«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы – 2017» ел болып оқуға қазақ поэзиясының шоқтығы биік ақыны, ұлт үшін күрескен қайраткер, ұлттық идеяның жыршысы Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары таңдалып алынған болатын. Акция аясында ОКЖ «Торайғыровты оқимыз» библиокеруенін ұйымдастырды. Шара С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» поэмасына арналған ой-талқымен бастау алды (ОҚК). Аталмыш шараға Тілдер орталығы директорының орынбасары, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы М.Жарылғап, Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі С.Алиманова қатысты. А.Гайдар атындағы ОҚБК «Жанды кітап» форматы топтамасымен #Сұлтанмахмұтоқулары хештег-науқанын өткізді. Белсене атсалысқан Абай атындағы №2, №15, №17 ЖББ мектеп- лицейлері, №2 мектеп-интернаты, №5,16 ЖББ мектеп оқушылары марапатталды.
«Алаштың ардақты ақыны» ашық аспан астында библиоақпарат (Ф№1), «Ұлттың ұлы перзенті - Великий сын народа» ақпарат сағаты (Ф№2), «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» әдеби шолу (Ф№3), «Асқақ арманды ақын» дөңгелек үстел (Ф№4), «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын!» мәнерлеп оқу сайысы (Ф№5), «Ұлт рухын оятқан» поэзия сағаты (Ф№6), «Шығамын тірі болсам адам болып» ақпарат сағаты (Ф№7).
Достарыңызбен бөлісу: |