Жылқыға 10-15 кг, шошқаға 5-7 кг немесе әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда 4-5 кг, қойға 3-5 кг жегізуге болады



Дата31.05.2022
өлшемі19,91 Kb.
#145603
түріҚұрамы
Байланысты:
Азықтандыру Дастан дайын


27.Азықтықық кызылша. Құрамындағы 7—12% құрғақ затының негізін тез еріп, жеңіл ыдырайтын қанттар және пектиндік заттар қүрайды. Жасунығы 1% аспайтындықтан, құрғақ заты өте жоғары - 85—87% қорытылады. Мүйізді ірі қара мал, жылқы, қойға азықтық қызылшаны тазартып, бүтін күйінде немесе турап береді. Шошқаларға пісіріп не буландырып берген жөн. Бірақ пісірген қызылшаны салқындатқан кезде селитрадан пайда болатын нитраттар мен нитриттерден малдың уланбауын бақылау керек. 1 кг-да 0,14 а.ө., 9,8 г қорытылатын протеин, 0,33 г Са, 0,33 г Р болатын азықтық қызылшаны тәулігіне сүтті сиырға - 20—30 кг,
жылқыға — 10-15 кг, шошқаға — 5—7 кг немесе әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда — 4-5 кг, қойға 3—5 кг жегізуге болады.
Кант қызылшасы. Құрғақ заты азықтық қызылшанікінен жоғары - 20-25% қант қызылшасын қант өндірісімен қатар мал азығына да жұмсайды. 70% қанттан тұратын органикалық заттарының қорытылымы да жоғары — 80-85%. Қантының молдығынан мал азығының оңтайлы қант протеиндік қатынасын қалыптастыруға жұмсалады. Сонымен қатар қант қызылшасының құрамында қымыздық қышқылы мен оның тұздары, нитраттар, сапониндер жиналатынын да ескеру қажет. Сапониндердің аз мөлшері қоректік заттардың сіңімділігін арттырса, көп мөлшері организмді уландырады.
Қызылша жапырағында 2—5% көлемінде жиналатын қымыздық қышқылы көп желінсе (тәулігіне 20 кг қызылшамен), малға зиянын тигізетіндігін және де бірден көп көлемде жегізілген қызылша қанты месқарындағы ашытуды қатты үдететіндігін ескеріп, оның мал басына жегізілетін тәуліктік мөлшерін бірнеше бөліп, бір бергендегі көлемін 5- 6 кг-нан асырмай жегізеді. 1 кг қант қызылшасында 0,24 а.ө., 14 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са, 0,5 г Р болады. Азоттық тыңайтқыштар көп қолданылған жерде өсірілген қызылшада нитраттардың
да көп жиналатынын ескеру керек.

28. Барлық тамыр-түйнек жемістілер ылғалдылығы жоғары болғандықтан, сақтауға шыдамсыз, тез арада бүзылғыш келеді. Олардың бұзылғыштығы сақтауда тамыр-түйнектердің тыныстануынан орын алатын ферментациялық өзгерістермен байланысты. Сондықтан оларды сақтайтын жердің ауасының температурасы мен ылғалдылығын төмендету арқылы шикізат тыныстануын тежеуге тырысады. Бірақ турнепстің — -1°С, қызыл- ша мен сәбіздің — -1,5°С үситінін ескеріп оларды сақтау температурасын 0—2°С шамасында үстайды. Температураның +3—4°С дейін жоғарылауы тамыр-түйнектердің тыныстануы мен ылғалының булануын өсіріп, көгеріп-өнуіне, тіпті шіруіне соқтырады. Ұсақ тамыр-түйнектермен салыстырғанда сулы келетін ірі тамыр-түйнектер жылдам бұзылады. Сондықтан оларды мал азығына алдымен жұмсайды.


Қант қызылшасы мен картоп азықтық қызылша мен турнепстен ұзағырақ сақталады. Сақтауға шыдамайтын сәбізді сүрлемдеғен жөн. Сақталу мерзімін ұзарту үшін тамыр-түйнек жемістілерді жинағанда ұрылып, соғылмауын, зақымдалмауын, үсікке шалынбауын қадағалайды. Зақымдалып, үсік шалған тамыр-түйнек жемістілер тез арада бұзылып, ұзақ сақтауға шыдамайды. Оларды сақтау үшін сүрлемге салады. Жиналған тамыр-түйнек жемістілерді орлар,
апандарда (траншеяларда) құрғақ топырақпен көміп немесе арнайы салынған ішкі ауасы, ылғалдылығы мен температурасын белгілі деңгейде ұстайтын қамбарларда сақтайды.
Дұрыс сақталмай, бұзылған тамыр-түйнек жемістілерді мал азығына қолдануға болмайды. Олар малдың ас қорыту барысын бұзып, сиыр сүтінің дәмін кермектендіріп, қойлардың ішектерін ісіндіреді. Бұзылған тамыр-түйнек жемістілерді мұқият тазартып, бумен өндеп барып малға жегізуге болады. Тамыр-түйнек жемістілерді ұзақ мерзім сақтау үшін арнайы қондырғыларды кептіруге болады, бірақ бұл оларды дайындаудың өзіндік құнын көп өсіріп жібереді. Өйткені онсыз да 1 азық өлшемін өндіруге көк азықпен салыстырғанда 5-7 есе, құнарлы азықпен салыстырғанда - 2,5—3 есе шығын көп жүмсалатын тамыр-түйнектерді мал азығына дайындауды мейлінше механикаландырып, қолмен өңцеу жұмыс- тарын азайтып, арзандатуды көздеу қажет.

29. Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асадыҚұс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат — олардың жұмыртқасы мен етін алу. Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50-80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5 - 8 килограмм. Аналық қаздар 4 - 7 килограмм салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2,5-3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3,5-4,5 килограмм ет береді. Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні - үй тауығы. Үй тауығының қол тұқым дары негізінен мынадай бағытта өсіріледі: Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 - 250 , кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады. Қолтұқымдар арнайы ірі құс фабрикаларында өсіріліп, оларға ерекше күтім жасалады. Ондағы барлық жұмыстар (тауықтарды қоректендіру, жұмыртқаларды арнайы инкубаторда шайқау, т.б.) техника күшімен жүргізіледі. Етті бағытта өеірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық балапандар орташа 1,5 - 1,8 кг салмақ тартады. Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады. «Бройлер» - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді. Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді. Әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.


30. Тауықтың өнімділігі, тұқымы, сырт пішіні.


Тауықтар — тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі – бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.
Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 – 2,2, қоразы 2,5 – 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 – 2,8 және 3,4 – 3,8; етті тұқымы 3 – 3,5 және 3,8 – 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 – 41 г. болса, 7 – 8 аптада 1,5 – 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 – 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 – 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 – 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 – 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 – 50 г, ал соңына қарай 57 – 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 – 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 – 60%-ы жас, 30 – 35%-ы – 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 – 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі – арнайы дайындалған құрама жем.

31.Қаздардың Қазақстанда өсірілетін ірі тұқымдарына: Эмден (неміс) қазысы ; тулуза (француз); холмогор (Ресей); сұр қазы (Ресей); туфа (Ресей); Владимир (Ресей) .


1) Эмден ұрғашы 8-10 кг, ері 10-14 кг, жұмыртқалағышы – 35; салмағы-140 гр.
2) Тулуза франция ұрғашы 6-8 кг, ер 7-13 кг жұмыртқалағышы-40 салмағы-180 гр.
3)Холмогор ұрғашы-8кг, ер-12 кг, жұмыртқалағышы-30, салмағы-190 гр.
4) Сұр қазы ұрғашы-7,5 кг, ер -9 кг жұмыртқалағышы 35-60 , салмағы -175 гр.
Қазақстанда өсірілетін үйрек тұқымының негізгі екі түрі бар олар і: Ақ үйрек және сұр Пекиннен шыққан Хакки Кемпинг. Үйректің салмағы 1,5-2 кг, жұмыртқалағышы орташа есеппен 200-260 дана жылына. Ақ үйрек қоразы 5 кг ұрғашысы 4 кг өсіретін бағыты негізінен етті бағытта өсіреді.
Хакки Кемпинг - қоразы 3кг ұрғашысы 2 кг жұмыртқалағышы 260-360 дана жылына өсіретін бағыты негізінен жұмыртқа бағытында өсіреді.

жұмыртқалағыш етті етті-жұмыртқалы сәндік төбелескіш ■ Орыстың ақ тауығы- жұмыртқа Летторн тауығы бір жылда 200- бағытта есiрiледi, 240 жұмыртқа береді, тіпті 300 200-230 жұмыртқа жұмыртқа сыйлайтын да кездері Қоразы — 2-2,5 кг, болады Мекнені— 1,6-1,8ет бере алады Прод-айланд - етті-жұмыртқалы Мәскеулік - жұмыртқалы бағытта бағытта өсіріледі, өсіріледі, 200-210 жұмыртқа 160-170 жұмыртқа Қоразы—3,кг дейін, Қоразы-3,5-3,8 кг, Мекнені—2,5 кг дейін ет бере Мекнені — 2,7— 3 кг ет бере алады алады ОПлимутрок-етті-жұмыртқалы Нью-Гемпшир - етті-жұмыртқалы бағытта өсіріледі, бағытта өсіріледі, 170-190 жұмыртка Қоразы— 4-5 кг, Коразы-3,25-3,8 кг, Мекнені— 2,5 — 3,5 кг ет бере Мекнені— 2,1— 3 кг ет бере алады алады ОБрама- етті бағытта өсіріледі, Кохинин- етті бағытта өсіріледі, 100-120 жұмыртқа 100-110 жұмыртқа Коразы-4 кг, Коразы-5 кг, ы Мекнені—3,5-4 Мекнені-3 кг ет Скачать кг ет бере алады


32.. Леггорн (итал. Livorno; ағылш. Leghorn) – жұмыртқа үшін өсірілетін тауық тұқымының бірі. Легорн тауығы 19 ғасырда АҚШ, Италияның ақ тауығын күрделі буандастыру арқылы шығарылып, жаңа тауыққа Италия портының аты берілген.


Ақ леггорн
Сүйек бітімі, айдарының пішіні, қауырсынының түсі жағынан оның бірнеше түрі бар. Легорн тауығының төс сүйегі шығыңқы, дөңгелек, тұрқы ұзынша, басы жеңіл, қанаты енді, тұмсығы мен аяғы сарғыш, қауырсыны көбінесе ақ түсті болады. Бұл тауық тез жетіледі, күтім талғамайды, ауа райына көнбісті. Бір жылдық қоразының салмағы 2,3 – 2,7, мекиені 1,8 -2 кг. Жылына 220-300 жұмыртқа салады. Жұмыртқасының орташа салмағы 55-62 г. Мекиені 4,5 -5 айлығында жұмыртқалайды. Легорн тауығы дүние жүзіне тараған. КСРО-ға 1925-27 жылы әкелінді. Олар жергілікті тауық тұқымын жақсартуға, орыстың ақ тауығын шығаруға пайдаланылды. Қазақстанның барлық құс шаруашылығында, әсіресе «Таран» құс совхозында бұл тауықтың будандары өсіріледі. Сондай-ақ Латвия, Эстония, Литвада, Мәскеу, Саратов, Киев облысында таза Легорн тауығын өсіретін арнайы шаруашылықтар бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет