1.2 Оқушылардың ұжымдық, шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру тәрбиелеудің жолы ретінде
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөніңде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмекгесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді.
Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіңдік жасалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмекгеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар «барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті онды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтык мағынасын тереңдетеді, оқуға жеген жауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
А.Синицкая зерттеулері жасөспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70 пайызы, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Казіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысыңда пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз бетімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіңдік және біріккен іс-әркеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:
— бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
— ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
— іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
Жоспары:
1. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі.
2. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттыру.
— бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
— бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
— жалпы нәтижелердің болуы.
Алайда күңделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне ие болады, яғни жұмыс барысына қатысушылардың арасыңдағы қарым-қатынастың өзіңдік сипаты мен әр алуандығы байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекгі дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
А. С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы
А. С. Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс -ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспектива-лық, бірлікті әрекет).Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А. С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бүл кезеңде ұжым педагог тәрбие жүмысының мақсаты ретівде көрінеді, мүның өзі үйымдасқан, белгі-ленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну,яғни оқушылардың үжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмүнымен, мақсат-міндеттерімен, қүнды-лықтарымен анықталады. Үжымның үйымдастырушысы-педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Үжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа,іс-әрекетке және үжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагоггардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне үжымға не пайдалы,не зиянды екенін байқатып,өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер үжым қажеттілігін дүрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бүл кезенде белсенділер жұмысына педагог көпкөңіл бөлуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |