Ер кісі 30 жаста, дене қызуының -41 С көтерілуімен жедел ауырды. Кешкі уақытта қобалжуы, қорқыныш сезімі күшейіп, бөлмеде «сары тумбочка ұшып жүр» деп айтады және ол әуен естиді. Ұйықтамайды, қобалжыған. Дәл қазір басылған, бірақ кешкісін қайтадан мазасызданады. Ұйықтамайды, мазасыз. Төменде аталған синдромдарың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
Кандинский-Клерамбо
Депрессивті
Психоорганикалық
Корсаков синдромы
Делириозды
Әйел 28 жаста.Жүктіліктің 14-15 аптасы. Бір апта бұрын ауырды- дене температурасы 37.5°С дейін жоғарлады, ринорея, құрғақ жөтел пайда болды. Екі күн бұрын жағдайы нашарлай түсті - ентігу пайда болып, жөтелі күшейді, температурасы - 38,5°С. Объективтң - қатаң тыныс фонында сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жалпы жағдайы бұзылған. Госпитализациядан бас тартты. Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША маңызды?
гентамицин т/і