Ұйымдастырушылар: Мусинова Альмира Халилаева Ақерке Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам. Тренинг мақсаты



бет1/12
Дата08.09.2017
өлшемі1,8 Mb.
#30071
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Психологиялық тренинг


Ұйымдастырушылар: Мусинова Альмира

Халилаева Ақерке

Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам.

Тренинг мақсаты:

Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.



Тренинг міндеттері:
- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;

Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.
б) «Автопортрет» жаттығуы.
в) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
д) «Өрмекші торы» жаттығуы.
е) «Керісіншелер елі»
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Жүйрік ой» жаттығуы.
б) «Қайта байланыс» жаттығуы.

Тренингтің жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу /

ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау
- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру..

ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.
- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

2. Болып жатқанға белсенді қатысу.


3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5"Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.

ІV. Негізгі бөлім.
а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын....

б) «Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушыға 1 беттен беріледі, сол бетке өз сипаттамасын жазу керек және 2 минуттан кейін беттер жинап алынатындығы ескертіледі.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...

в) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
д) «Өрмекші торы» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

е) «Керісіншелер елі».

Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.



Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

ІV. Қорытынды бөлім. Тыныштық сәтін ұйымдастыру .
а) «Жүйрік ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/
- Маған қажет қасиеттер, мыналар......
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар .....
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі .....
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

б) «Қайта байланыс» жаттығуы
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.

Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласы біл…
"№92 гимназия" КММ

Начало формы

Конец формы

Перейти на сайт отдела образования

кіру рус каз

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Ақпараттық блок

  • Директор парақшасы

  • Гимназия әкімшілігі

  • Кафедралар

  • Электронды кітапхана

  • Ақпараттандыру

  • Қазақстан Республикасының Елбасы жолдауынан

  • Нормативті құжаттар

  • Оқу жұмысы

  • Тәрбие жұмысы

  • Психологтар жұмыстары

  • Аттестация материалдары

  • Методическая копилка

  • Жас маманға көмек

  • Белсенді ата-аналар

  • Ата-аналарға ақпарат

  • "Мектепке жол" акциясы

  • Жазғы лагерь

  • Гимназия шаңырағында өткен іс шаралар

  • Қауіпсіз ғаламтор

  • Экспериментальді гимназия

  • Атаулы күндер

  • Ардагерлер

  • Біздің спортшылар

  • Өнер әлемі

  • Гимназия фотогалереясы

  • Мұражайға саяхат

  • Денсаулық әліппесі

  • Желілік қауымдастық

  • Гимназия жаңалықтары

  • Сұрақ-жауап

  • Хабарландыру

  • СМИ

  • Гос.закупка

Қазақ тілін үйренеміз

Дау даудан қорқады.

Сұрақ-жауап

Барлық жауаптар: 161

Жаңа сұрақтар: 1

Сұрақты беру

Ата-аналармен жұмыс

Сәтті күн болсын, құрметті ата - аналар!

 

Кеңестер Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"

 1.Баланың сабағын жеңілдететін  жағдай жасауға тырысыңыз,    тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты  режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.     2.Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.      3.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, білімдеріңізбен бөлісіңіз.     4.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз. Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін  қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,    5.Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.       6.Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңізді сездіріңіз.    7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.

 

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?



(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)

•          Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.

•          Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.

•          Бала  тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына  сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

•          Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

•          Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

•          Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

•          Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің  маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

•          Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

•          Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

•          Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

•          Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.



Ата-аналарға арналған ұсыныстар мен кеңестер

МЕКТЕП - БАЛА ҮШІН ЖАҢА ӨМІР

Қазіргі білім беру үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі -баланың мектепте оқуға дайындығы болып табылады.

Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуден өтпеу мүмкін емес, бірақ оны едәуір немесе жартылай болсын  жеңілдету- орындауға болатын міндет.

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

•         Дене,

•         Адамгершілік,

•         Психологиялық,

•         Ақыл-ой.

ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

СанПин 2.42.1178-02 келісілген  санитарлық-эпидемиологиялық «Білім беру мекемесінде оқу шарттарының  гигиеналық талаптары» ережесіне сай бірінші сыныпқа балалар өмірінің жеті немесе сегіз жасынан ата-анасының шешімімен, баланың мектепте оқуға дайындығы жөніндегі психолого-медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

Мектепке қабылдаудың міндетті талабы- 1 қыркүйекке дейін баланың жасының 6,5 жастан кем болмауы  болып  табылады. 6,5 жасқа толмаған баланы оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырылады.

АДАМГЕРШІЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ:

1)    мұғалімдермен қатынасын құра білу;

2)     сыныптастарымен тіл табыса білу;

3)     сыпайылық, ұстамдылық, тіл алушылық;

4)     өзін-өзі бағалауы

5)     өз іс-әрекетін, мінез-құлқын дұрыс ұстау және оқу тапсырмасын қабылдай білу, мұқият, үлкендердің сөзін бөлмей тыңдау.

6)    басқаның көзқарасын қабылдау,  өз-өзіне басқа қырынан қарау, сыныптастарын тыңдай білу, басқалардың сәтсіздіктерін адекватты түрде бақылау;

7)     ата-аналар тарапынан берілген көмек бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде болу керек.

Өз балаңыздың жетістіктерін басқа балаларға  қарап салыстырмаңыз. Баланы «баға» үшін оқытуға болмайды. Одан да тіпті кішкене жетістігі болса да, үнемі мақтап отыру керек.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ:

1)    Бұл баланың оқудың маңыздылығын, қажеттілігін нақты түсінуі; Жаңа білім алуға қызығушылық танытуы;

2)    Бұл мұғалімді тыңдай білуі және оның берген тапсырмаларын  орындай білуі;

3)    Үлкендермен, сыныптастарымен тіл табыса білуі (үлкендердің беделін сезінеді, қарым-қатынасқа жеңіл түседі,  кез келген  қиындықтан шыға білуге тырысады);

4)     бұл ойлаудың,зейіннің, естің дамуының  анықталған деңгейі.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ  ДАМУЫ:

•         Қолдың ұсақ қимыл-қозғалысының дамуы (қол жақсы дамыған, бала қарындашты , қайшыны сенімді ұстайды);

•         Кеңістіктегі  қозғалысты сезіну ( жоғары-төменді, алға-артқа, оңға-солды дұрыс анықтау);

•         Көз бен қолдың жүйесінің координациясы -  (бала көзбен алдындағы (мысалы,кітаптағы); графикалық бейнені, фигураларды, өрнектерді дәптерге дұрыс түсіру.



МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ:

•         Логикалық ойлауының дамуы (әртүрлі нәрселерді салыстыруда арасындағы айырмашылықты, ұқсастықтарды табу, белгілеріне қарап жалпылай алу);

•         Ырықты зейінінің дамуы (орындап отырған тапсырамаға 15-20 минут зейінін тұрақтандыру);

•         Ырықты есте сақтауының дамуы (есте сақтай білу:  есте сақталған материалды нақты символмен, сөзбен, немесе ситуациямен, суреттермен байланыстыру).



АҚЫЛ-ОЙ ДАЙЫНДЫҒЫ

•         Ең маңызды көрсеткіш — бұл сөйлеу мен ойлаудың дамуы.

•         Балаға «сондықтан да», «егер де», «себебі»  деген сөздерді пайдаланып, талдаулар, қорытындылар жасауға үйрету өте пайдалы.

•         Сұрақты дұрыс қоя білуге, жауабын тыңдай білуге үйретіңіз. Бұл өте пайдалы. Ойлау әрқашанда сұрақ қоюдан басталады. Ойлан деп жай айтқаннан баланың ойы іске аспайды.

•         Сөйлеу – оқу үрдісінің негізі болып табылады.   Ең маңыздысы монологиялық сөйлеудің дамуы. Бала үшін бұл әңгімелеп беру. Оқып болған соң балаға сұрақтар қойып талдатыңыз.

•         Негізгі назарды кеңістікті бағдарлай алуға аудару керек. Бала сөзінде ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, пайдалана ала ма: жоғары, төмен, артқа, төмен, жоғары, аралық, алдында., артында, алдынан,  от…, сзади артынан, жанында , алысырақ т.б.



БАЛА ОҚУЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕМЕС, АЛҒАН БІЛІМІНІҢ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

•         Жай оқып шығу ғана  емес, сөйлеуді қоса дамыту керек. Жазу жазғанда қол қимылдарының дамуына назар аудару керек.

•          Баланың толыққанды дамуы үшін ересектермен дамыту ойындарын ойнау, кітап оқуды тыңдату, сурет салғызу т.б пайдалы

ОҚУҒА ДАЙЫН ЕМЕС : СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ «ПОРТРЕТІ»

•         ШЕКТЕН ТЫС ОЙЫНШЫЛДЫҚ;

•         ӨЗ БЕТІНШЕ ҚИМЫЛДАМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРГЕ БАҒЫНБАУ , ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК;

•         СЫНЫПТАСТАРЫМЕН СӨЙЛЕСЕ АЛМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ;

•         ТАПСЫРМАЛАРҒА ЗЕЙІНДІ ШОҒЫРЛАНДЫРА АЛМАУ;

•         АЙНАЛАСЫ ТУРАЛЫ АЗ БІЛУ,ЖАЛПЫЛАЙ АЛМАУ, ЖІКТЕЙ АЛМАУ, АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРДЫ ТАБА АЛМАУ;

•         ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛСІЗ ДАМУЫ;

•         ЫРЫҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ;

•         СӨЗДІК ҚОРДЫҢ АЗ БОЛУЫ.

 

ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ:



Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен шыдамдылығыңыз баланың оқуда алға ілгерілеуінің кепілі.

Бірге  тәрбиелейік

1 сынып ата-аналарымен жұмыс

«Мектепке дайын болу – оқи алу, санау, жаза білу емес .

Мектепке дайын болу – осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу.

Венгер Л. А.

 

Бірінші ереже:бірге бөлісу арқылы, барлығымыз бірге,  біз барлық қиындықтарды жеңеміз.



Екінші ереже:ешқашан өз балаңызды басқалармен салыстырмаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет