Ұйымдастыру- іздестіру
|
«Құстар» ойыны
Мақсаты: құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. Суреттегі құстарға жем су бергізеді.
Үлгі суретін көрсетеді, сипаттатады
Торғайдың суреттерін салу реттілігі:
Торғайдың үлгісуретін қарап, ненің жетіспейтінін сұрайды;
Кіші дөңгелектің оң жағына кішкентай ұшбұрыш салғызады.(тұмсығы)
Сопақшаның төменгі жағына жуан қылқаламмен таяқша , жіңішке қылқаламмен таяқшаның остына үш кішкене салғызады;
Сөздік жұмысы
«Жыл мезгілі, күз айлары» сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
Сергіту сәті
Торғай ,торғай , торғайсың
Жақын неге қонбайсың?
Жем шашайын тойып ал,
Қанаттарың қатайсын
Сопақша ішіне ұшбұрыш салғызады
Дайын суретті тиісті түстермен боятады
Мақал
Еңбегі аздың өнбегі аз
Мақалдың мағынасын түсіндіреді
|
Құстарға жем береді, су құяды.
Торғайдың суретіне қарап , не жетіспейтіндерін айтады
Көрсетілген орынға тұмсығының суретін салады.
Сопақшаныің төменгі жағына жуан қылқаламмен таяқша салып, әр таяқшаның ұшына жіңішке қылқаламмен үш жіңішке таяқша салады.
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Қимыл қозғалыспен жасайды
Сопақшаның ішіне ұшбұрыш салады.
Қажетті түстермен бояйды (қара, қоңыр, қызыл)
Мақалды тыңдап мағынасын түсініп алады
|