Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


МЕКЕН ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



бет71/102
Дата14.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#172462
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102
Байланысты:
1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
РМ ОМ 1курсс каз. №10, Сөзжасам саласындағы туынды сөз бен туынды түбір, ҚАЗІРГІҚАЗАҚТІЛІНДЕГІҮСТЕУСӨЗТАБЫНЫҢСӨЗЖАСАМДЫҚЖҰРНАҚТАРЫ, Пр.р 7 (1), download, download, рефервт, тест (5)
52. МЕКЕН ҮСТЕУЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Ақымет Байтұрсынов «Тіл – құрал» 197-бет бойынша:
Мекендік үстеу дейміз – істің мекенін көрсететін сөздерді. Мекендік үстеу болатын зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың мекендік үстеу екен-емесін сұраудан айыра- мыз. Мекендік үстеу сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға жауап болмаған сөздер мекендік үстеу болмайды.
Тыста жатыр, қалаға барды, жайлаудан қайтты дейміз. «Тыста», «қалаға», «жайлаудан» деген сөздер қайда?, қайдан? деп сұрағанға жауап болады (жатыр қайда? – тыста, барды қайда? – қалаға, қайтты қайдан? – жайлаудан). Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Онда бармады, мұнда келді дейміз. «Онда», «мұнда» деген сөздер қайда? қайдан? деп сұрағанға жауап болады (бармады қайда? – онда, келді қайда? – мұнда). Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.
А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» 341-342 беттер бойынша:
Мекен үстеулері қимылдың орнын (мекенін), бағытын білдіреді де, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді.
Мекен үстеулеріне мынадай сөздер жатады: ілгері, ілгеріде, әрі, әріде, әрмен, кері, жоғары, төмен, жолшыбай, жол-жөнекей, алға, артта, алды-артынан, тысқары, әлдеқайда, сонда, осында, мұнда, былай, одан-бұдан, т.б.
53. МОРФОЛОГИЯНЫҢ БАСТЫ ҰҒЫМДАРЫ, НЫСАНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Грамматика гректің grammatike – оқи алу, жаза білу деген сөзінен шыққан. Грамматика сөздердің түрленуін, грамматикалық мағыналарын, сөздердің құрамын, бір-бірімен тіркесуін, олардың арасындағы байланысты, сөйлем құрау ерекшеліктерін қарастырады. Грамматика өз ішінен екі салаға жіктеледі: морфология және синтаксис.
Морфология гректiң morphos – форма, logos – iлiм, сөзбе-сөз аударғанда түр (форма) туралы ғылым немесе түрдi (форманы), сөз таптарын зерттейтiн ғылым деген түсiнiктi бiлдiредi. Ал морфологиялық талдау сөзді түбірге, қосымшаларға бөлу, сонымен бірге әрбір қосымшаның тудырып тұрған грамматикалық мәнін, атын білуді талап етеді. Бұл жерде өсiмдiк морфологиясы, тiрi ағзалардың морфологиясы, жер бедерiнiң (рельефiнiң) морфологиясы сияқты ұғымдар басым түсiп жатады. Ал лингвистикада бұл терминнiң бiлдiрер ұғымы басқа. Лингвистикалық морфологияның зерттейтiн пәнi сөз түрлерiн, дұрысын айтқанда, сөз формаларын, нақты айтқанда, сөздi зерттейтiн ғылым. Сондықтан морфологияның зерттеу нысаны – сөз. Бiрақ морфология сөз формаларының шеңберiнен шығып, кей жағдайларда олардың мағынасын да, тiркесiмдерiн де қарастырады. Айталық, А.Ысқақовтың оқулығында сөздiң морфологиялық аспектiсi лексикалық аспектiмен аралас сипатталады, сөздiң кейбiр синтаксистiк байланыс түрлерi мен мағыналық өзгерiстерi қарастырылады.
Лексикалық тұрғыдан алғанда, бала, кітап, қалам сөздерінің білдіретін мағынасы алуан түрлі болғанмен, морфологиялық тұрғыдан алғанда, бұл сөздердің бәрі де – заттың атын білдіргендіктен, зат есім, дара, түбір, жекеше тұлғада, атау септігінде тұрған тілдік бірлік болып есептеледі.
Сөздер құрамына қарай дара, күрделі болып жіктеледі.
Негізгі түбір немесе туынды түбір болатын бір ғана сөзден тұратын сөз дара сөз деп аталады. Мысалы: кеме, тінтуір, ұшақ, оқушы, қала, құрлық, т.с.с.
Лексикалық мағынасы бар, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін сөз бөлшегі негізгі түбір немесе түбір сөз деп аталады. Мысалы: су, ауа, бала, ана, ет, бас, т.с.с.
Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөз туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Мысалы: балалық, бөлшек, білімді, оқулық, көрермен, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет