Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы мәлімет



бет12/19
Дата19.03.2022
өлшемі2,72 Mb.
#136323
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
1-дәріс ЖМАА (1)

5.3 Жылу құбырларын салу

Құбырлар жер астына немесе жер үстіне салынады. Құбырларды жер үстіне салғанда жергілікті жағдайларға байланысты құбырлар бөлек тұрған аласа немесе биік тіректерде орналастырылады.


Құбырларды жер астына салуды екі топқа: арналы және арнасыз деп бөлуге болады. Құбырларды жер астында салу ең көп тараған.
Арналар өтпелі, жартылай өтпелі және өтпелі емес етіп темір бетондардан істелінеді. Өтпелі арналардағы (ені 900 мм, биіктігі 2000 мм) құбырларды тексеру, жөндеу өте оңай, бірақ өтпелі арналар ең қымбат. Жартылай өтпелі арналарда қызметші еңкейіп жүре алады. 14-суретте өтпелі емес арнадағы құбырлар көрсетілген.
Арнасыз салудың түрлері 14-16 суреттерде көрсетілген.



1 – құбыр; 2 – тотығуға қарсы жабын; 3 – жылу оқшаулау қабаты; 4 – қорғаныстық- механикалық жабын
14-сурет. Өтпелі емес ауалық саңылауы бар арнадағы құбыр

15-сурет. Кеуек бетон тақталарынан қалпы бар құйылған


арнасыз құбырдың қимасы

1 – беруші құбыры; 2 – кері құбыр; 3 – қиыршық тас сүзгі; 4 – құм сүзгі; 5 – ағызу (құрғату) құбыры; 6 – бетондық негіз


16 а – сурет. Тұтас қабығы бар арнасыз екі құбыр қимасы





1 – құбыр; 2 – кеуек бетон; 3 – темір арқау (арматура); 4 – судан қорғайтын жабын; 5 – болат тор; 6 – асбоцементтік сылақ

16 б-сурет. Тұтас қабықтың құрылымы




Өтеуіштер
Құбырлардағы температура пішінінің өзгерулері (деформация) өтеуіштер деп аталатын арнайы құрылғылармен өтеледі. Әрекет ету қағидасы бойынша олар екі топқа бөлінеді: радиалдық және өстік. Радиалдық өтеуіштер құбырдың температура ұзаруын не қысқаруын арнайы майысқақ ендірменің немесе құбырдың бөлек өз аумағының иілуі арқылы қабылдайды (17 – сурет). Өстік өтеуіштер құбырдың түзу аумақтарының температура ұзаруын не қысқаруын қабылдайды (18 – сурет).

а – П тәрізді; б – лира тәрізді; в – омега тәрізді

17 – сурет. Радиалдық өтеуіштердің сұлбалары





а – майлылық; б – линзалық; 1 – стақан; 2 – тұрқы; 3 – тығыздау; 4 – тіректік турбина; 5 – грундбукса


18-сурет. Өстік өтеуіштер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет