Жыр жазамын жүрегімнен Өлеңдер жинағы



Дата27.01.2020
өлшемі0,77 Mb.
#56591
Байланысты:
Жыр жазамын жүрегімнен1


Жыр жазамын жүрегімнен
Өлеңдер жинағы


Өлеңдері мұғалімдерге, оқушыларға және ұл-қыз өсіріп, ұрпағының келешегін ойлаған ата-аналарға, туыстарына және шығармашылығымен жақынырақ танысамын деген көпшілік қауымға арналған.

.

Асқақтаған Астана


Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Кезінде қоныс болған Абылайға.

Қазақтың шексіз, шетсіз байтақ жерін,

Сұлулығын, шұрайлы табиғатын,

Таңдаған да, таңдана білген дара.
Бүгінде сұлу Есіл жағасында,

Танылып бар әлемге таралуда.

Аңыз ба, ертегі ме...-ел куә ғой,

Салынған аз уақытта жаңа қала,

Нұрсұлтан таңдап алған Сарыарқада.
Самсаған ғимараттар, Бәйтерек те,

Арманмен тілдесуде бой көтере.

Қазақтың бар өнерін паш ететін,

Ұлылықтың белгісі –ескерткіштер,

Тарихтың бар есігін ашты емес пе!?
100 жылда дара туған, дана ғана,

Нұрсұлтан нұрын шашты бас қалаға.

10 жылдық мерей тойын елің тойлап,

9 жолдың торабындағы жас қаламды,

Ата –баба аруағы қолдады ма?
Жарқыраған Астанамыз арман қала,

Шоқ жұлдызың жарқырап жанған қала.

Таң қалып тамашалап, аралайды,

Шет елден шақырылған қонақтар да,

Астана- Арқа жерін жаңғыртуда.
Күндізгі туған жердің шежіресіне,

Түндегі жұлдыздарда таласуда.

Бақ қонған Арқа төсін дүбірлетіп,

Дәулетті, сәулетті де құт мекен боп,

Жарқырап , жаңара бер- нұр Астана.
Тәуелсіз қазақтың киелі мекені,

Сарыарқа төсінде- ертегі шаһары,

Сиқырлы сазымен, домбыра үндескен,.

Асқақта күмбездей сұлу жер жаннаты.

Астана-Абылай арманы, қазақтың қамалы.
Алынар белестер, қол жетер табыстар,

Әлемдік деңгейге жеткізер-ол жастар,

50 ел қатары- қазақпен толығар.

Жеңістен-жеңіске жеткізер жалауың,

Астана биіктен-биікке самғай бер, алысқа...
Туған тілім -өз тілім
Ана тілім –құрып кете жаздадың,

Тағдырыңның маңдайына жазғанын.

Өттің талай қиыншылық кездерден,

Асулардан , асқар таулы белдерден.


Ана тілім- Абай сөзі сияқты,

Өткір жүзді , өшпес өмір өзені.

Ахметтер , Ыбырайлар армандап,

Жағып кеткен шам- шырығы сөнбейді.


Ана тілім- қаным менен сүйекте,

Мұқағали жырлап өткен сүйіп те.

Тілдің бағын ойлайтындар бұл күнде,

Намыс оты лаулай түссін жүректе.


Ана тілім -бағың сенің жанған күн,

Ата-баба аруақтары қолдаған.

«Қазақпын»- деп мақтанамын , жар салам,

Ана тілін әнге қосып, жыр жазам!


Қазақстан көк байрағың желбіресін ,

Бабам тілі өркендеп өсе берсін.

Келер ұрпақ ана тілін қадір тұтып,

Жайнатып өз елінде еңбек етсін !..


Жаса , қазақ елі!
Көгінде қыран құсы самғайтұғын ,

Төрінде көк байрағы жайнайтұғын .

Жерінде терін төгіп ,еңбек етіп ,

Төрт құбыласын теңімен ойлайтұғын .


Мәртебең биік болсын , берік болсын,

20 жыл берер жауап , түйін болды.

Алшаң басып , қатардан қалыс қалмай,

Алған асу , бел – шыңың анық болды .


Ашылды ауданымызда ғимараттар ,

Игі істер атқарылды сәтіменен .

Гүлденіп көркеюде туған өлкем ,

Жарқыраған түнгі шамдар сәніменен .


Той шашуын құдайым көктен берді.

Несібесін мал – жанның көптеп берді.

Молшылық , тоқшылығын ала келген ,

Төл мереке баршаңызға құтты болсын!


Құдайым жақсылығын бере берсін ,

Аспанда күннің нұры алауласын .

Бейбітшілік белгісі көгершіндер ,

Тыныштық әніменен жер шарласын.


Қарияның қабағын мұң шалмасын ,

Аналар келбетінде қуаныш ұяласын.

Жастарымыз өмір көріп, еңбек етіп ,

Сәбилер бесігінде жыламасын .



Ауылым

Неткен күшті ,құріреттісің табиғат,

Дәл сенімен тілдескендей адамзат.

Ауыл маңы орман-тоғай аралас,

Сүйсіндірер сайраған құс ғаламат.
Көктемде біздің маңай гүлденеді,

Өзгеріп көз тартарлық түрге енеді.

Сағынып құстар келер біздің елге,

Сән берер у-шуымен орман –көлге


Ауылдың дәл алдында -Мұқыр сайы,

Көгорай шалғынымен малға жайлы.

Күреңбие, Қарағаш,Шиелісі,

Шерткендей тарих сырын әрбір жайды.


Жаз келсе Есіл тұрар қолын бұлғап,

Дем ал сен , қасыма кел, көңіл сұрап.

Шақырғандай сағынып әрбір жанды,

Жатсаңшы құмыма кеп, аунап-қунап.


Көлінде шортан тулаған ,

Сан түрлі балық ойнаған.

Төскейі толы мал болған,

Қамбаға миллиард дән толған.


Көктастан бұлақ үні сылдырлайды,

Тап –таза , дертке шипа сыңғырлайды.

Шие ,құлпынай ,қарақат түр – түрімен,

Саңырауқұлақ әр жерден сығалайды.


Айналайын ,атамекен, туған жер,

Бесей ата кіндік қаны тамған жер.

Базарбай атамызға қоныс болған,

Топырағың қасиетті туған жер...


Айта берсем ауылымның жыры көп қой,

Жасыратын сендерден сыры жоқ қой.

Ендеше, ауылдастар ,ойлаңдаршы,

Біздер үшін дәл Мұқырдай жер жоқ қой...

Наурыз
Ұлыстың ұлы күні –Наурыз келді,

Жарасып күн менен түн теңеледі.

Табиғат ұйқысынан оянғандай,

Адамзатқа мол шапағын төгеді.


Наурыз келді...Ерекше жыл келеді,

Адам да табиғатпен өзгереді.

Жылылық,қуанышын бізге бөліп,

Мейірін күнмен бірге ол төгеді.


Жаңа жыл-барыс жылымыз,

Ғажап –ау әрбір кезеңі.

Жадыратып көктемде мал-жаныңды,

Ризығын аямастан құдай береді.


Наурыздан басталады өмір шіркін,

Жер мен көк өзгереді , дүркін-дүркін.

Біздер де құр қалмайық тамашалап,

Қызығына тоймайық бұл өмірдің.


Барыс жылы –жаңа жылдан көп күтейік,

Денсаулық,жақсылығын бір көрейік.

Аналар-жанұяда жылылық боп,

Әкелер-әлпештеген даналық бол!


Әжелер аталармен аман болсын,

Олармен отбасыңыз нұрға толсын!

Немере –шөбереңіз гүлдей жайнап,

Елімізде тыныштық заман болсын!


Мектебіміз көркейіп гүлдей берсін,

Шәкіртіміз білімді боп ел билесін

Ұстаздары қартаймайтын, шаршамайтын,

Кеңпейіл, ақ жүректі ,адал болсын!


Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз келді,

Ұлттық қазына –мирасын ала келді.

Мұсылман баласының барлығына,

Зор мақсат, биік белес ала келді.


Жаңғыртып жыл басын-Наурыз келді,

Табиғат ерекше бір түрге енді.

Бар байлығын аямастан беріп бізге,

Анадай әлпештеген-көктем келді.


Құтты болсын –Наурызымыз қалайық!

Қуанышпен шаттық әнге салайық!

Бүгінгі күн, биылғы жыл той тойлап,

Барша халық аман –есен болайық!



Тербеледі тың дала.
Ауылымның төскейі алтын аймақ,

Алтын тәжбен алтын алқа тағынғандай.

Көз жүгіртіп қарасаң шын жүректен ,

Тұнып тұрған алқабының байлығын –ай.


Сонау жылдар төсінде еңбек етті,

Ата- анамыз жер жыртып, дүрілдетті.

Бабалар мирас еткен топырақты,

Игілікке жаратып , дүрілдетті.


Қызу жұмыс басталды ел ішінде,

Сол күндері қарияның әлі есінде.

Тыңды игеріп халықтар достасыпты,

Татулығы жалғасыпты осы күнде


Содан бері жылдар да зымырады,

Қазақстан- ордасы ақ бидайдың.

Миллиарттан астық беріп, аты шықты,

Қазақстан жомарт жер қанат жайдың.


Ұлдары мен қыздары қызу қолдап ,

Еңбек етті аянбай өз халқына.

Атанып Социалистік Еңбек Ері,

Жарқырады төсінде жұлдыздар да.


Аспаннан күннің көзі күлімдеген,

Ешқашан көк аспанды бұлт шалмасын.

Аталар ұрпақ үшін еңбек еткен,

54-тың тойың құтты болсын!


«50 жылда ел жаңа» -деген халқым,

Ақ бидайым , алтын астық – құт берекем.

Дастарханға төгілген нан, бауырсақ,

Несібесі елімнің ән- берекем!



Туған тілім -өз тілім
Ана тілім –құрып кете жаздадың,

Тағдырыңның маңдайына жазғанын.

Өттің талай қиыншылық кездерден,

Асулардан , асқар таулы белдерден.


Ана тілім- Абай сөзі сияқты,

Өткір жүзді , өшпес өмір өзені.

Ахметтер , Ыбырайлар армандап,

Жағып кеткен шам- шырығы сөнбейді.


Ана тілім- қаным менен сүйекте,

Мұқағали жырлап өткен сүйіп те.

Тілдің бағын ойлайтындар бұл күнде,

Намыс оты лаулай түссін жүректе.


Ана тілім -бағың сенің жанған күн,

Ата-баба аруақтары қолдаған.

«Қазақпын»- деп мақтанамын , жар салам,

Ана тілін әнге қосып, жыр жазам!


Қазақстан көк байрағың желбіресін ,

Бабам тілі өркендеп өсе берсін.

Келер ұрпақ ана тілін қадір тұтып,

Жайнатып өз елінде еңбек етсін !..






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет