8. Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай артады. Жоқ
9. Топшада жоғарыдан төмен қарай атом радиусы артады. Иә
10. Бір периодтағы элементтердің иондану энергиясы ядро заряды өскенде және атом радиусы кемігенде солдан оңға қарай кемиді. Жоқ
Сабақтың тақырыбы: 1.4. Энергетикалық деңгейлердің құрылысы Сабақтың міндеттері : а) Оқушылардың атом құрылысы,атомдағы электрондардың күйі, период нөмірі мен энергетикалық деңгейлер арасындағы байланысты ашу,кванттық теорияның маңызы химиялық туралы алған білімдерін жетілдіру; ә) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шығармашылық ізденіске баулу. б) Өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге үйрету. Өздігінен талпынып, жауапкершілікпен сезінетін, саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу;
САБАҚ ТҮРІ: ӨТКІЗУ ӘДІСІ: КӨРНЕКІЛІКТЕРІ : ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС : аралас сабақ
сұрақ – жауап, тест, үлестірмелі дидактикалық карточкалармен жұмыс, түсіндіру. тест сұрақтары, үлестірмелі дидактикалық карточкалар, химиялық байланыстардың, кристалл тор түрлерінің жіктелуі сызбанұсқалары, әр түрлі химиялық байланысы бар заттардың қасиеттерін салыстыру кестесі. физика, геометрия Жаңа сабақ барысы Кванттық механика күрделі математикалық аппарат, сондықтан біз, тек атом және молекула құрылысына байланысты сұрақтарды түсінуге болатын жақтарын ғана қарастырамыз.Маңыздысы атомдағы электронның қозғалысы квант сандарымен сипатталады:
А) бас квант саны - n
Б) орбиталь квант саны - l
В) магнит саны - m
Г) спин саны - s.
А) Бас квант саны сол орбитальда қозғалған электронның жалпы энергиясын анықтайды;олар кез келген бүтін санға тең болады 1 (п=1,2,3,….).
Б). Орбиталь квант саны арқылы электронның қандай деңгейшеде болатынын көрсетуге болады:
Мәндері: 0 1 2 3 4
Орбитальдар: s p d f g. Орбиталь: электрон бұлты болатын кеңістік
Орбитальдардың пішіні орбиталь квант санымен анықталады.
В) Магнит квант саны: Ядро өрісінде қозғалатын электрондар магнит өрісін туғызады, оларың өзара әсерлесуі кеңістіктегі орбитальдардың бағытын анықтайды .
Г) спин квант саны: электрондардың өз осінде қарама-қарсы бағытта ұршық тәрізді айналу қабілеті бар екені анықталды. Мұндай қасиеті «электрон спині».
(айналу) деп аталады. Атомның барлық қасиетін толықтай түсіндіру үшін 1925 жылы электронның спиндері туралы гипотеза ұсынылды.