Жылдары азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады
1918-1920 жылдары азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың көзі болып саналатын мал шаруашылығы қатты құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн басқа кеміді, оның 2 млн–ы жылқы, 6,5 млн–ы ұсақ мал болды. 1920-1921 ж. Жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75%-ға кеміді. Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ның жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 жылы бұл аймақтарда астықтың түсімі 5 млн пұт деңгейінде ғана болды, ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн пұт көлемін қамтыды.
Республика көлемінде барлығы 696 “бай-феодалдар” тәркіленді. Қазақ қоғамында ірі байлардың көп болмағанын осы 1928 жылғы жүргізілген тәркілеу барысы мен оның нәтижелері көрсетіп берді. Алдын-ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ үміт ақталмады, барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді: бұл белгіленген жоспардың 64%-і ғана. Оның себебі алдын-ала жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді. Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды. Барлық тәркіленген малдың 10,2% отрықшы аудандардан, 83,3% жартылай көшпелі аудандардан және 6,5% көшпелі аудандардан еді. Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға (74,3%) және колхоздарға (25,7%) таратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.