Жылдардағы Қазақстандағы демографиялық процестер тақырыбында пікір алмасы



Дата14.12.2021
өлшемі113,08 Kb.
#126412
Байланысты:
СӨЖ10


10 апта

10 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы демографиялық процестер тақырыбында пікір алмасы.



Қазақ жері XX ғасырдың 70-90 жылдар аралығында демографиялық ахуалы нашар болды.Оған көптеген себептер әсер етті. Семейде ядролық полигон, Балқаш көлінің тартылуы, Арал теңізінің тартылуына т.б көптеген апаттар

Демографияға өз әсерін тигізді.

Семей полигонында жарылыс болған кездері сол жерге жақын ауыл тұрғындары түрлі ауруларға шалдығып, бала туу көрсеткішіде төмендеді туылғанның өзінде генетикалық ауруға шалдығып туылды.

Арал теңізінің халыққа әсері Өзбекстан жерінен Амудария мен Сырдария өзендерінен су келмей

Арал теңізі тартылып, су бетіне тұз шөгінділері пайда болып,улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Соның салдарынан мыңдаған тұрғын өз туған жерлерін тастап , көшіп кеткен болатын.

Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.

Невада Семей қозғалысы

1
989 жылы ақпаңда «Невада – Семей» деп аталатын ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс дүниеге келді. Қазақстандық ядролық қарусыз дүние үшін күресушілер өздерінің невадалық әріптестеріне достық ниеттерін білдірді. Қозғалыстың негізгі мақсаты Семей полигоны, әлемдегі басқа да ядролық қаруға қарсы күресушілер әлемнің түрлі елдеріңдегі азаматгык қарсылық көрсету марштарына қатысты. Бұл қозғалыстың құрамына «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы», «Парламентшілер ғаламдық шараларды қолдайды», «Гринпис» ұйымдары, Жапония, АҚЩ, Германия, Франция және басқа да елдердің күрескерлері енетін. Халықаралық ядролық қаруға қарсы альянсқа айналуына мүмкіндік берді. Қозғалыс бөлімшелері Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, АҚШ пен Түркияда ашылды.


«Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі О.Сүлейменов халықаралык қозғалысы өте аз мерзім ішінде Семей полигонындағы ядролық сынақтар санын қысқартуға көмектесті.

Арал теңізінің алдын алу шаралары

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағыдыры – адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет