18 жастағы қыз дене температурасының 39◦С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, дімкәстікке, бел аймағында ауырсыну сезіміне шағымданады. Анамнезінен: 3 күн бұрын жедел ауырған, өзі парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Объективті: терісі бозарған, ылғалды. Дене температурасы 39,5◦С, ісіну жоқ. Артериялық қысым 110/70 ММ СТТ, пульс 92 соққы мин. Пальпацияда бел аймағы ауырсынады. Қанның жалпы анализі: гемоглобин 120 г/л, лейкоциттер 12х109/л, СОЭ 40 мм/сағ. Қай антибиотик тағайындаған жөн?
Амикацин
Канефрон
Ципрофлоксацин
Цефтриаксон
Азитромицин
Ер адам 44 жаста, 5 жылдай уақыт АҚҚ 150-160/90-95 мм.с.б дейін жоғарлайды. Қант диабеті 2 типті, диабетон қабылдайды. Объективті: сол жақ шекарасы сол жақ бұғана ортаңғы сызығымен. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары наық,ритімді. ЖСЖ- 80 рет мин. АҚҚ- 160/94 мм.с.б. Сарысудағы холестерин -6,0 ммоль /л, сарысудағы креатинин - 75 мкм/л, қандағы қант -5,4 ммоль/л. МАУ-100мг тәулігіне. Қандай гипотензивті препаратты ең таңдаулы болып табылады?
каптоприл
бисопролол
гидрохлортиазид
валсартан
нифедипин
Әйел адам 32 жаста, жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында қаралады. 28 аптада терінің қышуына байланысты ұйқының бұзылуына, әлсіздікке, лоқсуға шағымданып келді. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-56 Ед/л, АСТ-42 Ед/л, жалпы билирубин-12,4 ммоль/л, СФ-480 Ед/л. Маркерлер диагностикасы: HBsAg – теріс., a-HBs - оң, a-HВcore IgG-теріс, HBeAg - теріс, aHBe- теріс, anti-HCV IgM - теріс, anti-HCV IgG – теріс. Қандай диагноз?
созылмалы вирусты гепатит