Ақпараттарды өңдеудің технологиялық үрдісі
Мекемедегі ақпарат таралуының өзіңе тән жолы бар. (1.6.1-сызба.)
бас маман
Әкім
Хатшы
Хатшы
Почта
орынбасар
бухгалтерия
1.6.1-сызба. Мекемеде ақпарат таралуының блок-схемасы
Мәліметтерді (ақпаратты) сақтау — материалдық тасуыштың қалып-күйінің өзгермеуін жасақтаумен байланысты уақыт бойынша ақпаратты жеткізу процесі.
Ақпаратты жөнелту
Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көзі ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.
Ақпаратты өңдеу
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
Достарыңызбен бөлісу: |