Ұйымдастырушылық ізденістік
|
Кіріспе әңгіме(суретпен жұмыс):
Бүгін біз оқу қызметімізде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.
Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
Кім суретке қарап,өз отбасы туралы айтып береді?
Өлең оқу: Отбасы
Анаң - үнің, жүрегің,
Әкең өмір тірегің,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең асыл ардағаң,
Атаң дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
(М.Қуанышбеков)
Аға ақылы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
(Сырбай Мәуленов)
Сергіту сәті
Бас барамағым атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек әжем, ошақ анасы,
Ортан терек әкем, отау панасы,
Шылыдыр шүмек шешем, шаңырақ ажажры,
Титтей бөбек мен,бәрінің базары.
(Ермек Өтетілеуұлы)
Ж.Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау
Сыйлаймын
Ата менен ананың
Айтқан тілін аламын.
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.
Төсекті өзім жинайымын,
Ешкімді де ұрмаймын.
Ешкім маған тимейді,
Мен де бәрін сыйлаймын.
|