Жылқышыбаева Қарлығаш Қайсақызы¹ Ғтамр



бет1/10
Дата04.03.2022
өлшемі48,78 Kb.
#134328
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаңа


Жылқышыбаева Қарлығаш Қайсақызы¹
ҒТАМР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 1(21), 2020
Тегтер: жастар, тарихи үдеріс, тарихи философия, ұлттық сана, сабақтастық, тарихи білім, тарих, Қазақстан, материалистік көзқарас
Аңдатпа:
Аңдатпа: Ұлы далада өмір сүрген қазақ халқының өткені мен бүгінгі тарихына көз жүгіртер болсақ, оның көтерген жүгі ауыр болғандығын көреміз. Сан ғасырлар бойы қалыптасып, өмір сүріп келетін тарихи білім қазақ халқының тарихи ой-санасын айшықтап қана қоймай, қазақ халқының қоғамдық өміріне де тікелей әсерін тигізеді. Қазіргі кездегі әлемдегі барлық салалардағы жаһандық өзгерістер және Қазақстанның қоғамдық өміріндегі өзгерістер, ең алдымен тарихи білім жүйесін жаңартуды талап еткен тұста, өткен тарихымыздың рухани мұрасы мен тәжірибесінің сабақтастығының маңызы өте зор болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ тарихындағы тарихи білім тақырыбына қатысты мәселелерді қарастыру үшін, Еуропалық және Орта Азия философтары мен ғалымдарының «тарих», «тарихи білім» ұғымдарына қатысты ғылыми еңбектеріне тарихи-философиялық талдау жасау қажеттігі туындауы әбден орынды. Тарихи білім жүйесінің мәселелерін тәжірибе арқылы шешу мүмкін емес. Оның алғышарттары мен бастауларын, тарихи білім сөзінің мағынасын, мәні мен мазмұнын бүтіндей ғылыми тұрғыдан тану қажет. Сондықтан мақалада тарихи білімге қатысты мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар тарихи білім ұғымына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың берген құнды және әр түрлі көзқарастары мен тұжырымдарына салыстырмалы талдау жасалып, мақалада жан-жақты қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет