Ұйымдастырған дүние¬жүзілік конференциясы да әлем мемлекеттерін қоршаған ортаны қорғау мәселесінде бірігуге алып келді. Қазір мемлекеттер арасында осы сала бойынша



Pdf көрінісі
Дата31.01.2022
өлшемі336,12 Kb.
#130237
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ ЭТҚ- 2021



Дәріс №1 

Тақырыбы: Адам және қоршаған орта ұғымы мен қоршаған ортаны қорғау. 

Мақсаты: табиғатты ұтымды пайдаланудың ең тиімді жолдарын табуға үйрету, қоршаған 

ортаны  қорғау  шараларын  жүзеге  асырудың  экономикалық  тиімділігін  анықтау  және 

қоршаған  ортаның  ластануынан  халық  шаруашылығына  келген  экономикалық  зиянды 

бағалау.  

Қаралатын сұрақтар: 

1. 


Қоршаған ортаны қорғаудың басталу кезеңдері. 

2. 


Қоршаған орта ұғымының қалыптасыу мен дамуы. 

              1.Әлем  мемлекеттерінің  қор¬шаған  ортаны  қорғауға  бірле¬сіп  көңіл  бөлу  үрдісі 

1800  жыл¬дар¬дың  екінші  жартысынан  бас¬талған.  Алайда  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы 

деңгейінде нақты іске кі¬рісу Стокгольм конференциясы¬нан бастау алады. 

1972  жылдың  5  маусымында  ашылған  осы  конфе¬ренцияда  дүниежүзілік  проблемалар 

ортаға салынды. Дәл осы 5 маусым қазір «Бүкіләлемдік қор¬шаған ортаны қорғау» күні - 

деп  аталады.  БҰҰ-ның  1992  жылғы  Бра¬зилияның  Рио-де-Жанейро  қа¬ласында 

ұйымдастырған  дүние¬жүзілік  конференциясы  да  әлем  мемлекеттерін  қоршаған  ортаны 

қорғау  мәселесінде  бірігуге  алып  келді.  Қазір  мемлекеттер  арасында  осы  сала  бойынша 

сан түрлі құжаттар қызмет жасайды. 

Қоршаған  ортаның  тарихына  көз  жібертетін  болсақ,  қазақ  халқы  ерте  заманнан  ауыл 

шаруашылық  жерлерін  экология  жағынан  дағдарысқа  ұшыратпай  пайдалануы:  жаз 

жайлауға,  күз  күздеуге,  қыс  қыстауға,  көктемде  көктеуге  көшіп  отырғанын  білеміз. 

Ш.Уәлиханов  жазбаларында,  халқымыз  дәрілік  өсімдіктердің  түрлерін  қорғап,  мал 

жайылымдарынан  өткен  керуендерден  алым-салық  алып  отырған.  Еліміздегі  көне 

қалаларда:  Ақыртас,  Меркі,Сайрам,Отырар,  Тараз,  Түркістан  қалаларындағы  жүргізілген 

археологиялық қазбаларда, бұл өңірдегі жоғары деңгейде ауыл шаруашылық дақылдарын 

өсіру дамығандығын, атап айтқанда егістік алқаптарды суландыру жүйелері болғандығын 

зерттеулер  көрсетті.  Бұл  жерлердегі  егін  шаруашылығының  жоғары  деңгейде  дамуы, 

табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылмауының кепілі болғанын және аймақтың халқын жақсы 

ауыл шаруашылық дақылдарымен қамтамасыз жасай отырып, сауда саттыққа шығарғанын 

байқаймыз.  

Табиғатты  пайдалану  және  қоршаған  ортаны  қорғау  көптеген  ғылымдар  сияқты  қоғам 

және  табиғатты  танып  білген  заңдардың  теориялық  және  тәжірибесінің  нәтижелеріне 

сүйенеді.  Бұл  заңдар  үнемі  даму  үрдісінде,  нақты  жағдайға  қарай  жылжып  отырады. 

Табиғатты  пайдалану  және  қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғи  ресурстарды  тиімді 

пайдаланудың  ең  тиімді  вариантгарын  анықтау  мақсатында  өндіріс  дамуы  және 

адамдардың өмір сүруінің өзгерістерін, яғни әлеуметгік жағдайының өсуін байқатгы. 

Табиғатты  пайдалану  және  қоршаған  ортаны  қорғау  болашақ  ауыл  шаруашылығы 

саласына  баратын  мамандарға  табиғи  қорларды,  атап  айтқанда  жер,  су  ресурстарын 

ұтымды  және  тиімді  пайдалану,  сонымен  қатар  енгізілетін  қоршаған  ортаны  қорғау 



әдістері  туралы  толық  мағлұматтар  беру  және  жүзеге  асырылатын  қоршаған  ортаны 

қорғау шарараларының экология-экономикалық тиімділігін есептеуді үйрету. Пәнді игеру 

барысында  білімгерлер  экология-экономикалық  зиянды,  ауыл  шаруашылық  саласы 

қалдықтарын қоршаған ортаға орналастырғандағы төлемақы, жүзеге асырылатын табиғат 

қорғау  шараларының  экология-экономикалық  тиімділігін  есептеудің  әдістерімен  жете 

танысады.  Сонымен  қатар,  ең  тиімді  экология-экономикалық  шараларды  таңдап  алуға 

және  өзін-өзі  ақтамайтын  экологиялық  шығындарға  бармауды  жете  оқып  үйретеді  Төл 

табиғатымыздың тепе-теңдігін сақтау, нарық жағдайында ауыл шаруашылығы беретін әр 

алуан  өнімдердің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттырады,  14  облыстың  экологиялық 

жағдайының  тұрақты  болуына  тікелей  әсер  етеді.  Отандық  экологиялық  жағынан  таза 

өнімдерді өндірудің кепілі болады.  

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі міндеті-қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз жасау 

үшін  табиғат  ресурстарын  пайдалану  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  экономикалық 

реттеудің  теориялық  қағидалары  және  тәжірибелік  шешімдерін  негіздеу  жатады. 

Қойылған  мәселелерді  шешуде  қоршаған  ортаны  қорғау  және  оның  экономикасы 

жөніндегі  табиғат  қорғау  органдарының,  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің,  ҚР 

статистикалық  және  Жер  ресурстарын  басқару  Агенттіктерінің  әдістемелік  және 

нормативтік  материалдары,  сонымен  қатар  табиғатты  пайдалану  және  қоршаған  ортаны 

қорғау  бағытындағы  еңбектері  пайдаланылды.  Қоршаған  орта  туралы  ілім  пәнін  оқуда 

терең  білім  алып,  білікті  маман  болып  калыптасуына  көмектеседі.  Ең  бастысы  еліміз 

бәсекеге қабілетті өнімдерді нарық кеңістігіне шығаруда, табиғи ресурстарды қорғау мен 

сақтаудың  талаптарын  сақтауға  айтарлықтай  үлесін  қосады.  Курстың  міндеті  табиғатты 

ұтымды  пайдаланудың  ең  тиімді  жолдарын  табуға  үйрету,  қоршаған  ортаны  қорғау 

шараларын жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін анықтау және қоршаған ортаның 

ластануынан  халық  шаруашылығына  келген  экономикалық  зиянды  бағалау.  Қазақстан 

Республикасы  индустриалды-аграрлы  мемлекет  қатарына  жатады  және  ауыл 

шаруашылығы  саласында  табиғи  ортаның  тепе-теңдігін  сақтаудың  өзектілігі  болашақта 

арта бермек.     

  БҰҰ  мәліметі  бойынша  жер  бетіндегі  халықтың  саны  6,5  млрд.  адамнан  асып, 

табиғаттың тепе-теңдігі бұзылу үрдесі ұлғаюда. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты 

пайдаланудың  экология-экономикалық  мәселелері  өзінің  өзектілігі  жағынан  алдыңғы 

орында тұр. Міне осыған орай, адамзат баласын экологиялық жағынан таза азық-түлікпен 

қамтамасыз жасау ең өзекті де күрделі экономикалық мәселе қатарына қосылып отыр. ҚР 

өсімдік шаруашылығында көптеген жылдар 400 астам әр түрлі  химикаттарды пайдалану 

және табиғат ресурстарының шамадан тыс пайдаланылуы нәтижесінде, олардың әкелетін 

зардабының  ескерілмеуінен  тек  жер  эрозиясынан  келіп  жатқан  экология-экономикалық 

зиян  шамасы  300  млрд.  теңгеге  жеткен.  Елімізде  бүлінген  жерлердің  ауданы  170645  га 

жеткен. Еліміздің жерінің 66 пайызы тақырға айналу қәупі  төніп тұр. ҚР индустриалды-

аграрлы  ел,  халқының  47  пайызы  ауылдық  жерде  тұрады.  Ауасы,  топырағы  және  суы 

ластанған жерлердің ауданы жылдан-жылға ұлғайып барады. Еліміздің өсімдік және мал 

шаруашылығын дамытуда келесі жағдайларды ескеру тиіс: 

-  ауыл шаруашылық жерлерін құнарландыру шараларын ұдайы жүзеге асыру; 




-      орман-тоғай,        су      ресурстарын        қорғаудың      экология-экономикалық  шараларын 

жасау; 


-  ұтымдылыққа,  ауыл  шаруашылық  өндірісінің  табиғи  ортаға  түсіретін  ауыртпалығын 

мүмкіндігінше азайту; 

-  өндіріске енгізілетін инновациялық технологиялардың әлемдік деңгейге сай болуы; 

 

-  ауыл халқының қоғамдық пікірін зерттеу және санасу; 



-  ауыл шаруашылық өндірістерінің жобаларын экологиялық сараптан өткізу; 

-  табиғат қорғау шараларының тиімді әдістерін негіздеу және іздестіру; 

-  жер ресурстарын экономикалық бағалауды жүзеге асыру; 

-   табиғи орта тепе-тендігіне әсер етпейтін әлемдік озық технологияларды қолдану. 

2.Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін 

тіршілік  негізі  –  таза  ауа.  Ол  тек  өсімдіктер  дүниесінен  бөлініп  шығатын  оттегі.  Бізді 

қоршаған  тропосфералық  ауа  қабатының  20,9%  осы  оттегіден  тұрады,  ол  тұрақты  ең 

қажетті  газдың  бірі.  Су  оттегін  бөліп  шығаратын  негізгі  жасыл  фабрика  –  көпжылдық 

ағаштар.Қазақстан  аумағының  3,8%-ын  орманды  жер  алып  жатыр.  «Қазақстан  -  2030» 

стратегиясында  бұл  көрсеткішті  5,1  %-ға  дейін  көтеру  жоспарланған.  Кейінгі  жылдары 

республикамыздың  орман  қоры  аумағында  2257  орман  өрті  орын  алды.  Бұл  өрттердің 

70%-ы  отты  дұрыс  пайдаланбаудың  салдарынан  болған.  Өрт  4  млн.  текше  метрге  жуық 

ағашты  жойды.  Ірі  орман  өрттері  Шығыс  Қазақстан,  Павлодар,  Ақмола,  Қарағанды, 

Алматы  облыстарында  болды.  50  мың  гектар  орман  алқабында  зиянкестер  мен  ағаш 

аурулары  анықталды.  Ең  ірі  орманды  аумақтар  –  Шығыс  Қазақстан,  Қостанай,  Батыс 

Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 

500  іс  тіркелді.  Қазақстан  солтүстігінде  өзенді  жағалай  өскен  ормандары  мен 

оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.  

Барлық  таулы  жерлердегі  ормандардың  топырақ  пен  су  қорғауға  тигізетін  әсері  көп. 

Олардың  арқасында  тау  бөктерлерінің  шымы  қалпында  сақталып,  су  ағысы  біркелкі 

мөлшерде  реттеліп  отырады.Қазақстандағы  орманның  жалпы  көлемі  «Қазорман» 

шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды. 

Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп 

ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың 

гектардан  астам  орман  өртенді.  Мысалы,  Баянауыл  ұлттық  бағының  ерекше  қорғалатын 

аумағының  12,1  гектары  өртеніп  кеткен.  Бақылау  қызметінің  қысқаруынан  және  қазіргі 

техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер 

ошағы  мен  орман  аурулары  көбейіп  барады.Орманның  азып-тозуы  антропогендік  және 

табиғи  факторлардан  туындайды.  Мысалы,  Қызылқұм  шөлейт  даласын  суаруға 

Сырдариядан  су  алуға  байланысты  жер  асты  суларының  деңгейі  төмендеп,  бұталы  ағаш 

өсімдіктерінің  жағдайы  нашарлап,  бұл  жер  сексеуіл  өсіруге  жарамсыз  болып  қалды. 

Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен 

аса  бағалы  қарағайлы  орман  ретсіз  кесуден  таусылған.  Өзендердің  реттеліп  тежелуінен 



және  өрттен  тоғай қатты  азып-тозып кетті.  Оның  ішінде  сирек  кездесетін  биогеоценоз  – 

тораңғы  да  таусылып  бітті.  Сондықтан  Шардара  ауданында  соңғы  онжылдықта  осы 

тұқымның  30  %-ын  маңызы  шамалы  шеңгел  тобы  ауыстырған.  Жоғары  табиғи  таулы 

жердегі  ерекшелігіне  қарай  тау  орманы  өрттен  көп  зардап  шекті.Республика 

ормандарында  қалыптасқан  экологиялық  нашар  ахуал  және  тозу  процестері  орман 

ресурстарын  сақтап,  ұтымды  пайдалану  жөнінде  шұғыл  және  кесімді  шараларды 

қаблдауды  талап  етеді.  1993  жылы  қабылданған  жаңа  Орман  кодексі  Қазақстан 

Республикасының  құқықтық  және  экологиялық  жағынан  орманды  қорғауға, 

шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды. 

Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады: 

              Бірінші  топқа  жататын  ормандар:  18,7  миллион  гектарды  алып  жатыр.  Бұларға 

егістік қорғауға арналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар 

мен  өндіріс  орындарының  айналасындағы,  курорттық  ормандар,  өзендер,  тас  жол,  темір 

жол  жиегіндегі  және  мемлекеттік  қорықтардың  ормандары  жатады.  Бұл  ормандарды 

кесуге  тыйым  салынған.  Тек  күтіпбаптау,  тазалық  және  орманды  қалпына  келтіру 

кезіндегі  кесулер  ғана  жүргізіледі.  Бірінші  топқа  жататын  ормандарды  қорғауда  оларды 

тиімді  пайдалану  мен  өсірудің  маңызы  зор.  Қазақстан  ормандарының  басым  көпшілігі  – 

Тянь-Шаньнің  таулы  ормандары,  Ертіс  маңындағы  таспалы  тоғай,  Қазақстан  қатпарлы 

өлкесінің  қарағайлы-қайыңды  ормандары,  Солтүстік  Қазақстанның  қайыңды  ормандары, 

тоғайлар  мен  сексеуіл  ормандары.  Екінші  топқа  су  қорғауына  алынған  ормандар,  аз 

орманды,  орташа  орманды  жерлердің  орындары  жатады.  Бірақ  ағашты  кесу  мөлшері 

жылдық  өсімге  сәйкес  анықталады.  Қазақстанда  бұл  топқа  591  мың  гектар  жерді  алып 

жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады. Үшінші топқа орманды жерлерде 

орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары 

жүргізіледі.  Республикамызда  оларға  Кенді  Алтайдың  таулы  ормандары,  Шығыс 

Қазақстан  облысында  –  1,5  миллион  гектар  жерді  алып  жатқан  ормандар  кіреді. 

Сексеуілдің  үлесіне  барлық  ормандардың  аумағының  50  %  сәйкес  келгенмен,  олардағы 

ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-

Шаньде,  Ертіс  маңындағы  таспалы  тоғай  мен  Қазақстанның  қатпарлы  өлкесінде  өседі. 

Ағаш  қоры  мен  көлемі  бойынша  Шығыс  Қазақстанның  қылқанжапырақты  ормандары 

бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ 

қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар 

тұр.Орман  шаруашылығының  ғылыми-зерттеу  институтының  есептеулері  бойынша 

Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет. Солтүстік 

Қазақстан  облысында  ормандарды  егістік  жерлердің  көлемінен  1,6  %-ға  жеткізу, 

Павлодарда  –  4,0  %,  Ақмолада  –  3,8  %,  Ақтөбеде  –  3,9  %  жеткізу  жобаланған.  Егістікті 

қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру 

керек.  Оңтүстіктің  суармалы  егістік  жерлері  мен  оңтүстік  шығыста  орман  белдеуіне  3,5 

%-ды  жер  берілуі  қажет.  Қазақстанның  егістік  қорғауға  арналған  орман  белдеуін  3  %-ға 

дейін  жеткізу  көзделіп  отыр.  Қазіргі  кездегі  табиғи  және  жасанды  ормандар  3,6  % 

құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып 

отыр.  Бұл  экологиялық  тұрғыдан  негізделген.  Республиканың  орман  өсіру  жұмысын  тек 

белгілі  бір  экологиялық  шектеулі  мөлшерде  және  бұрын  орман  өскен  жерлерде  жүргізу 

қажет. Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ 




жерлерде  –  даланың  шөптес  өсімдіктері  басым.  Далалы  жерлерде  орман  отырғызу 

тәжірибесі  оның  тиімсіз  екенін  көрсетті.  Бұл  ағаштар  он  бес  –  жиырма  жасқа  жеткенде 

өздігінен  кеуіп  кетеді.  Олай  болса,  адам  экология  заңдарын  танып  білуі,  дұрыс 

пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның 

ормандарының  экологиясы  толық  зерттелмеген.  Болашақтағы  орман  өсіру  мен  қалпына 

келтіруді  экологиялық  тұрғыдан  қарау  керек.    Кейінгі  кездерде  Оңтүстік  астана  атанған 

Алматы  қаласының  кейбір  көшелеріндегі  жиырма  –  отыз  жалдан  бері  жайқалып  өсіп 

тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатсақ, кейбір 

қайың  ағаштары  өздігінен  қурап  жатыр.  Ол  -  өзімізге  өзіміздің  жасаған  қиянаттың  бірі. 

Отыз-қырық  жыл  бойы  өскен  бір  түп  ағаш  он  адамға  бір  жыл  бойы  дем  алатын  оттегін 

бөліп  шығаратыны  белгілі.  Бір  автокөлік  бір  мың  шақырым  жүріп  өткенде  бір  адамның 

бір  жыл  бойы  дем  алатын  оттегін  жағатындығы  анықталды.  Сонда  қаламыздың 

эстетикалық  көркемдік  жағын  әсемдеумен  қоса,  жылдан-жылға  көбейіп  келе  жатқан 

автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға 

айналдырып  отырған  жайқалған  желектердің  көлденеңінен кесіліп қалған  қысқа  ғұмыры 

адамзат 


баласының 

қайсысын 

болсын 

толғандырады. 

Қаламыздың 

орталық 


базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, 

еркін  дем  алуына  кедергі  келтіреді.  Ондай  көк  түтін  адамның  тыныс  органдарының  ісік 

ауруына  әкеліп  соқтыруы  да  мүмкін.  Қала  ішінің  таза  ауасы  мол  болуы  үшін  қала 

көліктері  электр  қуатымен  жүретін  трамвай  мен  троллейбустарға  көшірілсе,  өте  жақсы 

болар  еді.  Еліміздің  әр  аудан  орталықтарымен  жалғасатын  күре  жолдардың  екі  жақ 

беткейі  жаз  бойы  өртеніп  жосылған  көк  түтін  мен  қара  күйеге  малынып  жатады.  Оған 

тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Ауылдық жерлерде, 

ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік 

бойы  жанып  жатады.  Оған  ауыл  адамдарының  шамасы  келмейтін  уақыттары  да  бар. 

Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай 

жердің шөбі,  орманы  «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама 

улы  көмірқышқыл  газы  түгелдей  атмосферадағы  озон  қабатының  жұқаруына  әсер  етеді. 

Озон  қабатының  жұқаруы  салдарынан  әлемдегі  атмосфераның  жылынып  кету  қаупі 

бүгінгі  таңдағы  ең  елеулі  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Табиғат  ресурстарын  тиімді 

пайдалануды  ұйымдастыру  үшін  экономикалық  критерийге  негізделген  кешенді  тәсіл 

қажет.  Жердің  сұлулығы  мен  байлығын  қорғауды  жан-тәнімен  жақтайтын  адамдар  мен 

табиғатты  кешенді  пайдалану  идеясын  өмірге  енгізу  мен  айналысатын  мамандардың 

арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» 

мен  «қолдан  келеді»  деген  сөздердің  айырмашылығындай.  Бүкіл  адамзат  баласы  болып 

қоршаған  ортаның  экологиялық  тазалығына  бір  мезгіл  көңіл  бөлсе,  өзіміздің  Жер  – 

Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді. 

                   

Пайдаланылғанәдебиеттер:  

1. «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау»  Т.И.Есполов, О.А.Абралиев. 

2.«Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап 

3. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері 




4. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Дәріс № 2 

Тақырыбы:  Адам  және  қоршаған  орта  проблемаларымен  айналысатын  халықаралық 

ұйымдар 

Мақсаты:  Студенттерге  халықаралық  экологиялық  ұйымдар  мен    үкіметтік  емес 

халықаралық  экологиялық  ұйымдарымен  таныстырып,  олардың  қай  жылы  ашылғанын, 

қай  мемлекеттің  қай  қаласында  штабтарының  орналасқанын  және  негізгі  міндеттері  мен 

бағдарламасымен таныстыру. 

Қаралатын сұрақтар:  

1. 

Халықаралық үкімет аралық экологиялық ұйымдар 



2. 

Үкіметтік емес халықаралық экологиялық ұйымдар 

       Табиғи  ресурстарды  пайдалану  саласында    туындайтын    мәселелерді    көршіліес 

мемлекеттермен    бірлесе  отырып  шешудің  қажеттілігі  ХІХ  ғасырда  ақ  пайда  болды. 

Халықаралық  табиғат  қорғау  ынтымақтастығының  тарихы  әлемдегі  жануарлар  әлемін 

сақтау және пайдалануды реттеу жөніндегі келісімді жасаудан басталған. Бұдан 136 жыл 

бұрын  1875  жылы  Австро-Венгрия  және  Италия  құстарды  қорғау  декларациясына  қол 

қойған.  1882  жылы  бірнеше  Еуропа  мемлекеттері  Париж  қаласында  ауыл 

шаруашылығында  пайдалы  құстарды  қорғау  жөніндегі  бірінші  конвенцияға  қол  қойды. 

Халықаралық  келісім  көбінесе  балық,  кит  және  теңіз  жануарларын  қорғау  үшін 

жасалды.Солтүстік  мұхиттағы  балық  аулауды  реттеу  жөніндегі  тәртібі  1882  жылы 

жасалып,  қазіргі  таңда  осы  сала  бойынша  70-ден  аса  келісімдер  бар.  1954  жылы  теңіз 

суларының ластануы проблемасы жөнінде  Лондонда 20 ел қол қойған конвенция, теңізді 

мұнай    өнімдерімен  ластауды  болдырмауға  қол  қойды.  Келісім  бойынша  мұнай  және 

мұнай  қоспаларының  қол  қойған  елдердің  жағалауларына  80  –  250  шақырым  қашықтық 

аралығында  тастауға  рұқсат  етілмейді.  Кейінен  осы  сферада  жаңадан  конвенцияларға 

(1972, 1973 ж.ж.) қол қойды, онда қатаң шаралар қарастырылған суларға шайынды және 

радиоактивті қалдықтарды тастауға тиым салынды.Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен 

ғарышты  бірігіп  пайдалану  жөнінде  Иран,  Ресей,  Өзбекстан,  Түркіменстан  елдерімен 

ынтымақтастық шарттарға қол қойған.  

      ХХ ғасырдың басында көптеген елдерде табиғи ресурстарды қорғау жөінде қоғамдық 

іс шараларды жүзеге  асыруға  бағытталған  алғашқы қадамдар жасала бастады.  

        Соғыстан  кейінгі  кезеңде  бірнеше  халықаралық  маңызды  табиғат  қорғау  ұйымдары 

құрылды,  оған  табиғат  қорғау  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастығы  әлемдік 

масштабта  ұйымдастыру  міндеті  жүктелген  еді.  Бұл  оған  қоршаған  ортаны  қорғау 

саласындағы  бағдарламасында  ЮНЕП  деп  аталды.  Осы  орган  тұрақты  негізде  жұмыс 

жасап жатыр, оның штаб пәтері Найробиде (Кения) орналасқан. Қоршаған ортаны қорғау 

көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша 

оның  кейбір  жеке  аспектілерімен  келесі  мамандандырылған  ұйымдар,    БҰҰ 

басшылығымен  жұмыс  істейді:  ЮНЕСКО  –  «Адам  және  биосфера»    бағдарламасы 

бойынша  жұмысты  орындайды,    адам  мен  қоршаған  орта  байланысы  және  әлеуметтік-

экономикалық  факторларының  дамуына  зерттеулер  жүргізеді;  ЮНЕСКО  БҰҰ 




мемлекеттер  арасында  ынтымақтастық  және  бітімгершілік  келісім-шарттарын  жүргізуге 

ықпал  жасайтын  арнайы  мамандандырылған  мекеме.  Оның  негізі  1946  жылы  құрылған. 

Бұл мекеменің штаб пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. 

ФАО  –  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  өңдеу  және  өндіруді  жақсарту  міндетін  атқарады, 

агросфераға  инвестиция  тартуға,  топырақ  құнарлығын  арттыру  мен  жер  ресурстарын 

ұтымды пайдалану, қорғау; жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын 

тигізуге  көмектеседі.  ФАО  негізі  1945жылы  құрылған.  Бұл  мекеменің  штаб  пәтері 

Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан. 

ВОЗ (Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы) – әлем халықтарының денсаулығын қадағалайды, 

экологиялық  қауіпсіздікті  сақтау  мақсаты  жүктелген,  оған  таза  сумен  қамтамасыз  жасау 

және тұрмыстық қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне 

қарсы  емдеу  шараларын  іздестіреді,  халықаралық  деңгейдегі  санитарлық  ережелерді 

жасайды, сондай-ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын тексереді. ВОЗ мекемесі 1946 жылы 

құрылды.      Бұл мекеменің штаб пәтері Женева қаласында орналасқан. 

ЮНИДО  –  халықаралық  жаңа  экономикалық  тәртіпті  бекіту  және  өнеркәсіптің  дамуына 

оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген. 

МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған 

радиоактивтік  материалдарды  қоршаған  ортаға  экологиялық  зиянын  тигізбей  тасмалдау 

мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану 

ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында пайда болған агенттік. Қазіргі 

кезде  бұл  агенттік  барлық  елдердегі  атом  электр  станцияларының  қауіпсіздігін 

қадағалайды.  Бұл  агенттік  1957  жылы  құрылған  Бұл  мекеменің  штаб  пәтері  Вена 

қаласында орналасқан.    

ВМО  (Әлемдік  метерологиялық  мекеме)  –  әлемдік  ауа-райын  бақылау  қызметі,  оның 

негізгі  міндеті  планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер 

мен  бақылау  жасау.  Бұл  ұйым  метерологиялық  бақылау  мен  зерттеу  бағытына 

халықаралық  ынтымақтастықты  дамыту,  сондай-ақ  ұлттық  метерологиялық  қызметтің 

жұмысын  үйлестіру.  Бұл  мекеме  негізі  1873  жылы  құрылып,  1947  жылдан  бастап  БҰҰ 

құрамына енді.   Бұл мекеменің штаб пәтері Женева қаласында орналасқан. 

МСОП  (Табиғатты  және  табиғи  ресурстарды  қорғаудағы  халықаралық  одақ)  –  бұл  одақ 

ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекеме. МСОП 

әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде 

ұсыныстар берді.Ұйым 1948 жылы құрылған.  Бұл мекеменің штаб пәтері Глан қаласында 

орналасқан. (Швецария).  

       Мемлекеттік  емес  халықаралық  ұйым  -  1968  жылы  құрылды.Оның  мүшелері  таяу 

болашақты  болжауды  және  әлемдік  қауымдастықты  ғаламдық  экологиялық- 

экономикалық  қауіптілік алдын алу қажеттігін мойындатуды, олар  компьютерлік жүйені 

талдау және көпсатылы бағынышты жүйе негізінде ғаламдық экономикалық, техникалық, 

әлеуметтік және экологиялық жүйелердің біртұтас дамытуды   өздеріне мақсат тұтты. 



      1983  жылы  БҰҰ    бастамасымен  қоршаған  орта  және  даму  жөнінде  халықаралық 

комиссия  құрылды.  Негізгі    баяндамасында  экологиялық  бағыттағы  дамудың 

экологиялық,  экономикалық  және  әлеуметтік  жақтарын  қамтитын,  болашаққа  бірден  бір 

жол болатын тұрақты даму қажеттілігі дәлелденді. Негізгі міндеттері: 

-    2000  ж  дейін  және  одан  кейінгі  ұзақ  мерзімде  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ететін 

қоршаған ортаны қорғау саласында ұзақ мерзімдік стратегия ұсыну; 

-  әлеуметтік экономикалық дамудың әр түрлі сатысындағы елдер арасында экологиялық 

мәселелерді  шешу  үшін  тығыз  ынтықмақтастық  және  мәселені  халықтың  саны, 

орналасуы, табиғат ресурстары, қоршаған орта жағдайын, дамуын ескере отырып шешу; 

-    ғаламдық  экологиялық  ұзақ  мерзімдік  мәселерді  түсінуге,  сондай  ақ  қоршаған  ортаны 

қорғау мәселелерін шешуге көмектесу. 

     1992  ж  маусымда    Рио-де  –Жанейрода  БҰҰ  қоршаған  орта  және  даму  туралы 

конференциясы өтті. Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Оның ішінде 

- қоршаған орта және даму жөнінде Рио ресми мәлімдемесі; 

-  барлық  түрдегі  ормандарды  қорғау  және  әлемдік  ауызбіршілік  принциптері  туралы 

мәлімдеме 

-  ХХІ  ғасырдың  Күн  тәртібі  таяу  болашақтың  экология  экономикалық  және  әлеуметтік 

экономикалық мәселелерін  шешуге қауымдастықты әзірлеуге бағытталған құжат. 

1993 жылы Адам құқықтары жөніндегі Вена конференциясында халықтың өсуі мен дамуы 

жөніндегі  Халықаралық  конференцияда:  әйелдердің  жағдайы  жөніндегі  дүниежүзілік  

төртінші  Конференцияда халықтың өсуі, әйелдердің құқықтары ме мүмкіндіктері ұлғайту 

проблемаларын  даму  бағдарламаларына  енгізудің  маңыздылығын  танумен  көрінетін 

прогресске  қол жетті. 

   1997  жылы  желтоқсанда  Киота  қаласында  әлемдік  қауымдастықтың  елдері    ғаламдық 

жылынуға  себеп  болатын  парник  газдарын  атмосфераға  шығаруды  бақылау  жөніндегі 

тарихи келісімдер жасалынды.  

Климаттың  өзгеруі  туралы  біріккен  ұлттар  ұйымының  рамалық  конвенциясы.Бұл 

конвенцияның  мақсаты:  «Климаттың  өзгеруі»  дегеніміз  адамдардың  тікелей  немесе 

жанама  түрдегі  іс  әрекетінің    нәтижесінде  пайда  болаған  климаттағы  өзгерістер;  бұлар 

орасан зор атмосферадағы өзгерістер, оны салыстыруға болатын уақыт аралығында табиғи 

және антропогендік өзгерістерден байқаймыз.      

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1. 

Н.Ә.Назарбаев  Қазакстан  –  2030    Барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, 

қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы:        Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 

– Алматы,Жеті жарғы, 2005, - 144 б. 

2. 

«Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап   




      3.    Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау»  Т.И.Есполов, О.А.Абралиев. 

                  

    

 

                                    



 

                  

Дәріс № 3 

Тақырыбы: Қоршаған орта компоненттері. Қоршаған ортаның табиғи, қайта жасақталған, 

жасанды және әлеуметтік компоненттері 

Мақсаты:  Студенттерге  халықаралық  экологиялық  ұйымдар  мен    үкіметтік  емес 

халықаралық  экологиялық  ұйымдарымен  таныстырып,  олардың  қай  жылы  ашылғанын, 

қай  мемлекеттің  қай  қаласында  штабтарының  орналасқанын  және  негізгі  міндеттері  мен 

бағдарламасымен таныстыру. 

Қаралатын сұрақтар:  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Дәріс № 5 

Тақырыбы: Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстар жөніндегі ұғым, олардың құрамы. 

Қаралатын сұрақтар 

1)табиғи ресурстарды төлемақы 

2)Табиғи ресурстардың классификациясы 

3)Адам өміріндегі ресурстардың ролі 

 

  Қоршаған  ортаны  ластаудағы  төлемақы  табиғат  пайдаланудың  төлем  принціпін  жүзеге 



асырады,  сондай  -  ақ  табиғат  қорғау  заңдылықтарын  бұзғандағы  экономикалық 

жауапкершілік  принціпін  табиғат  пайдалану  сферасындағы  экономикалық  басқару 




әдістерінің  бірден  –  бірі  болып  табылады.  Қоршаған  ортаны  ластауға  төленетін 

төлемақының экономикалық механизмі қалыптасуын кезеңдер бойынша қарастыру.  

 Қазіргі  қолданып  жүрген  төлемақы  төлеу  жүйесінің  негізі  болып  табиғат  қорғау 

шараларын  жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін анықтау  әдісі  мен экономикалық  

зиянды бағалау ( 1983)және суды пайдаланудың заңдылықтарын бұзудан өкіметке келген 

зиянды есептеу әдісі (1983 )алынған. Осы құжаттарға байланысты төлемді есептеудің екі 

әдісі қарастырылған: 

бірінші  әдіс  –  төлем  есебі  қоршаған  ортаны  ластау  (немесе  тек  шеткі  мөлшерден 



асып  келтірілген  зиян)  нәтижесінде  келген  толық  экономикалық  зиян  сомасы  есебіне 

негізделген;  

екінші  тәсіл  –  төлем,  табиғат  қорғау  шараларын  жүзеге  асыру  шығындарынан 



тұрады.  

Экономикалық  зиянды  анықтауда  бірсыпыра  әдістемелік  қиыншылықтар  бар  болуына 

байланысты  екінші  тәсілге  басымдылық  беріліп  келеді.  Бірақ,  бүтіндей  алғанда 

әдістемелік тәсілдер практикалық мәні болмады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                              

                                     Дәріс № 6 

Тақырыбы: Антропогендік орта және оның адамға әсері. Адам қолымен жасалған жасанды  

орта.  Аграрлы  және  өнеркәсіптік  орта.  Антропогендік  факторлардың  адам  мен  қоғамға 

әсері 


Қаралатын сұрақтар 

1) Антропогендік орта және оның адамға әсері 

2) Адам қолымен жасалған жасанды  орта. Аграрлы және өнеркәсіптік орта. 

3) Антропогендік факторлардың адам мен қоғамға әсері 

Антропогенді факторлар адам қызметінің қоршаған  ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы 

(зиянды    заттардың  атмосфераға  шығарылуы,  топырақ  қабатының  бұзылуы,  табиғи 

ландшафтардың бұзылуы). 

Берілген  жіктелу  шартты  болып    табылады.  Себебі,  температураны  абиотикалық  фактор 

ретінде  қарастырсақ, ол тірі ағзалардың әрекетіне байланысты жиі өзгертіп отырады. 



        Антропогендік  өндірістік  фактор  тікелей  өндіріс  процесіне  қатысатын  адам 

денсаулығына  қолайсыз  зардаптарға  ұшырататын  және  белгілі  өндіріс  процесінің 

нәтижесінде  қоршаған  ортаны  антропогенді  өзгерістерге  итеретін  қабілеті  бар  фактор. 

Өзінің  табиғатына  байланысты  антропогендік    өндірістік  факторлар  физикалық, 

химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. 

       Антропогендік  факторлар  табиғи  ортаға  адам  әрекеттерінің  әсер  ететін  шаруашылық 

факторлар  жиынтығы.  Адам  қоғамының  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсері  өте  мол: 

қоршаған      ауаның  құрамы  мен  қасиетіне,  өзендерге,  теңіздерге,  мұхиттарға,  сонымен 

қатар  жер  бетіндегі  топырақтарға,  жай  ластау  емес,  радиобелсенділігі  бар  заттармен 

ластау,  экожүйелердің  құрамы  мен  құрлымын  бүлдіру.  Соның  ішінде  тіпті  қоғамға 

пайдалы көптеген жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуі.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



                                                  Дәріс № 7 

Тақырыбы: Табиғи ортаның ластануы. Ластаушылардың негізгі сипаттамасы мен көздері. 

Ластанудың экожүйеге әсері 

Қаралатын сұрақтар 

 1) Табиғи ортаның ластануы 

2) Ластаушылардың негізгі сипаттамасы мен көздері. Ластанудың экожүйеге әсері 

3) Ластанудың экожүйеге әсері 

            Қоршаған  ортаның  ластаушылары  биологиялық  кездейсоқ,  не  адам  іс  әрекеті 

нәтижесінде  болатын,  механикалық  ортаның  физико-  химиялық  емес    техникалық, 

механикалық  әсер  ететін  агенттермен    ластануы,  химиялық  ортада  бұрын  болмаған 

қосылыстардың  пайда  болуы,  не  қалыпты  нормадан  асатын  концентрациядағы 

қосылыстаррдың  көбеюі  нәтижесінде  ортаның  табиғи  химиялық  қасиеттерінің  өзгеруі 

және физикалық, физикалық реагенттер арқылы ластану болып бөлінеді. 

Физикалық ластану төмендегіше болып бөлінеді: 

-өндірістік  қалдықтардағы  қызған  ауа,  газдар,  не  су  әсерінен  ортаның  температурасы 

көтерілетін жылулық ластану; 

-табиғи  мөлшерден  жоғары  шу  интенсивтілігінің  артуы  нәтижесінде  болатын  шумен 

ластану; 

-радиоктивті ластану ортадағы радиоактиті заттардың табиғи мөлшерден көбеюі; 



         Микробиологиялық  ластану  адамның  шаруашылық  іс  әрекеті  нәтижесінде  өзгерген 

ортада, не антропогенді субстраттарда микроорганизмдердің жаппай көбеюі. Экологиялық  

тұрғыдан алғанда, ластану атмосфера, топырақ, не суға оларға жат компоненттердің жай 

ғана түсуі  емес.  

Қоршаған  ортаның  ластануы  дегеніміз-  кез  келген  экологиялық  системаға  оған  тән  емес 

тірі,  не  өлі  компоненттердің  түсуі    нәтижесінде  экожүйенің  бұзылуы,  не  оның 

өнімділігінің төмендеуі. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Дәріс № 9 



Тақырыбы: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оларды қорғау. 

Мақсаты:  Студенттерге  еліміздің  табиғи  байлықтарын  таныстырып,  оларды  қорғауды 

және тиімді пайдалануды үйрету. 

Қаралатын сұрақтар:  

1. 

Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік 



2. 

Табиғатты пайдалануды болжау және басқару қоршаған ортаны қорғау 

 

Табиғат  байлығын  тиімді  пайдаланудың  ең  негізгі  бағыты  кешенділік.  Табиғат  қорғау 



шаралары да кешенділікті талап етеді. 

         Кешенді  пайдалану  деп  –  табиғат  байлығының  барлық  тиімді  қасиеттерін  табиғи 

ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз. 

         Кешенді  пайдалану  ұғымына  өндіріс  және  тұтыным  қалдықтарын  пайдалану  да 

кіреді. 

         Белгілі  бір  жағдайда  минералдық  шикізат  қорын  кешенді  пайдалану  деп  аймақтағы 

барлық  ресурстарды  пайдалануды  айтады.  Бүл  ұғымға  минералдық  шикізат  кешенді 

барлау,  мейілінше  толық  өндіру,  өндірілген  қорды  кешенді  пайдалану,  шикізаттың  жеке 

түрлерін кешенді ұқсату ұғымдары кіреді. 

         Минералдық  шикізатты  кешенді  пайдалану  -  өндірілген  кешендегі  пайдалы  негізгі 

және  қосымша  элементтерді  және  өндіріс қалдықтарын  пайдалану.  Минералдық  шикізат 



қорын кешенді пайдалану – кен қорын және өндіргенде қосымша өнім болып табылатын 

тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық ұқсату. 

         Аймақтағы  кен  көздерін  кешенді  пайдалану  деп  жақын  орналасқан  кендерді  бір-

бірімен  байланысты  ортақ  игеруді  айтады.  Жеке-дара  игеруге  тиімсіз  ұсақ  кеніштерді 

бірге  пайдаланғанда  тиімді  болуы  мүмкін.  Өйткені  ортақ  байыту  фабрикалары,  ортақ 

өндірістік  және  әлеуметтік  инфрақұрылымдар  салынады.  Соның  нәтижесінде 

шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады. 

         Минералдық  шикізатты  кешенді  пайдалануды  бірнеше  натуралдық  және  құндық 

көрсеткіштермен  сипаттауға  болады.  Кешенді  пайдалану  дәрежесі:  тауарға  алынған 

элементтер  саны,  шамасы;  кеннің  құрамындағы  пайдалы  элементтерді  айырып  алу 

дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және 

тиімділік т.б.  

         Минералдық  шикізатты  кешенді  пайдалану  көрсеткіштері:  кешенді  пайдалану 

дәрежесі-  тауарға  алынған  элементтер  саны;  минералдық  шикізат  қорын  пайдалану- 

кеннің  құрамындағы  элементтерді  айырып  алу:  жалпы  көрсеткіш  –  тауарға  алынған 

элементтер  құнының  кеннің  құрамындағы  элементтер  құнына  қатынасы,  кешенді 

пайдалану тиімділігі- экономикалық тиімдер соммасының шығынға қатынасы. 

         Шикізат  қорын  толық  пайдалану  дәрежесі  жіберілген  қөлдықтың  шамасын  өлшеу 

арқылы  анықталуы  мүмкін  немесе  алынған  өнім  мен  есептелген  өнім  шамасын 

салыстырады. 

         Қазіргі ғылыми техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкінік 

береді,  бірақ  соның  ішінде  тиімдісі  алынады.Осы  тиімді  кешенділікті  анықтау  ерекше 

экономикалық мәселе болып табылады. 

         Кешенді  пайдалану  варианттарын  экономикалық  тиімділігін  анықтаудың  түпкі 

мақсаты-  халық  шаруашылық  қажетін  шикізаттан  алынатын  өнімдермен  неғұрлым  аз 

шығын  жұмсап  қанағаттандыру.  Бұл  тұрғыдан  шикізатты  кешенді  пайдалану  вариантын 

анықтау  өндірістің,  қолданылатын  технологияның  тиімдісін  таңдау  болып  табылады. 

Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің 

халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды. 

         Тиімді  өндірістің  ең  басты  белгісі-нақты  және  өткен  еңбектің,  табиғат 

ресурстарының  үнеделуі,  табиғи  ортаға  нұқсан  келтірмеу.  Осы  белгіні  табиғат 

ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануға болады. Варианттарды салыстыру 

үшін  баланстық  есептеулер  жүргізу  қажет  болады  бірақ  бұлай  істеу  қиындықтармен 

байланысты. Мысалы, минералды шикізатты пайдаланудың тиімді вариантын таңдау үшін 

әр  кезде  кәсіпорындарда,  аймақ  бойынша  немесе  республика  көлемінде  шикізаттан 

алынатын  барлық  өнімдердің  баланстық  есептеулерін  жүргізіп  жағдайларды  басқа 

варианттармен салыстыру қажет. 

         Қазіргі  кезде  тиімді  вариантты  таңдауда  көп  қолданылатын  әдіс-  келтірілген 

шығындарды салыстыру. Мұнда тиімді вариантты таңдау белгісі шығынының ең азы. Бұл 

әдісті  қолданудың  басты  шарты  варианттар  бір-бірімен  салыстырылатын  болуы  немесе 




сол  жағдайға  келтірілуі  керек.  Варианттарды  өнімнің  шамасы  бойынша  салыстыру  үшін 

“компенсация” (орынын толтыру) әдісі қолданылады. 

Мұны  мынандай  мысалмен  түсіндіреміз:  минералдық  шикізатты  кешенді  пайдалану 

варианттарының біреуінде, 3 элемент, 5 элемент алынады. 

 

Көрсеткіштер 



І вариант ІІ вариант  

Pb 


Қорғасын Zn 

Мырыш Cu 

Мыс Pb 

Қорғасын Zn 

Мыс Cu 

Күміс Ag 

Күміс Au 

Алтын  


Алтын өнім, т, кг 

Келтірілген шығын, тг/т, мың тг/кг 

Шекті шығын, тг/т, мың т/кг  

 

Екі  варианттағы  өнімдер  саны  және  түрі  бойынша  бір-бірімен  салыстыруға  келмейді.  І 



вариантта  қорғасын,  мырыш  және  мыс  көбірек  және  аздау  шығын  мен  аламыз.  ІІ 

вариантта  қосымша  алтын  және  күміс  аламыз,  бірақ  алғашқы  элеиенттерді  алу  шығыны 

артады. Тиімді вариантты бірден таңдай қою қиын. 

         Варианттарды  салыстыру  үшін  өнімдерін  теңестіреміз.  Әр  вариантқа  жетіспеген 

өнімдері  шеткі  шығынмен  қосамыз.  Ол  өнімдерді  шеткі  шығын  жұмсап  басқа  жақтан 

әкелдік деуімізге болады. 

         “Компенсация”  әдісінің  мағынасы  да  осы.  Жетіспеген  өнім  “компенсациялық”  яғни 

шеткі шығынмен алынады деп есептеледі.Сонда бірінші вариантқа 0,2кг алтын және 0,5кг 

қосамыз,  ал  екінші  вариантқа  2т  қорғасын,  5т  мырыш,  0,2т  мыс  қосамыз.  Вариант 

бойынша  алынатын  өнімге  шығынды  келтірілген  шығынмен,қосымша  өнімді 

“компенсациялық” шығын мен есептейміз. Сонда әр вариантқа бірдей 10т қорғасын, 20т 

мырыш, 2т мыс, 0,2кг алтын, 0,5кг күміс алу үшін жұмсалатын шығын: 




І в.: (10*500+20*300+2*6000+0,2*200000+0,5*20000)=62200 тенге; 

ІІв.: (8*600+15*400+1,8*600+0,2*18000+0,5*18000+2*800+5*500+0,2*1000)= 61270 тенге. 

Сонымен бірдей өнімдерге жұмсалатын жалпы шығындар бойынша екіші вариант тиімді. 

Осындай қорытынды диференциалдық рента көрсеткішін қолданып та шығаруға болады. 

Әр бір өнімге шекті шығын мен келтірілген шығын шамасын салыстырып жалпы рентаны 

есептейміз. 

Ів.: [(800-500)*10 + (500-300)*20+ (1000-600)*2]= 7800тг. 

ІІв.:[(800-600)*8+ (500-400)*15+ (1000-650)*1,8 -(200000-180000)*0,2+(20000-18000)*0,5]= 

8730тг. 

         Екінші вариантта ренталдық табыс көп, сондықтан ол тиімдірек . 

Тиімді  вариантты таңдау үшін табыс немесе  пайда көрсеткіштерін де қолдануға болады. 

Варианттарды  салыстыру  үшін  онда  “компенсациялық  табыс”  немесе  “компенсациялық 

пайда” ұғымын қолданамыз. 

Минералдық  шикізатты  кешенді  пайдалану  экономикалық  тиіммен  қатар  экологиялық 

және әлеуметтік тиімдер береді. Оның бәрін нақты есептеу мүмкін емес, бірақ шамалауға 

болады. Ең дұрысы әлеуметтік – экономикалық нәтижелерді барынша толық есептеу. 

Минералды  шикізатты  кешенді  пайдаланудың  нәтижесінде:  одан  алынатын  өнімнің 

түрлері  және  мөлшері  көбейеді;  қалпына  келмейтін  шикізат  үнемделеді;  табиғи  ортаға 

зиянды әсерлер азаяды; табиғат қорғау шығындары үнемделеді. 

         Өнімнің  түрінің  мөлшерінің  көбеюі,  шығындардың  үнемделуі  шикізаттың  әр  бір 

өлшемінен  алынатын  өнімнің  құны  арқылы  ренталдық  табысқа  кіреді.  Сонымен  қатар, 

қалпына келмейтін(сарқылатын) табиғат баилығының үнемделуі ерекше есептелуі қажет. 

Мысалы,  шикізаттың  тапшылығына  байланысты  арнаулы  коэффиценттер  қолдану,  кенді 

барлауға жұмсалған шығындардың үнемделуін қоса есептеу және т.б. 

        Минералдық  шикізат  қалдық  шығарылмай  кешенді  пайдаланылатын  болса  табиғи 

ортаны  ластамайды,  сауықтыруға  әсерін  тигізеді.  Соның  салдарынан  өсімдіктердің, 

жануарлардың  өсіміне,  адамдардың  денсаулығына  зиян  келмейді,  судың,  ауаның, 

топырақтың  тазалығы  сақталады,  негізгі  қордың,  басқа  да  мүліктердің  тозуы 

тездетілмейді, пайдаланылатын табиғат ресурстары артады, т.б. 

         Кешенді 

пайдаланудың  мұндай  нәтижелерінің  біршамасын  экономикалық 

көрсеткіштермен  айқындауға  болады:  нақты  шығындар,  болдырмаған  шығындар  немесе 

орын  толтыру  шығындары  бойынша.  Әйткенмен  табиғат  ресурстарын  кешенді 

пайдаланудың толық  нәтижелері  нақты көрсеткіштермен есептеуге  келмеиді. Сондықтан 

кейбір нәтижелерді арнаулы әдістер қолданып есептеуге тура келеді. 

         Табиғат  ресурстарының  аймақтық  үйлесімдігі  оларды  кешенді  пайдалану 

мүмкіндігін  арттырады.  Мысалы,  отын  энергия,  минералдық  шикізат,  су  қорының  бір 

аймақта  орналасуы  металлургия  кенішін  дамытудың  негізі  болады.  Минералды  шикізат 




көздерінің  бір  аймақта  топтасып  орналасуы  ортақ  байытуфабрикасын,  ортақ 

инфрақұрылымдар  пайдалану  арқылы  оларды  кешенді  игеру  тиімділігін  арттырады, 

өндірісті  орналастырудың  тиімді  түрі  территориялық  өндірістік  кешендер  (ТӨК) 

қалыптастыру мүмкіндігін туғызады. Қазақстанда осындай бірнеше ТӨК-ті атауға болады. 

Қарағанды-  Теміртау  көмір  мен  темір  кендерінің  аймақтық  үйлесімділігін  пайдалану 

негізінде  құрылған.  Жамбыл-  Қаратау  фосфорит  кенін  кешенді  пайдалануға  негізделген. 

Маңғыстау мұнай мен газды, Кенді Алтай түсті металлдарды, Екібастұз- Павлодар көмір 

мен энергия көздері кешкенді пайдалану мақсатында құрылған. 

 

 

  



 

          Табиғатты  пайдалану  мен  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғауды  мемлекеттік  басқару 

қоғамдық  әлеуметтік  басқарудың  бір  саласы  болып  табылады.  Басқарудың  мақсаты  - 

экологиялық  бағдарламалардың,  жоспарлардың  және  шаралардың  орындалуын 

қамтамасыз  ету,  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау,  табиғи  қорларды  тиімді  пайдалануды 

және  салалардағы  заң  ережелерінің  бұзылмауын  қамтамасыз  ету,  адам  өмірі  мен 

денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. 

Табиғи  ресурстарды  пайдалану  және  қоршаған  табиғи  ортаны  басқаратын  органдардың 

қатарына  Қазақстан  Республикасы  Министірлер  Кабинеті,  Ораталық  атқарушы  органдар 

және  жергілікті  өкілді  органдар  жатады.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  қоршаған 

ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар: 

•  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  бағыттарын,  оны  жүзеге  асыру  жөніндегі  стратегиялық 

және тактикалық шараларды әзірлейді; 

• табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік) экологиялық 

бағдарламалар  әзірлейді,  оларды  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  бекітуіне 

ұсынады; 

• қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге 

қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді; 

• міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді; 

•  табиғат  пайдаланушыларға  рұқсат  алу  қажет  болатын  табиғат  пайдалану  түрлерінің 

тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді; 

•  қоршаған  орта  мен  табиғи  ресурстардың  мемлекеттік  мотарингінің  құрылымын, 

мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді; 

•  қоршаған  ортаны  қорғау,  табиғат  пайдалануды  басқару  және  бұл  салада  мемлекеттік 

бақылау  жасау  міндеттерін  жүзеге  асыратын  арнаулы  уәкілетті  органдардың  тізбесін 

айқындайды; 

• халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады т.б. 



Қазақстан  Республикасы  экология  және  табиғи  ресурстарды  министірлігінің,  сондай-ақ 

оны жергілікті органдардың (облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын қызметтеріне 

мына төмендегілер жатады: 

• қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғитты пайдалануды басқарудың экономикалық 

тетігін іске асыру; 

•  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  саласында  біртұтас  мемлекеттік  ғылыми-техникалық 

саясат жүргізу; 

• мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу; 

қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға және табиғи ... 

 

 



 

 

Дәріс № 13 



Тақырыбы: Су ресурстарын қорғау. 

Мақсаты: Студенттерге еліміздегі су ресурстарымен таныстырып, оларды қорғауды және 

тиімді пайдалануды үйрету. 

Қаралатын сұрақтар:  

1. 

Гидросфераға жалпы сипаттама. 



2. 

Адам өміріндегі судың маңызы. 

3. 

Су ресурстарын қолдану және олардың ластануы. 



4. 

Суды тазалау мен қорғау. 

Жер жүзіндегі барлық су біздің ғаламшардың төрт сферасының бірі -гидросфера ұғымына 

біріктіріледі.Басқа  үш  сфера  –  литосфера,  атмосфера  және  биосфера  –  гидросферамен 

өзара  ұдайы  тығыз  байланыста  болады.  Сұйық,  қатты  газ  күйіндегі  су  атмосферада, 

гидросферада,  биосферада,  литосферада  тараған.  Су  еркін  және  байланысқан  күйде 

кездеседі. М.М. Львовичтің деректері бойынша Жер беті  мен оның қойнауындағы судың 

мөлшері  1,8  млрд.  текше  шақырым,жер  массасының  1%-ы.  Оның  негізгі  массасын 

теңіздер мен мұхиттар суы құрайды (1,37 млрд.текше шақырым ) Бұл су бетінің 70,8 %-ын 

алып  жатыр.  Өзендерде,  көлдерде,  бөгендерде  0,751  млн.  текше  метрінде,  жер 

мұздықтарында  20  млн.  текше  шақырымға  жуық,  атмосферада  0,0123  млн.  текше 

шақырым шамасында су бар. П.А.Шумский, А.Н.Кренко және И.А.Зотиковтың деректері 

бойынша  мұздықтардағы  су  көлемі  24  млн.  текше  метр.  Мұз  үлесіне  250  мың  текше 

шақырым, оның ішінде 200 мың текше шақырым су әсіресе мәңгі тоң мұзы үлесіне келеді. 

35  мың  текше  шақырым  айсбергтер,  ал  1,6  мың  текше  шақырым  атмосфералық  мұз  – 



атмосфера  буы  көлемін  құрайды.  Жер  асты  суларының  барлық  түрі  ғаламшардың  жер 

астылық  гидросферасын  құрайды.  Сонымен,  гидросфера  –  біздің  ғаламшарымыздың  су 

қабығы.  Гидросфераға  дүние  жүзілік  мұхиттар  мен  теңіздердің  суы,  құрлық 

су,өзендер,көлдер,  бөгендер,  поляр  мен  тау  мұздықтары,  сондай-ақ  атмосфера  буы  және 

литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты сулары мен топырақ ылғалы жатады. 

Жер  қыртысындағы  судың  мөлшері  жөніндегі  деректер  толық  емес  және  жер  асты 

суларының  мөлшерін  анықтау  күрделі  жұмыс.  Бұл  мәселе  жөнінде    зерттеуші 

ғалымдардыңда пікірлері бірдей емес. Көпшілік ғалымдардың пайымдауынша жер асты су 

қоры  60  млн.  текше  шақырым  деп  жорамалдайды.  Ал,  В.И.Вернадский  бойынша  жер 

қыртысындағы  судың  жалпы  көлемі,  16  шақырым  тереңдікке  дейін,    шамамен  0,4  млрд. 

текше  шақырымға  тең.  Г.В.Богомоловтың  деректері  бойынша  әр  түрлі  зерттеушілер 

мантияға  дейінгі  жер  қыртысындағы  судың  мөлшерін  0,0015-тен  1,2-ге  дейінгі  млрд. 

текше шақырым шамасында деп есептейді. 

Жер  асты  суларының  құрамы  әр  түрлі.  Мысалы,  ондағы  сулардың  түсі  мен  мөлдірлігі 

оның  құрамындағы  механикалық  қоспалар  мен  органикалық  заттарға,  газдарға 

байланысты. Жер асты суларының әдетте иісі болмайды. Бірақ кейде жер асты суларынан 

шіріген  жұмыртқаның  (көмірсутек),  батпақтың,  өлексенің,  өңездің  иісі  сезіледі.  Ауыз 

суында  иіс  болмауы  тиіс.  Судың  иісін  дәл  анықтау  үшін  оны  50  –  60°С-  қа  дейін 

жылытады.  Жер  асты  суларында  таза  тұщы  сумен  қатар  өте  тереңде  тұзды  суларда 

кездеседі. 

Топырақ  ылғалы  75  мың  шақырым  текше  су  ұстайды  және  бұл  гидросфераның  басқа 

бөліктері  көлемімен  салыстырғанда  онша  көп  емес,  бірақ  топырақ  ылғалының  екпе 

өсімдіктер мен орман өсіруде де, адам өмірінде де үлкен маңызы бар. Құрлықтың жарты 

аумағында  топырақ  ылғалының  тапшылығы  байқалады.  Сондықтан  егіс  өнімін  арттыру 

үшін топырақ ылғалдығын молайту мен оны реттеу шаралары жүргізілуде. 

Атмосфера  су  буының  басым  бөлігі  экватор  аймағында  16  –  18  шақырым,  қоңыржай 

ендікте  10  –  12  шақырым  және  поляр  ендігінде  7  –  10  шақырым  биіктікке  дейін 

тропосфера  шегінде  таралған.  Бұдан  жоғары  стартосферада  су  буы  жоқ  деуге  болады. 

Атмосфера су буының көлемі 14 мың шақырым текше шамасында. Бірақ судың буға және 

қайтара  алмасуы  үнемі  жүргендіктен  бұл  көлем  жыл  бойында  40  рет  еселенеді  деуге 

болады. 

Гидросфераның  жалпы  көлеміне  қарағанда,  тұщы  су  көлемінің  өте  аздығын  негізге  ала 

отырып  адамзатқа  «су  тапшылығы»  қаупі  туады  деген  теріс  қорытынды  жасаушылықта 

кездеседі.  Мұндай  қауіпті  шындығында  тұщы  судың  абсолют  қоры  тудырады.Тұщы 

судың  бір  мезгілдегі  қорынан  (гидросфераның  тұщы  бөліктерінің  көлемі)  оның 

«динамикалық  қоры»,яғни айналымға қатысты судың маңызы көбірек. Біріншіден, бұл  – 

тұщы су, екіншіден, ол мәңгі айналым процесінде үздіксіз қайта қалпына келіп отырады. 

Егер  су  тапшылығы  қаупін  айтатын  болсақ,  ол  жер  жүзіндегі  судың  жеткіліксіздігінен 

емес, негізінде су ресурстарын дұрыс пайдалана білмегенінен туады. 



Жер  шарының  су  айнасы  бірыңғай  әлемдік  мұхит  деп  аталатын  су  көзінен  тұрады.  Бір 

қатар ерекшеліктеріне сәйкес әлемдік мұхит әртүрлі мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға 

және бұғаздарға бөлінеді. 

Бас  суайрық  құрлықты  екі  беткейге  бөледі:  1)Атлант  және  Солтүстік  Мұзды  мұхиттарға 

құятын  өзен  ағындыларын  құрайтын  (60%)  беткей;  2)  Тынық  және  Үнді  мұхиттарына 

құятын  өзен  ағындыларын  құрайтын  (40%)  беткей;.  Екінші  қатардағы  суайрықтарға 

аталған  мұхиттардың  ішкі  алаптарының  суайрықтары  мен  ішкі  ағындылар  және  тұйық 

аймақтардың суайрықтары жатады. 

Ішкі  ағындардың  үлкен  аймағы  –  Арал-Каспий,  оған  Еділ-Жайық,  Кура,  Сырдария, 

Әмудария  және  басқа  өзендерінің  алаптары  жатады.  Тұйық  аймақтар  қатарына  Сахара, 

Аравия және Орталық Австралия шөлдері кіреді. 

Судың  жердегі  барлық  тіршілік  үшін  және  адам  өміріндегі  маңызы  ерекше.  Сондықтан 

гидросфераны және су экожүйелерінің режимін зерттеу мәселесінде тұрақты және үлкен 

көңіл  бөлуді  қажет    етеді.  Су  ортасының  ластағыш  заттармен  ластануы  тірі 

организмдердің тіршілігіне және барлық су экожүйесіне әсерін тигізеді. 

Су  экожүйелерін  қорғау  –  бүкіл  халықтық  іс.  Су  бірінші  қажеттілік  және  біздің 

байлығымыз. Оларды тиімді пайдалану, қорғай білу, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау 

ауқымды  мәселелерге  айналып  отыр  Судың  адам  өмірінде  де,  табиғатта  да,  өндіріс 

орындары мен ауыл шаруашылығында да алатын орны ерекше. «Су бар жерде өмір бар» 

деп  текке  айтылмаған.  Тіршіліктің  ең  жоғарғы  сатысындағы  адам  денесінің  65  -  70  %-ы 

судан  тұрады.  Аштыққа  қарағанда,  шөлге  төзу  өте  қиын.  Адам,  жануар,  өсімдіктер  өз 

организмінен судың белгілі бір мөлшерін жоғалтса, өлім қаліне душар болады. Адам да, 

жануарлар  да  қоректенгенде,  ол  қоректік  зат  қанға  өтуге  тиіс.  Қоректік  заттар  ішек 

арқылы қанға өту үшін сулы ертіндіге айналуы қажет. Қанның құрамында көп мөлшерде 

су болады. Оның үстіне су  ағзадағы  әр түрлі  зиянды заттарды сыртқа шығарып,  тазалап 

отыруға көмектеседі. Сондай-ақ, өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін де орасан көп су қажет.. 

Ол  өсімдікке  топырақтағы  қоректік  заттарды  жеткізеді  және  өсімдіктердің 

температурасын қалпты жағдайда ұстап,  қурап кетуінен сақтайды. Міне, сол себептен де, 

қазақ халқы «Суы тасыған жердің көгі тасыр» деген екен. 

 Сондай-ақ  халық  шаруашылығына  қажетті  су  көзі  тек  адамдар  мен  жануарлардың  ішуі 

үшін емес, оларды өз мақсаттарына бағындыруға талпынып, шаруашылықтың әр саласына 

пайдалануға  тырысты.  Сондықтан  да  өнеркәсіпті  дамытуда  да,  жер  суаруда  да,  барлық 

техникалық  процестерді  жүзеге  асыруға  да  пайдаланылады.  Сол  сияқты  судың 

энергетикалық  қуаты,  жылылық  көзі,  жанға  шипа,  табиғатты  жақсартып,  жасарту 

қасиеттерін ескерсек, шын мәнінде сусыз тіршіліктің мүмкін еместігі байқалады 

Су ресурстары - өндіргіш күштерді жүйелі орналастыру, тіпті жиі өндіріс құралы ретінде 

маңызды факторлардың бірінен саналады. 

Су  ресурстарын  ұтымды  және  тиімді  пайдалану  Қазақстан  үшін  өте  маңызды.  Себебі, 

республика  бойынша  сумен  қамтамасыз  етілу  деңгейі  бір  шаршы  метрге  шаққанда  орта 

есеппен 30 мың текше метрден келеді. Бұл көрсеткіш Украинаға қарағанда 4, Ресейден 3, 

Грузиядан 30 есе кем. 



Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының 25% таза сумен қамтылмаған. 

Су  –  ағзалар  дамуы  және  зат  алмасу  арқылы  өтетін негізгі  орта.  Ықылым  заманнан  бері 

адамзаттың өмірі мен мәдениетінің дамуы сумен тығыз байланысты. Су – химия, физика, 

механика және т.б. ғылым салаларының зерттеу аймағы. 

Су  бірінші  қажеттілік  және  біздің  байлығымыз.  Халық  арасында  бұрыннан  келе  жатқан 

дана  сөздер  бар:  «Су  ішетін  құдығыңа  түкірме,  кейін  одан  су  ішерсің»  дейді.  Су 

байлығынан  адам  баласына  келетін  пайда  көп,  оларды  тиімді  пайдалану,  сақтай  білу 

баршамыздың абыройлы борышымыз. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  1-сурет Қазақстанның су ресурстары. 

Су  экожүйлері  Қазақстан  үшін  өте  маңызды  рөл  атқаратыны  белгілі,  себебі,  оның 

территориясында шөл және шөлейтті далалар бар. 




Су  климат  пен  ауа-райының  өзгеруіне  тікелей  әсер  етеді.  Мұндай  жағдай,  теңіздер  мен 

көлдер  деңгейінің  өзгеруіне  байланысты  әрбір  регионның  климаты  да  өзгеріп  отырады. 

Мысалы, Арал теңізінің тартылып бара жатқанына байланысты бұл аймақта қоныстанған 

елдердің  климаттық  жағдайы  да  өзгерді.  Балқаш  көлі  деңгейінің  төмендеуі  оның 

төңірегіне орналасқан жерлердің климаттық жағдайының өзгеруіне әсер етуде. 

Республикамыздың  «  Қазақстан  2030  »  стратегиялық  бағдарламасында,  Еліміздің 

әлеуметтік-тұрмыс  жағдайының  жоғарлауына  және  қоршаған  ортаны  қорғау  мен 

экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінген. 

Қазіргі  кезде  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелері  бүкіл  әлем  зерттеушілерінің  назарын 

аударуда.  Халық  санының  өсуі,  суармалы  егістік  көлемінің  көбеюі,  сонымен  бірге 

урбанизация  және  индустриализацияның қарқынды  дамуы,  су  қорларының  шамадан  тыс 

қолданылуына алып келді. Сондай-ақ, өндіріс салаларының заманауи дамуы салдарынан, 

су көздері  әртүрлі қалдықтармен ластану қаупі  де, артты. Осыған байланысты өзен, көл, 

тоған сулары жиі экологиялық ластануға ұшырайды.  

Суды  негізінен  ластайтын  көздерге:  өнеркәсіптік,  тұрмыстық  өндіріс  қалдықтары, 

агрохимикаттары бар егістік жер қыртысының шайындысы т.б. жатады. 

Су ауыр металдармен ластануы экологиялық-экономикалық дағдарысқа ұшыратады. Суды 

ауыр  металдармен  ластайтын  негізгі  көздер:  өндіріс  комбинаттары,  қара,  түсті 

металлургия  саласы.  Суды  ластайтын  заттардың  ең  қауіптілігі  жоғарғы  қосылыстар: 

фенол, мұнай өнімдері, ауыр металдардың тұздары т.б. жатады. 

Бақылау сұрақтары 

1. 


Гидросфераға жалпы түсініктеме беріңіз? 

2. 


Қазақстандағы су ресурстарын атаңыз. 

3. 


Судың табиғаттағы экологиялық маңызы қандай? 

4. 


Су адам өмірінде қандай қызмет атқарады? 

Дәріс № 14-15 

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын қорғау. 

Мақсаты:  Студенттерге  еліміздегі  жан-жануарлар  мен  өсімдіктер  әлемін  қорғау  мен 

таныстырып, оларды қорғауды және тиімді пайдалануды үйрету. 

Қаралатын сұрақтар:  

1. 

Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын қорғау. 



2. 

Өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігі, олардың адам өміріндегі рөлі. 

3. 

Адамның өсімдіктер мен жануарлар әлемімен қарым қатынасы. 



4. 

Өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігін сақтау проблемалары. 




5. 

Қызыл кітап. 

Мемлекеттердің  табиғатты  қорғау  қызметі  жануарлар  мен  өсімдіктер  әлемін    қорғаудан 

басталды.  Осылай,  теңіз  мысықтарын  қорғау  туралы  Конвенция  1897ж.  қабылданған 

болатын. 

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін халықаралық  – құқықтық қорғау негізінен үш бағытта 

дамыды: 

1)    Табиғи  аймақтық  кешендерді  қорғау.    Африканың,  Американың,  Азияның, 

Антарктиканың  табиғи  ортасы  мен  жануарлар  әлемін    қорғау  бойынша  көп  жақты 

келісімдердің  бірқатары  белгілі.  Бұл  келісімдерде  әлемнің  жекелеген  аудандарындағы 

флора  мен  фаунаны  қорғау  бойынша  шаралар  әзірленген.  Ереже  бойынша,  жекелеген 

территориялар  үшін  арнайы  режимдер  белгіленеді:  жануарларды  аулау  немесе  ату, 

сонымен  қатар  флораны  жою  немесе  коллекциялар  жинау    тыйым  салынатын  немесе 

шектелетін  қатаң  режимдегі    ұлттық  саябақтар  мен  табиғи  резерваттарды  ұйымдастыру 

қарастырылған.  Келісімдерде  ерекше  қорғалатын  жануарлар  мен  өсімдіктердің  тізімі 

беріледі. 

Келісімдердің барлығында да мемлекеттерге өз территорияларында табиғи рестурстар мен 

жануарлар әлемін қорғау бойынша ұтымды ұлттық заңнамаларды қабылдау ұсынылады. 

Антарктикалық  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  негізгі  ережелер    1959ж.  Антарктика 

туралы Келісімшартта, 1980ж. 20 мамырдағы Антарктиканың  теңіздің тірі  рестурстарын 

сақтау  туралы  Конвенцияда,  1964ж.  Антарктиканың  фаунасы  мен  флорасын  қорғау 

бойынша  Келісілген  Шараларда,  1972ж.  антарктикалық  тюлендерді  қорғау  бойынша 

Конвенцияда  баяндалған.  БҰҰ  шегінде  БҰҰ  Бас  Хатшылығының  басшылығымен 

жекелеген  елдерде  ұлттық  саябақтар  мен  қорықтардың  тізімі  құрастырылған.    1962ж. 

ЮНЕСКО  бастамасы  бойынша  ұлттық  саябақтар  жөнінде  Дүниежүзілік  конференция 

өткізілді, бұнда ұлттық саябақтарды басқару және оларды ғылыми негізде одан әрі дамыту 

бойынша ұсыныстарды әзірленді. 

2)  Теңіздің  тірі  ресурстарын  қорғауды  ескере  отырып  олардың  олжалары  мен 

кәсіпшіліктерін  реттеу.  Әлемдік  мұхиттағы  олжа  мен  кәсіпшілік  негізгі  халықаралық 

ережелері  1958ж.    балық  аулау  және  теңіздің  тірі  ресурстарын  қорғау  туралы 

Конвенцияда,  1982ж.  теңіз  құқығы  бойынша  БҰҰ  Конвенциясында  баяндалған.    Осы 

Конвенцияларда  ашық  теңізде  балық  аулау  еркіндігі  мен  теңіздердің  тірі  ресірстарын 

қорғаудың  жалпыға  мәлім  қағидалары  бекітіліген,  ресурстарды  қорғаудың  негізгі 

нысандары мен әдістері: аулау квоталарын белгілеу, промыселді жүргізуді бақылауға алу 

және т.б. белгіленген. 

1973ж.  13  қыркүйекте Балтық  теңізі  мен  Бельтадағы  балық  аулау  және  тірі  ресурстарын 

сақтау туралы Конвенция мемлекеттерді Балтық теңізінің тірі ресурстарын қолдауға және 

көбейтуге бағытталған, сонымен қатар ұтымды аулауға қол жеткізуге, атап айтқанда, осы 

мақсатта  ғылыми  зерттеулерді  кеңейту  және  үйлестіруге  бағытталған  ынтымақтастыққа 

қатысуға міндеттейді. 




3)    Жоғалу  қауіпі  төнген  өсімдік  және  жануарлар  әлемінің  сирек  кездесетін  түрлерін 

қорғау.  Ақ  аюлар,  теңіз  мысықтары,  киттердің,  тюлендердің,  дельфиндердің  және  т.б.  

барлық түрлері халықарлық қорғауға алынған. 

Келісімдерде  жануарлардың  және  құстардың  түрлері  көрсетіледі,  осы  келісімдердің 

әрекет ету аудандары және промыселді тоқтату шаралары анықталады, мысалы, 1973ж. ақ 

аюларды сақту туралы Келісімнің І бабына сәйкес ақ аюларды аулау, аулау, егерде аулау 

ғылыми  мақсаттарға  қажет  болағ  жағдайларда,  басқа  да  тірі  ресурстарды  сақтау  немесе 

ұтымды  пайдаланудың  елеулі  бұзылуын  болдырмау  мақсатында  немесе    аулау  елдің 

заңнамасына  сәйкес  жергілікті  тұрғындармен  аң  аулаудың  дәстүрлі  әдістерімен  жүзеге 

асырылатын жағдайлардан басқа жағдайларда тыйым салынады. 

Халықаралық құқықтың қорғауына көшіп-қонушы жабайы жануарлар да алынған. 1979ж. 

23  маусымдағы  жабайы  жануарлардың  көшіп-қонушы  түрлерін  сақтау  бойынша 

Конвенция  мемлекеттерді  жойылу  қауіпі  төнген  көшіп-қонушы  жануарларды  және 

сақталу  мәртебесі    қолайсыз  жануарларды  қорғауларын  міндеттейді,  көшіп-қонушы 

түрлерге  қатысты  ғылыми  зерттеулерді  жүзеге  асыруға  ықпал  етуге  және  осындай  іс-

шараларды жүзеге асыруда ынтымақтастыққа келуге міндеттейді. 

Құстарды,  әсіресе,  жоғалу  қауіпі  төнген  өтпелі  құстарды  қорғау  бойынша  халықаралық 

келісімдердің  бірқатары  қабылданған.  Бұл  келісімдерде  құстарды  қорғау  бойынша 

ұтымды шаралар қарастырылған: қорықтар мен резерваттарды құру; олардың көзін жоюға 

ықпал ететін аулау құралдары мен тәсілдерін қолдануғ тыйым салу; құстардың өмір сүру 

ортасын    ластанудан  қорғау  және  т.б.  Құстарды  өмір  сүру  ортасының  көмегімен  қорғау 

қағидасы  1971ж.  02  ақпандағы  ең  бастысы  суда  жүзетін  құстардың  тұрғылықты  жері 

ретінде  сулы  -  батпақтықпайдаланылатын  жерлерді    қорғау  туралы  Конвенцияда 

бекітілген және оның халықаралық мәні өте жоғары. 

Өсімдік  әлемін  қорғау  өсімдіктерді  саналы  және  ұтымды  пайдалану  және  оларды 

толықтырып  отыру,  сонымен  қатар  оларды  аурулар  мен  зиянкестерден  қорғау  арқылы 

жүзеге  асырылады.  1961ж.  өсімдіктерді  қорғау  бойынша  халықаралық  Конвенция 

мемлекеттерді  өсімдерді  қорғау  және  сақтау  бойынша  заңнамалық,  әкімшілік  және 

техникалық шараларды қабылдауларына міндеттейді. 

Конвенциялардың  бірқатары  өсімдіктерді  карантин    белгілеу  жолымен  қорғауды 

қарастырады,  мысалы,  1959ж.  14  желтоқсандағы  өсімдіктерді  зиянкестерден  және 

аурулардан  қорғау  және  карантин  облысындағы  ынтымақтастық  туралы  Келісім  осы 

облыстағы мемлекеттердің ынтымақтастығын кеңейту бойынша шараларды қарастырады. 

1973ж.  03  наурыздағы  жойылу  қауіпі  төнген  жабайы  фауна  мен  флораның  түрлерін 

халықаралық    саудалау  туралы  Конвенцияда  белгіленген  тізімде  көрсетілген  өсімдіктер 

мен  жануарлардың  барлық  түрлерін  ешқандай  арнайы    рұқсатсыз  саудалауға  тыйым 

салады. 

ХХғ.  соңғы  жылдарында  әлемнің  бүкіл  елдерінің  ауыл  шаруашылығында  улы 

химикаттарды  (пестицидтерді,  инсектицидтерді,  гербицидтерді  және  т.б.)  және  химия 

өнеркәсібінің  басқа  да  өнімдерін  кеңінен  қолдану  жануарлар  мен  өсімдіктер  әлеміне, 

табиғатқа  орны  толмас  зиян  әкелді.  Бірақ,  улы  химикаттарды  қолдануға  тыйым  салу 



туралы  Конвенция,  химикаттардың  қаншалықты  зиян  екендігі  дәлелденсе  де  әлі  күнге 

дейін қабылданған жоқ. 

Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының, (ТҚХО) түрлерді 

сақтап қалу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарларды 1966 

жылы қызыл кітапқа енгізілген. Кейіннен оған сирек өсімдіктер де тіркелген. Бұл жағдай 

қызыл түстеніп келе жатқан қауіптің белгісін білдіреді. Сонымен қатар ТҚХО жер бетінен 

жойылып  кеткен  өсімдіктер  мен  жануарлар  түрлерінің  Қара  тізімін  де  қоса  жүргізеді. 

Жануарлар немесе өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің аталған «Қызыл кітабына» енуі ең 

беделді  халықаралық  табиғат  қорғау  мекемесінің  (ТҚХО)  бұл  түрлерді  күнбе-күн 

қамқорлыққа  алу  керектігін  мойындағанының  белгісі  болып  саналады.  Бұл  халықаралық 

«Қызыл кітапқа» тіркелген түр мекендейтін әрбір ел табиғаттың осы бір қазынасын сақтап 

қалуда адамзат алдында рухани жағынан жауапты. 70-жылдары дамыған елдерде ұлттык, 

Қызыл кітаптар шыға бастады. Оларға халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген түрлермен 

қатар,  сол  елдің  территориясында  жойылып  кету  қаупінде  түрған  түрлер  де  кіргізілді. 

Қазақстанда  «Қызыл  кітап»  Республика  Үкіметінің  1978  жылдың  16-қаңтарындағы 

қаулысы  бойынша  бекітілді  (ҚазақССР  Министрлер  Советінің  №  20-қаулысы). 

Омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді. 

Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүт қоректілер 

- 37, құстар - 43, бауырымен жорғалаушылар - 8, қос-мекенділер - 1 және балықтардың 4 

түрі  тіркелді.  1981  жылы  Елімізде  Қызыл  кітабының  екінші  бөлімі  жарық  көрді.  Оған 

өсімдіктердің, - 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер (288), жалаңаш 

тұқымдылар (2), қырык, құлақтәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) 

сияқты өсімдіктер бар.  

Қазақстан  Ғылым  Академиясы  Зоология  институтының  бастамасымен  Қызыл  кітаптың 

екінші  басылымы  1991  жылы  дүниеге  келіп,  оған  алғашқы  рет  омыртқасыз  жәндіктер  - 

насекомдар,  моллюскалар,  құрттар  енгізілді.  Сирек  кездесетін  жануарлардың  түрлері 

туралы  жылдан-жылға  жаңа  мәліметтер  жинау  Қызыл  кітаптың  үшінші  басылымының 

(1996) жарық көруіне алып келді. Осы басылыммен бір мезгілде Қазақстан Республикасы 

Министрлер  Кабинетінің  13.09.1996  жылы  №1258  қаулысымен  жаңадан  «Қазақстан 

Республикасының Қызыл кітабы туралы Ереже» бекітілді. Осы Ережеге сәйкес Қазақстан 

Республикасының  Қызыл  кітабы  -  республика  территориясында  кездесетін  сирек,  саны 

азайып немесе жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы, оларды 

ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану туралы толық мәліметтер 

бар - негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен 

өсімдіктер  түрлері  еліміздің  барлық  территориясында  ерекше  қорғауды  қажет  етеді;  бұл 

түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған. Оларды ұстауға рұқсат тек Қазақстан 

Республикасының заңымен қарастырылған ерекше жағдайда ғана беріледі. 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар» және «Өсімдіктер» деп аталатын 

2  томнан  тұрады.  Әрбір  том  бір  кітап  немесе  бірнеше  бөлім  болып  басылып  шығуы 

мүмкін.  Жануарларға  арналған  том  3  мәрте  (1978,  1991,  1996)  басылып  шықты.  Бірақ, 

омыртқасыз жәндіктер тек екінші басылымға ғана енді, ал олар туралы үшінші басылым 

дайындалып  жатыр.  Қызыл  кітаптың  соңғы  басылымына  тіркелген  әрбір  жануар  қазіргі 

кездегі  санының  жағдайына,  тіршілігінің  зерттелуіне  қарай  жалпы  қабылданған  5 

категорияның  біріне  жатқызылды:  1  -жойылып  бара  жатқандар  (жойылып  кетуі  мүмкін 




түрлер  мен  түршелер);  2  -  саны  кеміп  бара  жатқандар  (саны  тез  кеміп,  нәтижесінде 

жойылып  бара  жатқандар  категориясына  жақындайтындар);  3  -  сирек  кездесетіндер 

(әзірге жойылып кету қаупі жоқ, бірақ жалпы саны мен таралу аймағы өте шағын, тіршілік 

ортасының  сәл-пәл  өзгеруі  олардың  жойылып  кетуіне  себебін  тигізетін  түрлер);  4  - 

анықталмағандар  (түрлер  жағдайы  алаңдататын,  бірақ  ғылыми  мәліметтердің  жетіспеуі 

салдарынан  оларды  басқа  категорияларға  жатқызуға  болмайтын  түрлер);  5  -  саны  қайта 

қалпына келгендер (қолға алынған қорғау жұмыстарына байланысты тіршіліктеріне одан 

әрі қауіп тумайтын, бірақ әлі де болса олардың тіршілігін бақылап отыруды қажет ететін 

түрлер). Өкінішке орай, Қазақстан Қызыл кітабының 3-басылымының таралу саны өте аз 

(бар болғаны 5000 дана) және оның ашық саудада болмауы Қазақстан мен Орта Азияның 

басқа елдеріндегі көпшілік оқырманның қолына тигізуге қиындык, туғызды. «Қызыл кітап 

туралы  Ереже»  осы  маңызды  құжат  жайында  мағлұмат  алуына  және  сирек  кездесетін 

жануарларды қорғауға белсенді араласуына ой салады.  

І.Жалпы бөлiм  

1.  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабы  «Жануарлар  дүниесін  корғау,  өсімін 

молайту  және  пайдалану  туралы»  Қазақстан  Реслубликасының  Заңына  сәйкес  жасалған 

және  республика  аумағында  сирек  кездесетін,  саны  азайып  келе  жатқан  әрі  құрып  кету 

қатері төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жай-күйі туралы мәліметтерді, 

оларды  зерттеу,  қорғау,  өсімін  молайту  және  ұтымды  пайдалану  жөніндегі  қажетті 

шаралардың  жиынтығы  бар  негізгі  құжат  болып  саналады.  Қазақстан  Республикасының 

Қызыл кітабы сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер дүниесі мемлекеттік кадастрының 

кұрамдас бөлігі болып табылады.  

2.  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  Қазақстан  Республикасының  аумағында 

құрғақта,  суда,  ауа  мен  жер  қыртысында  еркін  жағдайда  тұрақты  және  уақытша 

мекендейтін жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, 

балықтар, сондай-ақ ұлу тектілер, насекомдар және басқалары) мен өсімдіктердің түрлері 

(түршелері,  популяциялары)  тіркеледі.  Саны  мен  тіршілік  жағдайы  олардың  тектік 

қорының  молаюы  мен  сақталуына  қатер  төндірмейтіндей  шекке  жеткен  жануарлар  мен 

өсімдіктер  түрлері  (түршелері,  популяциялары)  Қазақстан  Республикасының  Қызыл 

кітабына шығарылуға жатады.  

3.  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізілген  жануарлар  мен  өсімдіктер 

түрлері  Қазақстан  Республикасының  бүкіл  аумағында  ерекше  қорғауға  алынады. 

Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделгеннен  басқа  жағдайда,  бұл  түрлерді 

аулауға (жинауға) бүкіл республика аумағында тыйым салынады.  

4.  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізілген  жануарлар  мен  өсімдіктер 

түрлерінің  (түршелерінің,  популяцияларының)  жойылып  кетуіне,  сандарының  азаюына 

және тіршілік ететін ортасының нашарлауына әсер ететін әрекеттерге жол берілмейді.  

Қазақстан Республикасы Қызыл кітабінің құрылымы: 

5. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жануарлар мен өсімдіктер деп аталатын екі 

томнан  тұрады.  Әр  томды  жеке  кітап  немесе  бірнеше  бөлім  (бөлімдер  топтары  немесе 

жеке  бөлімдер  бойынша)  түрінде  де  шығаруға  болады  және  онда  қосымша  ретінде 



Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізілген  жануарлар  мен  өсімдіктердің 

жойылып  кету  қаупі  бар  түрлері  мен  түршелерінің  түсініктеме  тізбесі,  Қазақстан 

Республикасының  Қызыл  кітабы  туралы  Ереженің  мәтіні  және  Қазақстан 

Республикасының  Қызыл  кітабы  жөніндегі  басқа  да  нормативтік  құжаттар  беріледі. 

Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабы  қазақ  және  орыс  тілдерінде  шығарылады, 

басқа кез келген тілге де аударылуы мүмкін.  

6.  Жануарлар  мен  өсімдіктер  түрлерін  сипаттау  тәртібін  Қазақстан  Республикасының 

Қызыл  кітабы  жөніндегі  тиісінше  зоологиялық  және  ботаникалык,  комиссиялар 

бөлгілейді.  Қазақстан  Республикасының  Қызыл  кітабына  енгізілген  организмдердің  әр 

түрі (түршесі, популяциясы) үшін мынадай негізгі деректер келтіріледі: түрдің латынша, 

қазақша  және  орысша  аталуы;  мәртебесі  (жойылып  бара  жатқан,  саны  азайған,  сирек 

кездесетін, саны белгісіз, қалпына келтірілгөн); түрдің сыртқы бейнесі. Қазақстанда бұрын 

және  қазіргі  кезде  таралуы,  картасы,  саны  мен  оның  өзгеру  барысы;  негізгі  шектеуші 

факторлар және саны мен таралу аймағының өзгеру себептері; жасанды жағдайда, қолда 

және калыпты ортада өсіру мүмкіндігі ту-ралы мәліметтер; түрдің тектік қорын сақтауда 

Қазақстан Республикасы аумағында мекендейтін популяцияның (популяциялардың) рөлі; 

қорғаудың қолданылған және қажетті шаралары; ақпарат көздері. Қажет болған жағдайда, 

сондай-ақ  организмнің  жастық  және  маусымдық  ерекшеліктері  де  (дернәсіл,  жұмыртқа 

салуы, қуыршақ, өсімдік бөлігі және басқалар) сипатталады.  

 

 



Бақылау сұрақтары: 

 

1. 



 Өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемін  халықаралық  –  құқықтық  қорғау  негізіндегі  

бағыттарды атаңыз: 

2. 

Өсімдік әлемін қорғауға түсініктеме беріңіз.  



3. 

Қызыл кітап туралы толық мағлұмат беріңіз. 

4. 

«Қызыл кітап туралы Ережені» түсіндіріңіз. 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 



 


1.Ерофеев Б.В. Экологическое право России. М: 1996. 

 2. Касьяненко В.П. Контроль качества окружающей среды. 

 3.Мазур  И.И.,  Молдаванов  О.И.  Курс  инженерной  экологии.  М:  Высшая  школа,  1999, 

446с. 


4.Никаноров А.М., Хоружал Т.А. Экология. М: Издательство «Приор», 1999, 304 с. 

5.Петров В.В. Экологическое право России. Учебник для Вузов. М: изд-во Бек, 1999, 557 

с. 

6.Степановских  А.С.  Прикладная  экология:  охрана  окружающей  среды:  Учебник  для 



Вузов. М: ЮНИТИ-ДАНА, 2003, 751 с. 

7.Стадницкий Т.В., Радионов А.Н. Экология. М: Высшая школа, 1979, 272с. 

8.Приборы контроля окружающей среды. Под.общ.ред. Манойлова В.Е. М: Анатомиздат, 

1989. 


9.Унифицированные  методы  мониторинга  фонового  загрязнения  природной  среды. 

Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989. 

10. Конститутция РК от 30 августа 1995. 

11. Закон РК «Об охране окружающей среды» от 15 июля, 1997. 

12.Закон РК «Об охране атмосферного воздуха» от 11 марта 2002 г. 

13.Земельный кодекс РК от 20 июня 2003 г. 

14.Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет