Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы мкқК «Бәйтерек» бөбекжай тәрбиешісі Утепбергенова Самал Азаматқызы Тобы



Дата15.09.2017
өлшемі56,83 Kb.
#32779
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы

МКҚК «Бәйтерек» бөбекжай тәрбиешісі

Утепбергенова Самал Азаматқызы

Тобы: «Балдәурен» ортаңғы тобы

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Әшекей бұйымдар»

Мақсаты:Ұлттық зергерлік жайлы білім беру. Қазақ халқының қолөнері туралы ұғымдарын кеңейту. Зергерлікке тәрбиелеу. Балаларды ұлттық ою-өрнектерді, алқа, шашбау, білезік, сақина, жүзік,қапсырмамен таныстыру,шығармашылық қиялын дамыту,қазақтың салт- дәстүріне баулу.

Әдіс-тәсілдер: Ақпараттық құрал, көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап,ойындар,сергіту сәті.

Қажетті көрнекі құралдар: зергерлік бұйымдардың суреттері

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: әшекей бұйымдардың суреттерін қарау.

Билингвальды компоненті: алқа- колье,сақина –кольцо,білезік- браслет, сырға- серьги


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың әрекеті.



Себепті қызығушылығын ояту кезеңі


Ұйымдастырушылық ізденіс кезең.


Таңғажайып сәт:

(Балалар мен бүгін топтың есігің алдынан бір әдемі қобдиша тауып алдым.)

-Балалар,қараңдаршы,қандай әдемі қобдиша?

-Балалар, сендер осы әдемі қобдишаның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Оны ашайық.(ішінде хат)

«Қымбатты,балалар!Мен зергерлік заттарды өте ұнатамын.Оларды көп тағамын,әсіресе мерекелерде. Сендераналарыңа,әжелеріңе, апа-қарындастарыңа осындай тамаша әшекейлер сыйлаңдар.Олар бұған қатты қуанады. Айсұлу.»

Балалар әшекейлерді қарап шығады.

-Бұл-қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары.

Олар неден жасалған?

Қазақ зергерлігі негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын( сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, шашбау, қапсырма, т.б) .Ұсталары –батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, дулыға,кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар). Шеберлері- үй іші мүліктерін ( кебеже,жүк аяқ,ағаш төсек, асадал, адалбақан,). Аңшылық жабдықтар ( томаға, тұғыр,балдақ, оқшантай). Музыка аспаптарын ( асатаяқ, қобыз, домбыра,сыбызғы, дауылпаз,сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған.

Әшекейлерді жасау өнері -зергерлік өнер деп аталады,ал оларды дайындайтын шеберлер зергерлер деп аталады.

«Зергерлік бұйымдар» слайд көрсету.

Жақсы зергер болу үшін ерекше талантың болуы керек.Өйткені бұл өте нәзік жұмыс.

- Айсұлу жіберген әшекейлерді атаңдар.

-Балалар мынау,алқа-колье,сақина -кольцобілезік- браслет,сырға- серьги,зергерлік-ювелирный деп айтамыз.

- Олар қандай? Несімен ерекшеленеді?

- Олар қандай өрнектермен безендірілген?

- Бұйымды әшекейлеу үшін тағы не қолданылады ?

- Мұндай әшекейлерді қалай жасауға болады?



Сергіту сәті:

Сырға- сырға сырғалар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік.

Саусақтарды сақина,

Санап көрші, кәнекей?

Бір, екі, үш.

Бір, екі, үш

Демалайық жинап күш.


Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»

Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, байқампаздыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Шарты: алдымен «Ұсталар», «Зергерлер», «Шеберлер» орталықтары орналасады. Балалардың қолдарына осы үш орталық жасаған бұйымдардың суреттері беріледі. Тәрбиеші белгі берілгеннен кейін балалар өздерінің қолдарындағы бұйымдарға қарап, қай орталық жасағаннын тауып баруы керек.
Жеке жұмыс (ермексазбен )

« Зергерлер дүкені»

- Неден мүсіндейсіңдер? Алдымен бұйымның пішінін беріп аламыз,сосын қосымша бөлшектер жапсыру немесе кескіштің көмегімен өрнек салу арқылы әдемілейміз.


-Мүсіндеудің қандай тәсілдерін қолдануға болады?

-Бүгін сендер шебер-зергерлерсіңдер.

-Мынау сендердің шеберханаларың.

-Кез келген бұйымды жасауға кірісіңдер.

-Қазақша әуен қойылады.


Балалар назарын әдемі қобдишаға аударды.


-Иа білгіміз келеді

Балалар тәрбиешінің оқыған хатын мұқият тыңдайды.

Балалар әшекейлерді қарап шығады.

Суретке қарап, ұлттық әшекей бұйымдарды тамашалайды.

– Металдан жасалған.

Балалар мұқият тыңдап,

жауап береді
Балалар

слайдқа назар аударды.


Балалар бұйымдарды атайды.Сырға,алқа, шашбау, білезік.т.б.

алқа- колье, сақина –кольцо, шашбау-


-өте әдемі. -пішінімен,өрнектерімен.

-Асыл тастар. -оюлармен.

Балалардың жауабы.
Сергіту сәтін қимыл–қозғалыс арқылы жасайды

Сырға- сырға сырғалар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік.

Саусақтарды сақина,

Санап көрші, кәнекей?

Бір, екі, үш.

Бір, екі, үш

Демалайық жинап күш.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады.

Жұмыс барысын тыңдап алады.

- Илеу,жұмарлау,жал- пақтау т.б.

Балалар жұмысқа кіріс -еді. Көмек қажет еткендерге көмек беру. Саусақ жаттығу жасау.

Жасаған бұйымдары туралы айтып береді.



Іс-әрекеттің бағалау кезеңі


-Балалар бүгін қандай әшекей бұйымдармен таныстық ? Бүгін біз нені мүсіндедік ?

Сендерге оқу іс-әрекеті ұнады ма? Жарайсыңдар балалар, бүгін бәріңде жақсы,белсенді қатыстыңдар.Келесі де бұдан да жақсы әдемі, ұқыпты етіп мүсіндейді деп сенемін.

-Сақина, жүзік, алқа, білезік, шашбау, қапсырма, т.б.

-Әшекей бұйымдарды

Балалардың жауаптары




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар зергерлік бұйымдар туралы түсінік алды, түсінді.

Қандай түсініктерді игерді: Балалар әшекей бұйымдар мен танысып,атауларын, игерді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары:Балалар өз беттерімен әшекей бұйымдарды мүсіндей алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет