі де, шырай көрсеткіштері қатарында қарастырылмайды.
• М. Терентьев, П. Мелиоранский, И. Лаптев еңбектерінде салыстырмалы, таңдаулы шырай деп шырайдың екі түрі көрсетілген. Н. Созонтов үш шырайды атап, жай шырай түрін де шырай катарында қарастырады. М. Терентьев, Н. Созонтов, И. Лаптев еңбектерінде таңдаулы шырайдың жасалу жолдарын түсіндіре келіп, ең, тым т.б. сөздерімен қатар рас, тымақ сөздерін де атайды.
• М. Терентьев, П. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов еңбектерінде сын есімнің зат есім, үстеудің орнына жүретіні туралы айтылады.
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезең:
• А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгерұлы еңбектерінде рас, тымақ сөздері шырай көрсеткіштері ретінде берілмеген.
• А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгерұлы қатыстық сын есімдердің жасалу жолдарын көрсетеді.
• Қ. Кемеңгерұлы сапалық сын есімдерден кейін -сымақ, -шыл, -нікі, -лық, -лы, -лау, -шылық, -дай жұрнақтары жалғана алатынын айтады.
• Қ. Кемеңгерұлы сын есімнің жасалуы (жұрнақ жалғану арқылы, тіркесу арқылы, бірігу, қосарлану арқылы) сөзжасамда арнайы қарастырады.
Ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең:
• А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгерұлы еңбектерінде -шыл, -шіл, -ғыл, -ғылт, -лау, -ша жұрнақтары сын есім тудырушы қосымша жұрнақтары ретінде беріледі, шырай көрсеткіштері қатарында қарастырылмайды.
• А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов еңбектерінде үш шырайды атап, жай шырай түрін де шырай қатарында қарастырады. Қ. Кемеңгерұлы екі түрлі шырайды (салыстырмалы, таңдаулы) атап, жай шырайды шырай қатарында қарастырмайды.
• А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгерұлы еңбектерінде сын есімнің затсымақтанатыны (субстантивизация), үстеусімектенетіні (адвербиализация) айтылады.
• А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгерұлы сын есімдерді сапалық және қатыстық деп топтастырады.
А. Байтұрсынұлы: «Сыр сынында үш шырай бар: 1. Жай шырай. 2. Талғаулы шырай. 3. Таңдаулы шырай. Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді. Мәселен: жақсы атан, жаман қой, тентек бала, жуас aт, шорқақ кісі, қызыл шүберек, биік ағаш уа ғайри сондайлар. Талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі я кемдігін көрсетеді; оны көрсету үшін жай сындағы сөзге «-рақ», «-рек» деген талғау қосымшалары жалғанады. «-рақ» қосымша жуан сөзге, «-рек» қосымша жіңішке сөзге тіркеледі. Мәселен: жақсы-жақсырақ жаман-жаманырақ, зерек-зерегірек, семіз-семізірек уа ғайри солайша.
«-рақ», «-рек» қосымшаларсыз талғау шырай да болады. Мәселен: Сиырдан жылқы биік; Аттан атан мықты; Қарағайдан қайың аласа; Асаннан Досан кіші; Темірден ағаш жеңіл уа ғайри сондай. Талғау шырайын күшейткенде, көптеген сөз қосылып айтылады. Мәселен: Сиыр түйеден көп аласа; Қой аттан көп арзан; Талдан қарағай көп биік; Темірден ағаш көп жеңіл уа ғайри солай.
Таңдаулы шырай нәрсенің сиқы өте артық екендігін көрсетеді. Оны көрсету үшін жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, тaп, тым, бек, хас деген сөздер қосылып айтылады. Мәселен: ең жақсы, нақ шешен, тап зерек, тым қорқақ, бек нәзік, хас батыр уа ғайри сондайлар.
Таңдаулы шырай екінші түрлі де болады: жай шырайдағы сөз таңдаулы шырайға түсуге бас дыбыстары бөлек алынып, оған «-п» дыбысы жалғанып, сол бөлектенген дыбыстар сөз алдына қойылып айтыла. Мәселен: анық – ап-анық, аулақ – ап-аулақ, шолақ – шоп-шолақ, қысқа – қып-қысқа, тайпақ – тап-тайпақ, жалпақ – жап-жалпақ, семіз – сеп-семіз, ақшам – ап-ақшам уа ғайри сондайлар.
Кейде таңдау қосалқы сөздердің орнына басқа сөздер де жүреді. Мәселен: өте жақсы, айрықша жүйрік, аса құнтақты, тіпті әдемі, артықша шебер. Өте, айрықша, артықша, тіпті, аса деген сөздер мұнда ең, нақ тым бек, хас деген сөздердің орнында айтылып тұр».
Ы.Маманов сын есімнің шырай формаларының грамматикалық мағыналары тұрақты сапаның артық, кемдік дәрежесін білдіретінін айта келіп, кейбір грамматикалық формалар контекске және түбір сөздің семантикасына байланысты өзінің негізгі грамматикалық мағынасынан ауытқып, әртүрлі мағына білдіруі мүмкін екенін ескертеді. Күшейтпелі шырай тұлғалары «заттың айқын белгісі» сипаттарын актуалдандыра отырып, морфологиялық мән қалыптастырады. Мысалы: Қазақ даласына тараған ең үлкен індет – сонау атам заманнан бері сілімтігін сүйретіп, осы күні өлексесі қалған домалақ арыз (С.Жүнісов, Жапандағы.). Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін, Арзандап кеттік, ағайындар-ау, неге тым? Құшынаш болып кетпесек біздер жарады, Көрінген жанға ішірткі жазып беретін (М.Мақатаев, Шығ.). Алюминий, силумин, натрий сульфаты, калий т.б. өндірудің өте бағалы комплексті шикізаты болып саналатын диспордың, алуниттің, кианиттің, андалузиттің, серициттің өте ірі қоры Кенді Алтайдағы екінші дәрежелі кварциттер деп аталатындардың құрамында өте мол (Қ.Сәтбаев, Қазақст.).
А.Ысқақов сын есім төрт түрлі шырайы бар екенін айта келіп, жай шырайды шырай қатарында атайды. Қазақ тіл білімінде жай шырайды тануға байланысты екі түрлі бағыт бар:
1) жай шырайды шырайдың бір түрі ретінде қарастыратын еңбектер: Н.Созонтов, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, «Қазіргі қазақ тілі», А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі»;
2) шырай қатарына жай шырайды қоспайтын еңбектер: М.Терентьев, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Қ.Кемеңгерұлы, Ғ.Мұсабаев «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары»; «Современный казахский язык»; «Қазақ тілінің грамматикасы»; Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі», С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» т.с.c.
Бұл орайда С.Исаев былай дейді: «Тек шырай түрлеріне негіз болатын, ал өзі шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық қатар құрай алмайтын, сөйтіп басқа түрлермен тепе-тең парадигмалық жүйе жасай алмайтын тұлға, ол категорияның ішіне, шеңберіне кіре алмайды... Сапалық сын есім тұлғасы мен жай шырай деген ұғым бір болса, ол бір ұғымды, біріншіден, екі түрлі атағаннан не ұтамыз? Екіншіден, категориялық түрлену тұлғаларына негіз болатын тұлға ол категорияға (шырай түріне) енбейді».
Қазақ тіл білімінде күшейтпелі шырай былайша сипатталады: «Күшейтпелі шырай бір заттың бастапқы сынын, белгісін күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады. Ол, біріншіден, күшейтпелі буын арқылы жасалады. Екіншіден, өте, аса, ең, тым, тіпті т.б. күшейтпелі үстеулер арқылы жасалады». Бұл орайда Н.Оралбайдың пікірі назар аударарлық. Ғалым сапа сынының мағынасын күшейтіп, сапаның жоғары дәрежесін білдіретін өте, ең, тіпті, тіптен, тым, орасан, керемет сияқты көмекшілерді күшейткіш көмекші деп атайды: өте жақсы, аса тар, ең қызық, тіпті үлкен, тіптен жексұрын, тым кең, орасан қызық, керемет әдемі т.б. Н.Оралбай үстеудің лексикалық мағыналы сөздер екенін ескерте келіп, олар грамматикалық категорияның көрсеткіші қызметін атқармайтындығын, бұл қызмет күшейткіш көмекшілерге тән болатынын айтады. Күшейткіш көмекшілерге: «грамматикалық мағына білдіретін, грамматикалық категорияның сөз тұлғасын жасайтын грамматикалық бірліктер», – деп анықтама бере отырып, ғалым өте, ең, тіпті, тіптен, тым, орасан, керемет сияқты сөздерді күшейткіш көмекшілерге жатқызу керектігін айтады.
Күшейтпелі шырай жасауға қатысатын күшейткіш үстеулерін тануда да қазақ тіл білімінде түрлі көзқарастар кездеседі. А.Байтұрсынұлы күшейтпелі (таңдаулы – А.Б.) шырайдың ең, нақ, тап, тым, бек, қас сөздердің қатысуымен жасалатынын айтады. М.Терентьев, И.Лаптев, Н.Созонтов еңбектерінде күшейтпелі шырайдың жасалу жолдарын түсіндіре келіп, ең, тым т.б. сөздерімен қатар рас, тымақ сөздерін де атайды. Ал А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде рас, тымақ сөздері шырай көрсеткіштері ретінде берілмеген.
Қ.Жұбановтың сын есімді, шырайларды түсіндіруі өзіне дейінгі ғалымдардан өзгешелеу. Ғалым шырайдың 6 түрін көрсетеді: жай шырай, кесімді-араластырмалы шырай, салыстырмалы шағын шырай, жалаң шағын шырай, таңдаулы шырай, орта шырай. А.Байтұрсынұлы талғау шырайдың сын есімнің көп сөзімен тіркесуі арқылы жасала алатынан айтса, Қ.Жұбанов бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, бір дәуір, едәуір сөздерінің қатысуымен жасалған шырайды орта шырай деп бөлек береді. Қ.Жұбанов тұжырымдары кейін І.Кеңесбаев, С.Аманжолов еңбектерінде сабақтастық тауып, ғалымдар -ақ демеулігін таңдаулы шырай көрсеткіші ретінде атайды. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде бұл демеулік шырай көрсеткіштері қатарында берілмейді. Бұл орайда ғалымдар -ақ демеулігінің үнемі таңдаулы шырай мәнінде қолданыла алмайтынын, кейде шектеу (өзі-ақ, жалғыз-ақ) мәнінде де т.б. жұмсалатынын, кез келген сын есімге тіркесе алмайтынын ескерген болуы керек.
Салыстырмалы шырай үшін бір-біріне қарсы қойылатын, салыстырылатын заттардың болуы (жасырын тұрса да) міндетті болса, күшейтпелі шырай үшін ол міндетті емес. Мұнда заттың бойындағы ерекше сапаға мән беріледі, ол басқа затпен салыстырыла бермейді. Оны мына мысалдардан да аңғаруға болады: Шыбындай қырылып жатыр, – деген сөздерін өте орасан көріп: – Алыпқашты өсек, өтірік деген осындайдан шығады-ау, – деп қойды (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Асқар тауды ардақтайды ел қайда да, Асқар таудай адам болу тым қиын. Адам болмай, ағам болсаң жай ғана, Онда маған ағалығың бір тиын! (М.Шаханов, Ғасырлар.). Қайда көрсең кінәмшіл, Исабай тым шыдамсыз... Ашуланшақ, арызкеш, Мінезі бар ұнамсыз (Ш.Смаханұлы, Шимайбек.). Баяғыда жайлауда бір түнде жылқыға жау тиіп, «аттан» шығып, ауыл алай-түлей шаба жөнеліп жатқанда жаңағы «Жайбасар» үй ішінде ең алғаш бір асыққаны ғой. Қалбаң қағып, аптығып жүріп есікті таба алмай қапты (М.Әуезов, Шығ.). Қағадат ул-ахир-дұғаның ақырында Аллаға тахият, одан тәшәһһуд, одан салауат пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлемге айтпақ үшін ең ақырғы сәлемменен тауысасыз, яғни Алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз (Абай, Тол. жин.). Ең бірінші бақытым – халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің (М.Мақатаев, Шығ.).
Келтірілген мысалдарда күшейтпелі шырай екі затты салыстыру негізінде туындамаған, ол заттың қандай да бір белгісін ерекшелеу мәнін үстеп тұр. Күшейткіш үстеулердің сөз мағынасын күшейтіп, нықтауына байланысты А.Байтұрсынұлы оларды нықтаулық үстеулер деп атаған. Күшейтпелі шырай тұлғалары «заттың айқын белгісі» мәнін актуалдандырып, мәнмәтін және семантикалық факторлардың көмегімен нақтылана түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет