Жырау хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі21 Kb.
#110016
1   2
Байланысты:
Жырау

Насихат” – поэзиясында қазақтардың дүние, тіршілік туралы таным-түсінігі, не жақсы, не жаман, не дұрыс, не бұрыс дегендер көрінді.

Насихат жырларында қазақтардың адамшылық пен ізгілік туралы барша таным-түсінігі алақанға салғандай анық көрініс тапқан.

Х. Досмұхамедұлы жасаған қазақ халық әдебиетінің классификациясында үгітшіл, ғұмырнамалық өлім алдындағы өсиет өлеңдер, батырлық жырлар, тарихи жырлар, т.б. сол уақытқа сақталып жеткен, жасап отырған әдебиеттің бар түрі қамтылып айтылады. Сөз жоқ, ол жіктеулердің жырау поэзиясы деп аталып қарастырылмағанымен, жырау поэзиясына қатысты тұстары да аса мол.

Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқышта” (1926) жыр түрлеріне қатысты толғау, терме, тақпаққа анықтама береді, ерекшеліктерін ажыратып айтады.

Толғау қысқасын айтқанда, іші қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі.

Терме (яки түрлі өлеңдер). Терме деп ат қойылуының мәнісі – бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрғанда көп нәрсені теріп, сөз етеді.

Тақпақ. Салт санасына сәйкес пікірлерді келтесінен келтіріп, өлең түрде ұйқастырып айту тақпақ болады.

А. Байтұрсынов толғауды бірнеше түрге: сап, марқайыс, қалыс, намыс, сұқтаныс, оймалдау, сөгіс, толғау деп бөледі. Таза толғаудан аз, әр түрлі аралас болатынынын айтады. Толғаудың тысқы, ішкі сырты дегенді ұғындырады. (Кейінде Мұхтар Мағауин бәрінің басын қайырып, ой-толғау деп ажыратады – Қ. М.).

Мухтар Әуезов қазақ әдебиеті тарихындағы жыраулар поэзиясының орны, жыраудың әлеуметтік тұлғасы жайлы алғаш мақсатты, арнайы еңбек жасады. “Әдебиет тарихы” (1927) оқулығында жырау кім, оның айтқаны мен айтпағы не еді, жыраудың міндеті мен өлеңшілік шарты жөнінен жан-жақты сөз қозғады. Асан мен Бұхар жырауға арнайы тоқталды. Бұл зерттеуде әдебиет тархындағы жырау тұлғасын ашудың ғылыми негіздері жасалды.

Жыраудың негізгі міндеті өлеңшілік емес, елге басшылық істеп, басалқа айту.

Ол – алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманының сыншысы, қырағысы.

Өз елінің не биі, не батагөйі.

Елді меңгерген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Хан шеше алмаған түйінге шешу сөз айтқан.

Тыныштық заманда қиюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырушы бітімші би.

Қысылшаң заманда жол табатын, бет нұсқайтын кемеңгер кереген.

Оның сөзі өтімді, өткір, асыл өлең өлшеуінен шыққан сөз. Толғау мен тақпақ.

Көпке айтқан сөзі ел мұңы, ел қамы. Сөздердің барлығы әлеуметшілдік сарынмен айтылады.

Жырау заман сыншысы,

Ақылшы. Үгіт, өсиет айтады.

Керек кезінде ханның да, қараның да қатал тезі.

М. Әуезов Бұхар жырау шығармаларындағы басты сарын, негізгі күй төңірегіндеең алғашқы байлам, тұжырымды жасады. Жыраудың әдебиет тарихындағы бағасын берді, тұғырын тиянақтады.

1929 жылы “Еңбекші қазақ” арқылы халыққа хат жолдап, әдеби мұраны мақсатты түрде жиып, теруді, жариялауды, зерттеуді қолға алған Сәкен Сейфуллин қазақ жыраулар поэзиясының әдебиет тарихына орнығуында, әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына айналуында өлшеусіз орны бар іс атқарды.

Жыраулар мұрасы, негізінде, халық ауыз әдебиеті үлгілері ішінде қарастырылып келеді.

Сәбит Мұқановтың 1942 жылы шыққан “Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” еңбегі әдебиет тарихын жасаудағы, әдебиеттану ғылымындағы биік белес. Еңбектің әдебиет тарихындағы барша құндылығын айту – кең әңгіме. Тек жыраулар поэзиясына қатысты қарастырғанның өзінде С.Мұқановтың еңбегінде Бұхар жыраудың шығармашылық мұрасы, өмірбаян деректері алғаш рет ғылыми жүйеге түсті.

С. Мұқанов еңбегінде қазақ жырауларынан Үмбетейдің, Ақтамбердінің, Нысамбай, Балғожа жыраулардың аты аталады. С.Мұқанов Мұрат ақын қазақтың көне жыраулары Қазтуған, Шалкиіздің өз жырлары деп берген толғаулар туралы тұжырым жасайды.

Қажым Жұмалиев жыраулық өнер, оның көркемдік сипаттары; Бұхар жыраудың шығармашылық мұрасының негіздерін біршама қарастырады. Жыраулар мұрасының зерттелу тарихына тоқталды. Ал жырау болудың ең басты шарты ырғағы бар, ұйқасы бар өлең шығара алуы екенін айтты. “Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу келген шешендік сөздер тобына жататын тақпақ болып келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік мәні бар ойлы пікір айтуы керек. Сонда ғана жыраудың міндетін атқара алады”. Ғалым Бұхар шығармаларынан ұйқас, буын, көркемдік негіздер жөнінен талдауында жалпы жыраулар поэзиясына да қатысты бірнеше түйінді тұжырымдар жасады.

Е. Ысмайылов “Ақындар” монографиясында жырауларды әдебиеттің көне өкілі дейді. Олардың шығармаларының басты ерекшелігі, тақырыбының, сарынының бірыңғайлылығы екенін баса айтады. Негізінде олардың шығармаларында адам мұңы, қайғы-зар, өткен-кеткен жайларға, күйлерге бойлау, батагөйлік, шешендік басым. Бұл жыраулар поэзиясының дәстүрлі сипаты.

Х. Сүйіншәлиев жыралар поэзиясының қазақ әдебиетінде өріс алған кезеңі деп XIV-XVI ғасырларды атайды. Ғалым жыраулар поэзиясының толғау, терме, өсиет, өнеге түрлерінде келетінін, ерлік, мадақ жырлардан, арнаулардан тұратынын ажырата қарастырады.

Х. Сүйіншәлиев “Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері” (1967) монографиясында қазақ жыраулар поэзиясын әдебиетіміздің жеке мұрасы ретінде ғылыми-деректік жақтан алғаш рет жүйелеп берді. Осы орайда қазақ әдебиетіндегі жыраулық өнер аса айқын көрінген, даусыз жасаған қазақ хандығы дәуірі туралы, сол дәуірдің әдебиетін белгілі бір жүйемен, ғылыми негізбен қарастыруды, зерттеуді жолға қойған ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың еңбегі өлшеусіз.

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті Мұхтар Мағауин түбірімен түбегейлі, індете зерттеді.



Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті осыдан отыз жылдан астам бұрын жан-жақты қарастырып, жүйелеп, зерделеген, көпшілік жыраудың ғұмырбаян деректерін тұңғыш рет жұртшылық назарына ұсынған ғалым М. Мағауин жыраулар поэзиясын қарастыруда толымды, түбегейлі еңбек тындырды. Ғалымның жыраулар поэзиясының туу, жасау себептерін тарихи жағдай, мазмұн, мән жағынан тайға таңба басқандай жіліктеп, жіктеп отырып, сол жайларды енді әдебиеттің, поэзияның көркемдік заңдылықтарымен қос-қабат қарастыруы, негіздеуі қазақ әдебиеттану ғылымының айтулы табысы.

Ғалым Немат Келімбетов “Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ жыраулары” атты зерттеуінде (Ежелгі дәуір әдебиеті) мынадай түйіндер жасайды: “XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулары поэзиясындағы әлеуметтік және дидактикалық сарындардың түп-төркіні ежелгі түрік әдебиетінде жатқанын аңғару қиын емес”.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет