Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Ортаңғы «Балдырған» тобы Күні



Дата04.01.2022
өлшемі16,58 Kb.
#109544
Байланысты:
ииии


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Ортаңғы «Балдырған» тобы Күні: 04.05.2018ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану


Тақырыбы: «Бәйшешек»
Мақсаты: Көктемдегі ең алғаш қардың астынан шығатын гүл түрімен таныстыру;

Білімділік: бәйшешек гүлі туралы мағлұмат беру;


Дамытушылық: ақыл-ойларын дамыту;

Тәрбиелік: әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: бәйшешек гүлінің суреті.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қостілділік компоненттері: Бәйшешек-подснежник.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалардың назарын өзіме аударамын.

Балалар сендер қардың астынан шығатын әсем гүл туралы білесіңдер ме?

Ол бәйшешек деп аталады. Суреттен көрсету.

Балалар білмейтіндіктерін айтады.




Ұйымдастырушылық ізденістік

Бәйшешек гүлі балалар наурыз айында қардың астынан, жер бетіне шығатын ең алғашқы гүл, өзі нәзік, түсі аппақ, исі өте жағымды болады.

Бәйшешекпен гүлімен біз сендермен сол наурыз айында танысқан болатынбыз, ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде өткенбіз.

Қазір мен сендерге жаз мезгілдерінде аулада, көшелерде әсемденіп өсіп тұрған гүлдердің түрлері туралы айтып беремін, суреттерімен таныстырамын.

Сендер қандай гүлдердің түрлерін білесіңдер?

Гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?

Көкте ойнап найзағай,

Күн күркірей бастады.

Қылтитты алмас найзадай,

Көк жауқазын бастарын.

Балалар бәйшешекті кейде жауқазын деп те атаймыз.

Ойын «Гүл жинау»

Мақсаты: жақсы көңіл-күй сыйлау.

Барысы: жерге гүл дестелері қойылады. Музыка ырғағымен балалар домаланып билейді, музыка тоқтаған кезде екі-екіден қол ұстасып, гүл дестелерінің қасына отырады.

Отырмай қалған бала тақпақ, ертегі, өлең айтады.Ойын осылай жалғасады.



Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


Балалар мұқият тыңдайды, қызығушылық танытады.
Балалар сұрақтарға шамалары келгенше жауап береді.

Ойынға барлық бала қатысады.



Рефлексиялық түзетушілік

Бүгін қандай гүлмен таныстық?

Гүлдерге не ұқсайды?

Көбелектер қайда қонады?

Өздеріңде кішкентай жауқазын гүлдер сияқтысыңдар деп оқу қызметін аяқтаймын.



-Бәйшешекпен, қызғалдақ, аула гүлдерімен

-көбелектер.

-Гүлге.


Күтілетін нәтиже:

біледі: бәйшешектің ең алғашқы гүл екенін;



игереді: сөйлемдерді байланыстырып сөйлеуді;

меңгереді: ойын шартын бұзбай ойнауды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет