Ұйым-
дастыру
іздену
|
Баллар,ертегі тыңдаймыз ба?
Қу түлкі
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
-Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
— Мүмкін емес,— дейді.
— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады.
— Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
Балалар, ертегі ұнады ма? Қане олай болса,осы ертекті кім маған айтып бере алады?
Сергіту сәті
Жолдарыңа үңіліп, Оңға-солға шайқалып,
Екі бақа жүгіріп, Бақылдайды ән салып.
Секіреді, бақ-бақ, Судан шіркей табады,
Ағаштарды аттап. Өсіп үлкен болады.
Олар ерте тұрады, Бақ-бақ, нақ-нақ,
Беті-қолын жуады. Біздер айттық тақпақ.
|
Балалар ертегі тыңдады
Ертегіні айтып берді.
Сергіту жаттығуларын жасады
|