Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері: Практиканың басты міндеттері студенттердің теориялық білімдерін бекіту және жетілдіру, студенттің тәжірибеден өту кезеңі басталғаннан бастап жұмыстық күшке еніп, еңбек қорғау ережесі және ішкі басқару ережесімен, кәсіпорын қозғалысымен, белгілі бір тәртіпте таныс болуға тиіс. Тәжірибе өту кезеңінде әрбір студент күнделік жүргізеді, және күнделікте олармен істелген күні белгіленеді. Тәжірибе өту аралығында студент міндетті: Ұжым бөлімінің жұмыстарымен танысу Техникалық –қауіпсіздік және еңбек құқығы ережесін қатаң қадағалау және оқу Тәжірибе орны бойынша ұжым өміріне, қоғамдық жұмыстарына қатысу Тәжірибе күнделігін жүйелі құру және өту туралы уақытында есеп жасау. Студент ұйымның әрбір бөлімінің қызметінің бағыты бойынша бөлімдермен танысуға міндетті. Ұйымға келегеннен бастап студент тәжірибе уақытын білуі керек, тәжірибе бағдарламасының есебін тәжірибе уақытында жүйелі пайдалануы тиіс.
бөлім. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан адам, мейлі ол маман болсын, немесе бірінші рет компьютерде отырса да, міндетті түрде техника қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады.
Тыйым салынатын жағдайлар:
экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын қолмен ұстамау;
аппаратураны оқытушының рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу;
дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау;
су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу.
Жұмыс істегенде:
60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс істеу керек.
Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн.
Жұмыс уақытында:
Аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы болса, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыны алдын-ала ескертіңіз;
Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен дұрыстауға тырыспаңыз.
Жүйелі блок. Компьютердің жүйелі блогы соқтықпайтын және толқындар (вибрациялар) компьютерге зақым тигізуі мүмкін. Жүйелі блокты басқа құралдармен қосып тұратын сымдар тек, компьютер сөніп тұрған уақытта ғана қыстырылуы немесе алынуы керек. Компьютерлер орналасқан бөлмеде темекі шегуге болмайды.
Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
есептеуіш техника бөлмесінде әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасының ережесін катаң тэртіпте орындау керек;
электр тогымен зақымдалған қызметкерке әрбір қызметкер алғашқы көмек көрсете білу керек;
электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек;
егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек;
өрт сөндіретін құралдармен әрбір қызметкер жұмыс істей алу керек;
өрт болған кезде қызметкертер эвакуация жолдарын білу керек;