Споралар – саңырауқұлақ және өсімдіктердің арнайы жасушалары арқылы көбею.
Споралы өсімдіктер
Көбею циклінде жынысты ұрпақ гаметофит басым. Антеридий мен архегонийда гаметофитте қозғалмалы сперматазоид және қозғалмайтын жұмыртқа жасушасы дамиды.
Спора түзілу
арнайы клеткалар-споралар арқылы жүретін көбею формасы.Спора-көбеюді қамтамасыз ететін сыртынан қалың қабықпен қапталған тіршілік циклі стадияларының бірі. Мысалы, қарапайымдылар типіндегі споралыларда,бірқатар төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде спора түзіледі. Бактериялардың спорасы көбеюді емес тек қолайсыз орта жағдайларында тіршілігін сақтап қалуды қамтамасыз етеді.