Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет29/93
Дата27.02.2022
өлшемі183 Kb.
#133560
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93
Байланысты:
ҚМТҚ ТЕХ КАРТА

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Балаларға жұмбақ жасырады.
-Балалар, жұмбақты шешіңдер:
Түнде де, күндіз де
Тынымсыз соғады
Бұл не екен, балалар
Жауабын кім табады? (сағат)

Ұзын-қысқа қос тіл,


Он екі цифрмен дос бұл (сағаттың тілі)

-сағат адамдарға нені білуге көмектеседі? (уақыт)


-бүгін ұзақтықты: қайсысының бұрын, қайсысының кейін пайда болғанын табамыз.
-суреттерді қарап шығыңдар. Бірінші суретте ненің суреті бейнеленген?
-екінші (үшінші, төртінші) суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-әр картинаның астына оқиғалардың ретіне сәйкес келетін сандарды қойып шығыңдар.
Бұл оқиғалардың уақытын білдіретін сөздерді тауып, оларды ретімен орналастыруды ұсынады.
Дәптерді ашып, таңертең, күндіз, кеш, түн деген сөздерді бекітуге арналған 1-тапсырманы орындауды тапсырады. Адамдардың таңертең, күндіз, кешке, түнде не істейтіні туралы шағын әңгіме-дүкен құрады. Ата-аналар балаларын балабақшаға қай кезде әкеліп тастайды және қай кезде алып кетеді? Тамақ ішілетін уақыттарды қайталаған пайдалы: таңғы ас-таңертең, түскі ас-күндіз, кешкі ас-кешке ішіледі. Ал түнде ешкім тамақ жемейді, түнде адамдар ұйықтайды.
Сергіту минуты. «Күн мен түн» ойыны. Тәрбиеші «күн» деген кезде балалар секіреді, «түн» деген кезде бір орында тұрып қалуы тиіс. Содан соң №2 тапсырманы орындауға кіріседі.
-Суретті қарап шығыңдар. Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Балалардан кеше не болғанын еске түсулерін, бүгін не істейтіндерін, ал ертең немен айналысқысы келетіндерін сұрайды.
Балалардың арасында апта күндерін білетіндер болса, тәрбиеші оларды мақтайды және өзге балаларға «үйретуін» сұрайды. Аптаның көбі 5жасында апта күндерінің атауын жатқа айтады. Сондықтан сол атауларды сөз арасында пайдалануға көбірек итермелеу керек.



Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Сабақтың тақырыбын анықтауға атсалысады. Өздерінің жұмбақтарын айтады.
Кестедегі суреттерді қарап шығады. Ретке келтіреді. Тәулік мезгілдерінің атауын атап көрсетеді: таңертең, күндіз, кеш, түн
1-тапсырманы ауызша орындайды. Төмендегі рет-ретімен бір-біріне қосады. Кеше дегеніміз өтіп кеткен күн. Бүгін-қазіргі уақыт. Ертең-ертең болады. Осы сөздерді хормен қайталайды.
«Кеше, бүгін, ертең» деген сөздерді 2-тапсырмадағы суреттерге сай іріктеп қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет