Демалыс кезінде логопед-мұғалімнің жұмыс уақытын бөлу
Демалыс кезінде логопедиялық сабақтар өткізілмейді.
Күзгі демалыс кезінде логопед-мұғалім 2-4 сыныпоқушыларының жазбаша жұмыстары бойынша жазудың бұзылысыбар балаларды анықтау үшін олардың жазбаша тілінің күйін тексереді.Жазу бұзылысы бар балалар тобында бос орын болса, оған жаңаоқушыларды қабылдайды.
Қысқы демалыс кезінде логопед-мұғалім 1-сыныпоқушыларының жазбаша тілінің күйін олардың дәптерлері бойыншатексереді. Сонымен қатар ол логопед кабинетін жұмысқа керектікөрнекі құралдармен, кітаптармен, кесте, плакаттармен, т.б.толтырады; аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетке және басқалогопедтерге тәжірибемен алмасу үшін барады; логопункттеоқытылатын оқушылардың ата-аналарымен әңгіме және кеңесжүргізеді.
Аталған жұмыстардан басқа логопед-мұғалім демалыс кезінделогопункттегі балаларды қажет кезінде дәрігер-мамандарға(психоневролог, невропатолог, отоларинголог) көрсетуге ата-аналарға ұсыныс береді, жекекүрделі балалар бойынша өзінен тәжірибелі логопедтерді кеңес беругешақырады. Баланың дәрігер-маманға қаралуы ата-ананың рұқсатыменжәне олардың біреуінің қатысуымен ғана болуы мүмкін екендігін деесепке алу керек.
Логопед-мұғалім демалыс кезінде аудан тұрғындары мен ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |