Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
мемлекеттік мекемесі
«Жырлайды жүрек»
Өткізген: Абишева Ж.Б.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2015 – 2016 оқу жылы
Кештің мақсаты: Ғасырлар тоғысында М. Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру
Тәрбиелілік: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын дамыту.
Барысы:
Видио ( Пай, пай, өмір! Өтесің – ау бір күні...)
1-жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты.
1 - жүргізуші: Мұқағали... бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып, оның ұланғайыр кеңдігін, көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманының, түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдына әкеледі.
2 - жүргізуші: Ол 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді. Азан шақырып қойылған аты Мұхаметқали.
1 - жүргізуші: Тұңғыштары Мұқағалидың ізін ала туылған бір қызы мен бір ұлы ерте шетінеген Сүлеймен әкей мен Нағиман шешей олардан кейін Тоқтарбай, Көрпеш атты екі ұл сүйеді.
2 - жүргізуші: Мұқағалидың әкесі колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы болыпты. Нағиман апаның айтуынша, үйдің тұңғышы болғасын ба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған.
Видио «Мұқағалидің өз даусы»
Ән: «Есіңе мені алғайсың». Орындайтын Құрмантаева Дильназ бен Тулебаев Диас
Достарыңызбен бөлісу: |