Жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: «Тоқырау жылдары»



Дата07.02.2022
өлшемі51,27 Kb.
#92147
Байланысты:
499 сұрақ


1.1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: «Тоқырау жылдары»
2.Әмір Темірдің шыққан тегі: Түркіленген барлас руы
3.ҚР Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков
4.1979 ж. 16 маусымда жастардың Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала: Целиноград
5.Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл: 1949 ж
6.О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабы: «Аз и Я»
7.Ж. Шаяхмметов орнынан не себепті кетті: Тың жерлерді игеру идеясын қолдамағаны үшін
8.1965 ж. өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны: Өзен
9.ХХ ғ.-ң 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған: И.Худенко
10.1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі: Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы
11.1967 ж. Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді: Кемелденген социализм
12.1975 ж. Алматыда шыққан «Аз и Я» кітабының авторы: О.Сүлейменов
13.1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына енгізілмек болған облыстар:
Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола
14.1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі: Неміс автономиясын құруға қарсылық
15.1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған: Д.А.Қонаев
16.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл: 1978 ж
17.1960 жылдардың ішінде айналасына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым: «Жас тұлпар»
18.1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер: «Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл»
19.1960 жылдардың ІІ жартысында салынған электр станциясы: Жамбыл 20.1972 жылы салынған электр станциясы: Қапшағай
21.1960 жылдардың ІІ жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған түбек: Маңғыстау
22.Республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығы: Шығыс Қазақстан
23.1960 жылдардың ІІ жартысында салынған зауыт: Ертіс химия-металлургия зауыты
24.Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл: 1950 жылдардан бастап
25.Батыс Қазақстандағы атом полигоны : Капустин Яр
26.Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейін жасалған ашық жарылыстың саны: 113
27.Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны: 300
28.1967 жылдың аяғына қарай жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны: 193
29.1970 жылдары жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшкен кәсіпорындар пайызы: 80%
30.1970 жылдар ішінде Қазақстанда көмірді арзан бағамен, ашық әдіспен өндірген өндіріс орны: Екібастұз
31.1960 жылдың ІІ жартысында Өзеннен мұнай, газ құбырлары тартылған қала: Ақтау
32.1984 жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі: 24 млн. тонна
33.1960 жылы Павлодардағы машина зауытының негізінде құрылған зауыт: Трактор зауыты
34.1964-1989 жылдар аралығында 343 жерастылық жарылыс болған полигон: Семей
35.1960-70 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт: Кабель зауыты
36.1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар: Қызылорда, Атырау
37.1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан: Шұбартау
38.1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан алған орны: Екінші
39.1970 жылдардан бастап экологиялық апаттық аймақ: Арал теңізі
40.Капустин Яр атом полигоны орналасқан облыс: Батыс Қазақстан
41.1960 жылдардың ішінде былғары аяқ-киім фабрикасы салынған қала: Жамбыл
42.1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала: Алматы
43.1970 жылдары республика одақта жетекші орынға шыққан өндіріс: Сары фосфор
44.ҚР Қарулы күштері құрылған уақыт: 1992 жылы 7 мамыр
45.Өзен орнынан алғашқы мұнай алынған жыл: 1965ж
46.1970 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа үлгісін енгізуге тырысқан: И.Худенко
47.ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы:
Еркін адамдар
48.Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас: Таңбалы Нұра
49.«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы: «Алаша хан»
50.«Қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы: Ш.Уәлиханов
51.Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт: XV ғасырдың ІІ жартысы
52.Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:
қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы
53.Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы: өзбек-қазақтар
54.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы: мықты, берік, алып
55.«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: XIV ғасыр
56.«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері: Таңбалы Нұра
57.Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз: Алаша хан
58.Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі: Өз жерін қорғау үшін
59.«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған ағартушы ғалым: Ш.Уәлиханов
60.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғасырдың басындағы басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары: Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін
61.XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер: Түркістан аймағы
62.Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық: Қазақ
63.Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр: Х ғасыр
64.XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы: Араб-қыпшақ
65.««Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы: Б.Е.Көмеков
66.XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: Еркін, кезбе
67.IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны: Алаш
68.Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: Алаш
69.ІХ-Х ғасырларды «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер: Шығыс Дешті Қыпшақта
70.Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан: Рузбихан
71.XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы: Фольклор
72.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр: Қобыланды батыр
73.Қуаңшылдық жылдары жасалған ырым: Тасаттық
74.Қазақстанның байырғы тұрғындардың түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы: Көк тәңірі
75.Тіл-көз тиюге байланысты сақталып қалған нанымның атауы: Бойтұмар
76.Қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының атауы: Тасаттық
77.XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан: Тоғылық-Темір
78.XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты: «Кодекс куманикус»
79.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы: «Хұсрау мен Шырын»
80.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр: «Ер Тарғын»
81.Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбында жазған Дурбектің поэмасы: «Жүсіп – Зылиха»
82.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз: «Сағыныш»
83.XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты: «Мухаббатнама»
84.XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: Шора батыр
85.XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар: Өзбек хан, Тоғылық-Темір
86.Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағаны жөнінде өз пікірін жазған қазақтың тұңғыш ғалымы: Ш.Уәлиханов
87.XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі: Асан қайғы
88.XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі: Жоямерген
89.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр: Орақ – Мамай
90.XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: «Ескендір»
91.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздың аты: «Жошы ханның жортуы»
92.XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі: «Жерден шыққан Желім батыр»
93.XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі: Кетбұға
94.XIV-XV ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі: Мал басынан алынды
95.ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар: Еуропа саяхатшылары
96.Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп атайтындарын жазған: В.Рубрук
97.XIV-XV ғасырларда жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған: Айыр қалпақтар киген
98.Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз: «Күннің баяны»
99.Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған сәулет өнерінің тамаша туындысы: Айша бибі кесенесі
100.XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек кесенесі
101.Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене:
Арыстан баб кесенесі
102.Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб өмір сүрген уақыт:
VII-VIII ғасырларда
103.Құлап қалған Арыстан баб күмбезін XIV ғасырда қайта салғызған:
Әмір Темір
104.Арыстан баб кесенесі: 2 бөлмелі
105.Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
106.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала: Түркістан
107.Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл: 1397 ж
108.Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл: 1399 ж
109.Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі ең негізгі бөлме: Кітапхана
110.Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің биіктігі: 37,5 м
111.Сығанақ қаласының маңында орналасқан бір күмбезді кесене: Көккесене
112.XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш: Алаша хан кесенесі
113.Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған кесене: Көккесене
114.Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене: Алаша хан кесенесі
115.XV ғасырдың ІІ жартысында салынып жартылай сақталған ескерткіш:
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі
116.Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпы тасы табылған жер: Ахмет Иассауи күмбезінің ішінен
117.Ақ Орданың орталығы Сығанақ қаласының маңында орналасқан кесене:
Көккесене
118.Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене: Алаша хан кесенесі
119.Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын: Қожа Ахмет Иассауи
120.X-XII ғасырларда Тараз қаласының маңындағы сәулет өнерінің тамаша туындысы: Бабаджа-қатын кесенесі
121.Қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған ғимараттар: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
122.Сәулет өнерінің орта ғасырда биік деңгейде болғандығының дәлелі: Құрылыс материалдарының сапалы болуы
123.XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер: Ғимаратты күмбез шатырмен жабу
124.XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды: Кодекс Куманикус
125.Киелі аң-құстың тісін, тырнағын тіл-көз тимеуге қарсы жасаған ырымның атауы: Бойтұмар
126.XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының басым түрі: Мал шаруашылығы
127.ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, пайдаланылған киіз үйдің түрлері: Арба үстіне тігілген, жылжымалы
128.Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз: «Темірқазық пен Жетіқарақшы»
129.«Шыңғыснаманың» авторы: Өтеміс қажы
130.«Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты: «Шыңғыснама»
131.Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарағанымен ХІХ ғасырдың аяғына дейін тұрғындардың жүрек түкпіріне жете қоймағаны жөніндегі пікірін жазған Ш.Уәлихановтың мақаласының аты: «Ислам діні»
132.XVIIғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: Жоңғария
133.1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып
134.Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты:
Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату
135.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм
136.1723 ж. Жоңғарияның барлық күш – қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі: Цин императоры Кансидың өлімі
137.Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды»: XVIII ғ. 20 жылдары
138.Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл: 1723 жылы
139.Жоңғарлардан қашқан Орта жүз рулары үдере көшті: Самарқанға
140.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған: Жетісу
141.Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі: 1726жылы
142.Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр
143.Аңырақай шайқасы болды: 1729-1730 жылдары.
144.1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
145.1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған»
146.Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры: Бөгенбай
147.Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр
148.Аякөз өзені жағалауында қазақтардың жоңғарлармен соғысы: 1718жылы
149.Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-1725жылы
150.Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының маңына қазақ жасақтарының жиналуының себебі: Бұл жер Жетісуды азат ету үшін жақын болды
151.Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтарының Ордабасы тауында: Шашыраңқы ұрыс тактикасымен ұйымдастырылды
152.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы
153.Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна
154.XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: Әбілқайыр хан
155.Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Қойдағұлұлы, Қоштайұлы
156.1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын
157.Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А.Тевкелев
158.1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс: Ор
159.Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті қалмақтарға жұмылдыру
160.1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.Татищев
161.Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ сұлтан
162.Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын: 1735-1737 жылдары
163.1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет: Иран
164.Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды: 1741-1742 жыл
165.Орынбор қаласының салынуы: 1743 жылы
166.1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
167.1742 ж.20 мамырдағы Ресей Сенатының Жарлығы: Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы
168.1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан
169.XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп: Колыван шебі
170.XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары: Семей, Өскемен, Бұқтырма
171.Қазақ – орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі: XVIII ғ. 60ж.
172.1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі: Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
173.Көшпенділердің күнделікті қажеттерін қатамасыз ететін басты орыс тауарлары: Шойын қазан, шұға, қант
174.1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға
175.Жайық бйында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды: 1756 жылы
176.Патша өкіметі Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлаулауда пайдаланды: Нұралы хан мен Батыр сұлтанның алаутанның алауыздығын
177.1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан: Әбілмәмбет
178.Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды: Казактарды
179.1799 ж. қарашада Орта жүз қазақтарын Ертістің оң жағасына қайта қоныс аударуға рұқсат еткен император: I Павел
180.Абылай ханның өмір сүрген жылдары: 1711-1781ж.ж
181.Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл: 1740
182.XVIIIғ.қазақ жерлерін қалпына келтіріп,билік жүргізген хан: Абылай
183.Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс: Хан билігі шексіз болды
184.Абылайдың атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала: Түркістан
185.Қытайлар қазақ шекарасына осы ханның тұсында басып кірді: Абылайдың
186.Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы: 1757ж
187.Абылай хан жерленген қала: Түркістанда
188.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам: Бұқар жырау
189.Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: «Сабалақ»
190.Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір: Ертіс бойы
191.1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның
192.1761ж. Абылай орыстың осы патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды: Елизавета Петровна
193.1778 жылы II Екатерина Абылай ханды: Орта жүздің ханы етіп бекітті
194.Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы: Егіншілік
195.1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз
196.Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан: Абылай
197.Қытай қолбасшылары Фу Дэ,Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірген жылы: 1757ж
198.Абылайдың бас мирасқоры: Уәли
199.XVIIIғ.70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп, салық төлеуге мәжбүр еткен қала: Ташкент
200.Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі: Әмірсана
201.Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған: П.Рычков
202.Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған: И.Миллер
203.XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі: Ақтамберді
204.Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта Жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIIІ ғасырдың IІ жартысындағы танымал ақын: Тәтіқара
205.Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі Қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғасырда өмір сүрген белгілі жырау: Үмбетей
206.XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау: Бұқар
207.«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, XVIIІ ғасырдың суырып салма ақындардың бірі: Жанақ
208.«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы: П.Рычков
209.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: 1773-1775 жж.
210.Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері: Кіші және Орта жүз
211.Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған: Жер мәселесі
212.Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборда қоршауға қатысқан қазақтар саны: 200
213.Патша үкіметінің Жайық бойында мал жаюға тыйым салынған үкімі жарық көрген жыл: 1742 жылықазан
214.Е.Пугачевтің үндеуін қолдаған Орта жүздің биі: Дәуітбай
215.Е.Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы: генерал Суворов
216.Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны: Досалы
217.Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс: Кулагин
218.1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі: Зәбір
219.Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді: Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен
220.Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: Сырым
221.Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар: Жайқты қоршауға, Кулагинді алуға
222.Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі: Пресногорьковск
223.Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны: Досалы
224.1774-1775 жылдары Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскердің саны: 3500 адам
225.С.Датұлы старшын болған ру: Байбақты
226.С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші: шаруалар
227.С.Датұлының қазақ әскерлерімен алғашқы ашық қақтығысы болды: 1783 жылы
228.1783-1797 жылдары С.Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы: Кіші жүз
229.С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы: Есім
230.С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан жұт болды: 1796-1797 жж.
231.С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болды: 1783-1797 жж.
232.1785 жылы наурызда Сахарная бекінісне шабуыл кезінде тұтқынға түскен сұлтан: Айшуақ
233.1785 жылы жазда Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім: Нұралыны тақтан тайдыру туралы
234.1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер: Хиуа хандығы
235.1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан: Айшуақ
236.Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік берілді: Шекаралық сотқа
237.1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады: Хан сарайына
238.1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды: Ералы
239.С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды: 14 жылға
240.Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі: Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
241.Нұралы ханды тағынан тайдыру туралы шешімді қолдаған Кіші жүздің руларының саны: 20-ға жуық
242.1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі: Қарабай сұлтанның
243.Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті: Кіші жүзде хандық билікті жою
244.Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған: барон Игельстром
245.Бөкей Ордасы құрылды: 1801 жылы
246.Бөкей Ордасының территориясы: Еділ мен Жайықтың аралығы
247.Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы: І Павел
248.Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты: Жасқұста
249.Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл: 1827 жыл
250.1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар
251.ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап: 850 000 шақырым
252.1827 жылы Бөкей хандығында құрылған хандық кеңестің мүшелерінің саны: 12 би
253.1836-1838 жылдары көтеріліске түрткі болған жағдай: Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожаның Каспий өңіріндегі руларға билеуші болып тағайындалуы
254.Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: Махамбеттің өлеңдерінде
255.1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны: 2 мың
256.Исатай қаза тапқан шайқас: Ақбұлақ
257.Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша қай жылы Исатай Тайманұлы сотқа тартылды: 1823-1825 жж
258.Исатайдың подполковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен шайқасы болды: 1837 ж. қарашада
259.1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған: полковник Геке
260.Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай: Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы
261.Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом
262.1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады: Балқы бидің
263.Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары: А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы
264.Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы
265.Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған: Ж.Нұрмұхамедұлы
266.Қазіргі Қазалы қаласы XIX ғасырда аталды: Райым
267.1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қала: Жаңақала
268.XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі: Есет Орынборда патша билігін мойындады
269.1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жер: Пішпек түбінде
270.Жанқожа бастаған көтеріліс жаншылған жыл: 1860
271.1855 жылы шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш: Сұлтан Жантөрин
272.1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жер: Пішпек түбінде
273.Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты: Қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы
274.Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843 жыл
275.XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған: Есет батыр
276.1858 жылы наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі: Әулиеата маңында болды
277.Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: Арыстан Жантөреұлы
278.1858 жылы Қоқан билігіне қарсы болған көтерілістің нәтижесі: Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады
279.Қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен жасаған ымыра: Қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады
280.1868-1869 жылдардағы Қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар: Орал, Торғай
281.XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық: Шаңырақ салығы
282.XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді: 1 сомнан 3 сомға дейін
283.1868-1869 жылдары Орал мен Торғайдағы халық қозғалысын басқарғандар: ру басылары
284.1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер: Жамансай көлі маңында
285.1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: 41
286.«Уақытша ереженің» талаптарына қарсы 1869 жылғы көтеріліске қатысқандар саны: 3000
287.1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Д.Тәжіұлы, И.Тіленбайұлы
288.1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға: Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы
289.1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны: 3000
299.1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі: Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы
300.1870 жылы 40 мың шаңырақ адай руы төлеуге тиіс салық мөлшері: 160 мың сом
301.1870 жылы адайлар соғыс шығыны ретіндегі мал саны: 90 мың қой
302.1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді: Кавказдан
303.1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі: Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды
304.«Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды: Маңғыстау көтерілісі
305.1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы: К.Қасымұлы
306.1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан: Хиуа ханы
307.Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен: әкесі Қасым
308.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Кіші жүз
309.Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны: 80 нен астам
310.1838 жылы мамырда Кенесары сарбаздары: Ақмола бекінісін өртеп жіберді
311.1844 жылы 20 шілдеде Кенесарыға қарсы ұрыста мерт болған сұлтандар саны: 44
312.1843 жылы маусымда І Николай көтерілісті басу үшін кімдерді жіберуге келісім берді: Старшина Лебедевтің
313.Патша үкіметінің старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі: Кенесарымен күрестегі дәрменсіздігі
314.1844 жылы Кенесары мен патша үкіметінің арасындағы келіссөздердің тоқтатылу себебі: Екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады
315.1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері: Долгов пен поручик Герн
316.1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге
317.Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ: Қоқан мен Бұқара
318.Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға: Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы
319.Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы
320.Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер: 1847 жылы Майтөбеде
321.Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы
322.ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекеттер: Қоқан хандығы
323.Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы: Иман батыр
324.Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған қай елдің ханы? Қоқан ханы
325.Кенесары көтерілісі көтерілісі кезіндегі орыс патшасы: І Николай
326.Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: хандық сотты
327.Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды? 1841 жылы
328.Кенесары Қасымұлы көңіл бөлген шаруашылық саласы: егіншілік
329.Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі: Патша өкіметінің қазақтарды отарлауын тежеу
330.XIXғ. 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет: Қоқан хандығы
331.Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр,Амангелдінің атасы: Иман батыр
332.Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған: Қоқан ханы
333.Кенесары көтерілісі кезіндегі орыс патшасы: I Николай
334.Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: Хандық сотын
335.Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды: 1841ж
336.Кенесары Қасымұлы шаруашылықтың осы саласына көңіл бөлді: Егіншілікке
337.Кенесары Қасымұлы көтерілістің негізгі мақсаттарының бірі: Патша өкіметінің Қазақстанды отарлауын тежеу
338.XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс: Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы
339.Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды: Жатақтар
340.Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат берді
341.Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында қай жылы ашылды? 1832 жылы
342.Ресми түрде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Ішкі Ордада (Бөкей Ордасы)
343.«Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды: 1822 жылы
344.1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты: Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
345.1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы: Сперанский
346.«Сібір қазақтарының Жарғысын» жасауға қатысқан болашақ желтоқсаншы: Батеньков
347.«Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша ауыл старшындары сайланды: 3 жылға
348.«Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша Қазақстанда құрылған әкімшілік жүйесі: Үш буынды
349.1822 жылғы Ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал-губернаторлық: Батыс-Сібір
350. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалған шен: Болыс сұлтаны
351.1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді: Болыс сұлтандар
352.«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл: 50-70 шаңырақтан
353.«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны: 10-12 ауыл
354.«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар: Тек сұлтандар
355.1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказдар
356.1822 жылғы «Жарғы» бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығы берілді: шекаралық басқармаға
357.Патша үкіметі Бөкейді екінші хан етіп сайлаған уақыты: 1815 ж.
358.1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: Дворян
359.Бөкей Ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін
360.Кіші жүздің соңғы ханы: Шерғазы
361.«Орынбор қазақтарының Жарғысы» қашан шықты? 1824 жылы
362.XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: Ф.Гирс
363.1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған: Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау
364.Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы: Ш.Уалиханов
365.1867-68 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері неше генерал-губернаторлықтың құрамына кірді? 3
366.«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл: 1867 ж. 11 шілде
367.«Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл: 1868 жылы 21 қазан
368.Орынбор генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыстар: Торғай мен Орынбор
369.1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: Облысты
370.1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны: 100-200
371.1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны: Билер мен қазылар соты
372.1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар сотын бекіткен: Әскери губернатор
373.Қазақ даласында капиталистік қатынастардың дами бастаған мерзім: XIX ғасырдың ортасы
374.1867-1868 жылы құрылған генерал-губернаторлықты атаңыз: Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан
375.1867-1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды
376.1867-1868 жылғы «Ереженің» басты қағидасы: Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы
377.1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: Шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру
378.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар: Шыңғыс тұқымдары
379.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария
380.1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері: Маңғыстау приставтығы
381.1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік: Түркістан генерал-губернаторлығы
382.XIX ғасырдың 60 жылдары И.Бутков құрған комиссия қазақ жерін қалай бөлуді ұсынды? 2 облысқа
383.1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ: Сырдария облысы
384.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд
385.XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір: Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті
386.1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахань губерниясы
387.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық: Батыс-Сібір
388.Қазақ даласын басқару жөніндегі «Ереженің» жобасын дайындайтын далалық комиссия қай жылы құрылды: XIX ғ. 60 жылдары
389.1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: генерал-губернатор
390.XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын: Батыс, Шығыс
391.Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоныс аудартудың басталуы: XIX ғ. 60 жылдары ортасында
392.Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы
393.1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» ережесіне сай жан басына берілген жер көлемі: 30 десятина
394.1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтардан үш жылға босатылды
395.«Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады: Колпаковский
396.1891 жылғы «Уақытша ереже» бойынша жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді: Бұрын қоныстанған шаруаларға
397.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке: Жетісу
398.ХІХ ғасырда қоныстандыру саясаты қандай облысты түгелге жуық қамтыды: Сырдария облысы
399.1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны: 37
400.ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған: Орыс, украин шаруаларының қоныстануы
401.Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы: 1820 жылы
402.Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны: 2000 жуық ауыл
403.1821 жылы Тентектөре бастаған шаруалар көтерілісінің сипаты: азаттық
404.1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі: Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы
405.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған: Тентектөре батыр
406.Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы: Жалайыр
407.ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Оңтүстік Қазақстанда салынған Ресей әскери бекіністері: Ақтау, Алатау, Қапал
408.Қазақстанда «Азия комитеті» құрылды: ХІХ ғ. 20-30 жылдары
409.Тентектөре бастаған көтерілісшілер саны: 10 мың
410.Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы
411.Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы
412.ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы
413.1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы: Үйсін
414.Ресейдің экономикалық және саяси мү дделеріне орай көз тіккен аймақтары: Жетісу мен Іле өңірі
415.ХІХ ғасырдың ортасында болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көтерілістер бағытталды: Қоқан хандығына қарсы.
416.Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек
417.Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы: 1851 жылы 7 шілде
418.1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі: Ақмешіт
419.1854 жылы көктемде құрылған бекініс: Верный
420.1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы: Алматы
421.Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл: 1855 жыл
422.1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп: сыра зауыты
423.ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уалиханов
424.Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы: Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты
425.Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Ресей патшасына
426.1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер: Ұзынағаш
427.1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы: Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті
428.Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған: М.Перемышельский
429.Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж облысы
430.ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі: Англия
431.1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс: Түркістан
432.Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы: 1865 жыл
433.1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы: Бұқар хандығы
434.1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды: Түркістан
435.Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды: 150 жылдай уақытқа
436.1812 жылы шілденің 6-сы күні Напалеонмен соғыс қаупі туралы І Александрдың манифест-үндеуі мен Орынбор губернаторының соғыс басталғандығы туралы хабары қазақ ауылдарына жетті: 1812 жылы қазан-қарашада
437.Екі ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын: Б.Тілекұлы
438.Отан соғысы жылдары Елтон тұз өндіру орнынан майданға жіберілген тұз мөлшері: 1 млн. Пұт
439.Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер: Майлыбайұлы
440.Вязьма түбегіндегі ұрыста ерлік көрсеткен 3 дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болған: С.Хамитұлы
441.1812 ж. Отан соғысында қазақтар шайқасқан құрама: Башқұрт полкі
442.1812 жылы Отан соғысында ерлігімен «Георгий» орденінің кавалері аталған қазақ: Н.Жанжігітұлы
443.Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты: Жанжігітұлы, Байбатырұлы
444.1812 жылы Орынбор губерниясында құрылған кавалериялық полктің саны: 40
445.1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Н.Жанжігітұлы
446.1812 жылы Отан соғысының басты оқиғаларына белсене қатысқан шоқынған қазақ: Я.Беляков
447.Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері: 22 000 сом
448.Наполеон әскерімен болған соғыста ерекше рөл атқарған әскер түрі: Атты әскер
449.1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет: Қытай
450.Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты: Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау
451.ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі: Бұқтырма
452.ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім: Қарулы казактар бөлінді
453.ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары: Петропавл, Семей
454.Ресейдің Шыңжаңның базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары: өнеркәсіптік дайын бұйым
455.ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген: Генерал-лейтенант Г.Глазенап
456.Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С.Мадатов
457.Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес: С.Мадатов
458.Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім: ХІХ ғ. 30 жылдары
459.Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына кедергі болған: мемлекетаралық келісімнің жоқтығы
460.ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі: Ақмола облысы
461.1897 жылғы халық санағы бойынша ең көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный
462.Ресеймен сауда жүйесіндегі қазақтардың негізгі тауары: мал
463.1848 жылы Қарқара уезінде көпес Ботовтың есімімен аталған ірі жәрмеңке ашылған жер: Талды-Қоянды
464.1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды: Кяхта
465.Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы
466.1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі: Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды
467.Орыс-қытай сауда байланыстарының құлдырау кезеңі: ХІХ ғ. 60 жылдары
468.1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт: Петербург келісімі
469.ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле су жолының ашылуы
470.Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес: Вали Ахун Юлдашев
471.1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі: Сүйдін
472.Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке? Қарқара
473.1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі: Семей сауда округі
474.Сібір темір жолы салынды: 1894 жылы
475.ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды: 20 жылдан астам
476.1886 жыл 2 маусымда бекітілген Ереже: «Түркістан өлкесін басқару және онда жер, салық өзгерістерін енгізу туралы»
477.1891 жылғы «Ережеге» сай Дала генерал-губернаторлығына кірген үш облыстың орталығы болған қала: Омбы
478.1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: Халық соттары
479.1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу
480.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өндіріс орындарында жұмыс істеген қазақтардың үлесі: 60-70 %
481.1893 жылы Қазақстан кен орындарында жұмыс істейтін әйелдердің үлесі: 17,8 %
482.ХІХ ғасырдың 90 жылдарында кен орындарында жұмыс істеген 16 жасқа дейінгі жасөспірімдірдің үлесі: 14 %
483.ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 3 ай абақтыға жабу
484.1886 жылдан бастап Түркістан өлкесіне енген облыстар: Сырдария, Ферғана, Самарқан
485.1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі: Жұмысшылардың жалақысы артты
486.ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орнының ұсақтығы, жұмысшы санының аздығы
487.1886 жылғы «Ережеге» сай уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны: Соттардың төтенше съезі
488.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі: Цинь өкіметі қысым көрсетті
489.1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар саны: 45000
490.1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны: 5000
491.Ұйғырлар мен дүнгендер орналасқан аймақ: Жетісу
492.Алматы облысында ұйымдастырылған ұйғыр болысының саны: 6
493.Жетісуға қоныс аударған әрбір дүнгенге берілген жердің көлемі: 3 десятина
494.Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: «Он екі мұқам»
495.Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл: 1789
496.ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда ашылған әскери училищелерде даярланған мамандар: Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер
497.1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала: Орынбор
498.1836 жылы қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала: Өскемен
499.1831 жылы қыркүйекте орысша білім беретін училище ашылған қала: Семей

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет