Үйірмесінің басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі138,5 Kb.
#194634
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
РОБОТЕХНИКА үйрмесінің жылдық жоспары


Түсінік хат


«Робототехника» үйірмесінің басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту.  Робототехника - ол бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады.
Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді.
Оқушылар үйірме жұмыстарының барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Бағдарлама жылына 144 сағат, аптасына 4 сағат( 2 сағаттан 2 рет) құрылган.Бұл бағдарлама 8 бен 15 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 4 немесе 6 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады.

Үйірме жұмысы техникалық өнім-моделін өз бетінше әзірлеу бойынша логикалық ойлауының дамуына, білік пен дағдыларының дамуына ықпал етеді.




Мақсаты:
Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды , сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру


Міндеттері:

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту

  • Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту.

  • Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру

  • Мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын қалыптастыру

  • Оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет