Ұйымдастырушылық ізденістік
|
Бәйшешек гүлі балалар наурыз айында қардың астынан, жер бетіне шығатын ең алғашқы гүл, өзі нәзік, түсі аппақ, исі өте жағымды болады.
Бәйшешекпен гүлімен біз сендермен сол наурыз айында танысқан болатынбыз, ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде өткенбіз.
Қазір мен сендерге жаз мезгілдерінде аулада, көшелерде әсемденіп өсіп тұрған гүлдердің түрлері туралы айтып беремін, суреттерімен таныстырамын.
Сендер қандай гүлдердің түрлерін білесіңдер?
Гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?
Көкте ойнап найзағай,
Күн күркірей бастады.
Қылтитты алмас найзадай,
Көк жауқазын бастарын.
Балалар бәйшешекті кейде жауқазын деп те атаймыз.
Ойын «Гүл жинау»
Мақсаты: жақсы көңіл-күй сыйлау.
Барысы: жерге гүл дестелері қойылады. Музыка ырғағымен балалар домаланып билейді, музыка тоқтаған кезде екі-екіден қол ұстасып, гүл дестелерінің қасына отырады.
Отырмай қалған бала тақпақ, ертегі, өлең айтады.Ойын осылай жалғасады.
|
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар мұқият тыңдайды, қызығушылық танытады.
Балалар сұрақтарға шамалары келгенше жауап береді.
Ойынға барлық бала қатысады.
|