Мерзімінен бұрын (алғашқы) жасөспірімдік — бұл жағдай 9 жастағы ұлдарда барлық немесе жекеленген кейінгі жыныс белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Кейде бұл көңіл-күйлік және мінез-құлықтық бұзылыстармен бірлеседі, сонымен қатар, әлеуметтік бейімділіктің бұзылуымен сипатталады. Ұлдардың шынайы және жалған мерзімінен бұрын жыныстық дамуын ажыратады. • Шынайы мерзімінен бұрын жыныстық жетілу гипоталамо-гипофиздік жүйенің гиперфункциясының салдары болып табылады және толық ерте жыныстық жетілумен сипатталады (аталық безде сперматогенездің белсенденуі және вирилизация). Себебі: гипоталамустың нейрондарымен гонодолибериннің мерзімінен бұрын сөлденуі салдарынан аденогипофиздің гонодотропты гормондарының сөлденуі артады. Жалған (кейінгі) ерте жыныстық жетілу ұлдарда АХГ немесе андрогендердің дербес артық өндірілуіне байланысты. Жартылай ерте жыныстық жетілумен сипатталады (вирилизация белгілерінің пайда болуымен), бірақ сперматогенез әсерленбейді. Себептері: аталық бездердің андроген өндіруші өспелері (мәселен, тестостерон өндіретін лейдигомалар; андроген түзуші сертолиомалар және арренобластомалар), Лейдиг жасушаларының гиперплазиясы және тестостеронның солармен артық өндіруі, бүйрек үсті безінің гиперплазиясында (жиі — туа біткен) немесе өспелермен зақымдануында қанда андрогендер деңгейі жоғарылайды. Ерте жасөспірімділіктің көріністері: вирилизация (қасаға және қолтықастылық түктердің пайда болуы, дауыстың жуандауы, атабезінің және жыныс мүшесінің ұлғаюы, т.б.) алғашқы вирилизация әйгіленімдері екі жасында кездеседі және ергежейлік (сүйек эпифизінің өсуінің ерте тоқтауымен сипатталады).