2012 жылы 2011-2015 жылдарға арналған Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық жоспарын іске асыру қорытындылары туралы ақпараты
2011-2015 жж. арналған Денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық жоспарын медицина мекемелері екінші жыл іске асыруда.
Тұрғындар денсаулығының индикаторлар динамикасы – алматылықтардың жоғары туу және табиғи өсу деңгейі тұрақты түрде қамтамасыз етілген. 1.12.2012ж. Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша қалалықтардың туу көрсеткіші 2% өсті (1000 тұрғынға 17,78-ден 18,14 дейін). Қалалықтардың жалпы өлім-жітімі 8% төмендеген (1000 тұрғынға 8,15-ден 7,64 дейін). Тұрғындардың табиғи өсуі 9% өскен (1000 тұрғынға 9,63-ден 10,5 дейін). Мед .қызмет сапасын жетілдіру нәтижесінде қала стационарлары мен емханаларында сауалнама жүргізу нәтижесі бойынша тұрғындардың медициналық қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі 87,4% жетті.
1 Стратегиялық бағыт. Азаматтар денсаулығын нығайту.
Ана және баланы қорғау аясында сәбилер мен аналардың өлім-жітімін төмендету бойынша аймақтық штаб жұмысы ұйымдастырылды. Штабтың 11 отырысы өткізілді. Инновациялық медициналық технологиялар оқыту орталығы құрылды. Дағдарысты зерттеу орталығы (Литва) мамандарының қатысуымен акушер-гинеколог дәрігерлер, анестезиологтар, акушерлер үшін шеберлік класс циклдері және оқыту семинарлары өткізілді, хаттамалар жасалды және дәлелдеу медицинасы негізінде акушерлік, перинатальді медициналық көмек көрсету стандарттары дайындалды. Оқу-клиникалық орталықта қалалық перинатальді орталықтың базасында акушер-гинеколог дәрігерлері, педиатрлар, акушерлер мен мейірбикелер үшін емшек сүтімен тамақтандыру бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер өткізілді. №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында балалар ауруларын интеграциялық жүргізу бойынша орталық құрылды, педиатр дәрігерлер, учаскелік мейірбикелер үшін емшек сүтімен тамақтандыруды сақтау, ынталандыру және қолдау бойынша тренингтер өткізілді.
Күн сайын өте қиын жағдайдағы жүкті әйелдердің, жас босанған әйелдердің және босанғандардың мониторингі жүргізіледі, Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының және басқа да республикалық ұйымдардың бейінді мамандары мен консультанттарының қатысуымен консилиумдар өткізіледі. Ана болу қауіпсіздігінің аймақтандыру принциптері сақталады.
2012 ж. ана мен баланы қорғау қызметі үшін ЖБ және РБ-тен 489 бірлікте сомасы 987,3 млн.теңге болатын жабдықтар сатып алынды: наркозды-тыныс алу аппараты, ИВЛ, пациенттер мониторині, коагулятор, операциялық үстел, операциялық блок модулі, күйік төсегі, мобильді рентген, гематологиялық және биохимиялық анализатор және т.б.
Өлім орны бойынша аналардың өлім-жітім деңгейі 100 тірі туылған балаға шаққанда 16,5-ден 13,0 дейін төмендеді (6-дан 5-ке дейін қайтыс болғандар), тұрғылықты мекен-жайы бойынша - 100 мың тірі туылған балаға шаққанда 11,0-ден 18,2 дейін өсті (4-ден 7 дейін қайтыс болғандар) (ҚР - 13,0). Сәбилердің өлім-жітімі (тұрғылықты мекен-жайы бойынша) 28% төмендеді (1000 тірі туылған балаға шаққанда 13,2-ден 10,3 дейін, ҚР - 13,6), бұл – республика бойынша Павлодар облысынан кейінгі ең үздік нәтиже. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар өлім-жітімі 1000 тірі туылған балаға шаққанда 40% төмендеді, 0,7-ден 0,5 дейін және орта республикалық деңгейден едәуір төмен (1,1%0). Смертность детей в возрасте до 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі 30% төмендеді, 14,7-ден 11,3 % дейін және орта республикалық деңгейден (15,8%) төмен.
Жыл қорытындысы бойынша жалпы түсік санының 12% төмендеуі қамтамасыз етілді, 27,5 - 24,2% дейін.
Алматы қ. бойынша жүкті әйелдердің ерте кезеңде есепке тұру көрсеткіші де өсті, 60,4 -63,3% дейін.
Алматы қаласына 2012ж. ТМККК аясында ЭКҰ 26 квота бөлінді, қосымша бөлінген квотаны ескере отырып 28 қолданылды. Қазіргі уақытта 10 әйел жүкті болды, оның біреуі босанды, 1-түсік, 1- өлі ұрық.
2012 жылдың ақпанына бастап «Саламатты қала» кең көлемді акция ұйымдастырылды. Қалалық және аудандық АХАЖ бөлімдері арқылы әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау және ауруларды азайтуға бағытталған отбасын құруды жоспарлау орталықтарының жұмысын іске қосты, осы мақсатта тұрғындар шараның кешені жөнінде ақпараттанды. Тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 1955 жас отбасына кеңес берілген. Осы акция шеңберінде АҚСӨСҚО және медициналық мекемелерде келесі шаралар ұйымдастырылды: арнайы киіммен қамтамасыз етілген медколледж студенттері және ММ мейірбикелерінің күшімен Алматы қаласының ірі ССО және СО-да профтексеру жүргізуге 82667 дана шақыру таратылды, ай сайын «Алматы» ТК он күнге «жүгіру жолағы» ұйымдастырылды және автобустарға профтексеруге шақыру баннерлері ілінді. Мәдениет басқармасымен әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және денешынықтыруды дамыту бойынша әлеуметтік жарнама жобасы жасалды, МКҚК Алматыжарнама акция, ақпарат бойынша 7 баннер дайындалды, ДБ, АҚСӨСҚО,vkotakte, tvitter и және т.б. сайттарда профтексеру туралы ақпарат берілді, SMS –акция ұйымдастырылып, 17000 адам қамтылды, 361 мың пәтер иелеріне ком.қызмет төлемдерімен бірге профтексеру туралы ақпарат берілді. №22 ҚЕ, «Өрлеу» ҮЕҰ, ҚазҰМУ -3 Жастар денсаулық орталықтары ашылды, бұл орталықтар жастармен бірге ақпараттық және проофилактикалық жұмысты, бірінші кезекте репродуктивтік денсаулық бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Ұлттық скринингтік бағдарлама бойынша тұрғындарға аурудың алдын-алу тексерулері жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасы және қаланың медициналық ұйымдары арқылы скринингтік бағдарламаларға аралық мониторинг жүргізіледі. 2012 жыл қорытындысы бойынша алдын-алу тексеруінің жылдық жоспарының 101,3% жүзеге асқан, соның ішінде:
- қан айналу жүйесінің ерте зақымдануы - 98,8% (269143 адам тексерілген, жоспар 272500);
-бастапқы ісік аурулары және сүт безі обыры - 92,1% (44762 адам тексерілген, жоспар 48607);
- бастапқы ісік аурулары және жатыр мойыны обыры - 99,1% (56991 адам тексерілген жоспар 57500);
- жасөспірімдер мен балаларды аурудың алдын-алуға тексеру - 99,2% (402802 адам тексерілген, жоспар 405771);
- бастапқы ісік аурулары және тоқ ішек және тік ішек обыры - 101,7% (122897 адам тексерілген, жоспар 120842);
- қант диабетін алдын ала анықтау - 99% (269825 адам тексерілген жоспар 272500),
- глаукоманы анықтау- 117,2% (198001 адам тексерілген, жоспар 168975).
- «В» және «С» гепатитінің пайда болу бойынша балалардың мақсатты тобының скринингі 13390 баланы құрады немесе жоспардың 100%, қалыпты ИФА бойынша анықталған науқастар – 1331 бала, ПТР – 1331 бала - 9,9%. Осының ішінен анықталған ВГВ - 21 бала.
- «В» және «С» гепатитінің пайда болу бойынша ересек тұрғындардың мақсатты тобының скринингі 23580 адамды құрады (100%), соның ішінде қалыпты ИФА 6716 адам - 28,4%, ПТР қалыпты - 1093 адам - 4,6%. Қала емханаларында инватаксиді қолдану арқылы қаладағы мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға тексерулер жүргізілді.
Шілденің 10 мен 21 аралығында 2 көшпелі медициналық кешенді қолдану арқылы «Болашақ», «Құлагер», «Ялян», «Көк базар» сауда орындарында базар жұмысшыларына алдын-алу медициналық тексерулері жүргізілді. 2 мыңнан астам адам тексеріліп, соның ішінде Қазақстан азаматтары 50% құрады, қалғандары – басқа аймақтардан келгендер: Қырғыстан, ҚХР, Өзбекстан, Ресей, т.б..
Алматы қаласы салауатты өмірді қалыптастыру орталығы мен қаланың медицина мекемелері қаланың басқа құрылымдарымен бірге салауатты өмір сүруді қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу бойынша келесі шараларды өткізді:
- 147 қалалық байқау: ММ арасында «Үздік БМСК салауатты өмір үшін», «Туберкулезге ЖОҚ деп айт!» тақырыбына үздік санбюллетень, «Белсенді ұзақ өмір», «Әдемі қарттар», «Қадірлі аналар», «Ақ жаулықты аналар» тақырыбына фотокөрме, «СӨС тақырыбындағы үздік плакат», «Зиянды әдеттің алдын алу бойынша үздік презентация», «Жүргіншілер әліппесі», «Шылымды таста және ұтып ал» тақырыбына плакаттар байқауы, «Біз нашақорлыққа қарсымыз», «Өз өміріңді сақта» тақырыбына қала мектептерінің оқушылары арасында сурет байқауы, «Студент ару» сұлулар байқауы, «Салауатты өмір аруы» номинациясы бойынша ЖОО студенттерінің арасында өткен байқау, Қызыл жартыаймен бірге ЛА155/6 түзету мекемесіндегі үздік плакат байқауы; «Дұрыс тамақтану мәдениеті», «Асыл Алма» тақырыбына байқау, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында мектеп оқушылары арасында сурет байқауы, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «ЛЖВ қолдау хаты», волентерлер арасында «Ал, қане волонтер!», ПИН арасында, ЛА 155/6 балалар арасында музыкалық байқау, АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша үздік ролик байқауы, «Біз жарқын болашақ үшін мектеп оқушылары арасында өлең байқауы, ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Қазақстан Біздің ортақ ҮЙіміз» сурет байқауы және т.б.
- төмендегі тақырыптарда 378 семинар өткізілді: «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу», СБЖ «Эпидемиология және ерте диагностика», «Сіз демікпеге бақылау жасай аласыз», «БМСК көрсететін мекемелерде тәртіптік фактор бойынша Денсаулық мектебін ұйымдастыру және оның жұмысы», Республикалық және Алматы ЖИТС орталықтарының қатысуымен АИТВ алдын алу саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар үшін «ЖИТС институциялық дамуы – мемлекеттік сатып алуға сервистік ҮЕҰ қатысуы бойынша», мектеп жасындағы балалар мен жастардың арасында жол-көліктік жарақаттың алдын алу мақсатында: «Абайлаңыз, бағдаршам!» «Қозғалыс – бұл өмір!», «Мұны әрбір адам білуі тиіс!», «СЗЗ алдын алу», «Болашақ есірткісіз», «Қыз балалардың жетілуі», «Фаст-фудтың ағзаға зияны», «Энергетикалық сусындар туралы не білеміз», «Темекі туралы шындық» және т.б.
- студенттер, оқушылар, орта медицина қызметкерлері, тұрғындарға ІІД НКБ және ІІД УОБ , ЖИТС ҚО, УВП, УО мамандарымен бірлесе өткізілген 560 дөңгелек үстел: сүт безі, жатыр мойыны обырының алдын алу бойынша, нашақорлық, шылым шегудің алдын алу, АИТВ/ЖИТС, алкогольді мөлшерден тыс қолдану, рациональды тамақтану, мектептегі тамақтану, жол жүру қауіпсіздігі, тұрыстық жарақаттың алдын алу;
- 9 баспасөз конференциясы, Халықаралық Туберкулезбен күрес күніне орай, Халықаралық онкологиялық науқастармен күрес күніне орай қауіп-қатер факторларының алдын алу бойынша, шылым шегудің, қан айналысы жүйесінің, травматизм, нашақорлықтың алдын алу бойынша, Сүт безі обырына, ЖИТС қарсы күрес Халықаралық күндеріне орай, «Шылым шегудің алдын алу бойынша өткізілген шаралардың тиімділігі».
- 10926 адамды қамтыған 56 спорттық жарыстар ұйымдастырылды, «Біз салауатты өмірді таңдаймыз!», «Күнделікті денешынықтыру белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің жолы!», «Әкем, шешем және мен – біз спорттық жанұя!», «Спорт – денсаулық кепілі!», «Қозғалыс – бұл өмір», «Біз есірткіге қарсымыз!», «Біз ақыл-ойдың саулығы үшін» деген ұрандармен өткен жарыстардың спорттық түрлері: мини - футбол, волейбол, баскетбол, дойбы, шахмат, боулинг, веложүру, биллиард, жүгіру, ұлттық спорт түрлері және т.б.
- 11 онкүндіктер: 1370481адамды қамтыған онкологиялық аурулардың алдын алу, ЖІЖ, ЖРВИ және тұмау, мектеп тамағы, бронх демікпесі, артериялық гипертония (АГ), емшек сүтімен тамақтандыру, вирустық гепатиттер, оқушылар мен жастар арасындағы жол-транспорттық және тұрмыстық травматизм, шылым шегу, маскүнемдік, ХОБЛ күрес, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, жүрек күні. Онкүндіктер аясында барлық медициналық мекемелерде «Ашық есік күні» өтті;
- 7 айлықтар: 892534 адамды қамтыған туберкулездің, травматизмнің, шылым шегудің, нашақорлықтың, ЖРВИ және тұмаудың алдын алу, қарт адамдар, АИТВ/ЖИТС.
- 21 қалалық акциялар: Халықаралық Денсаулық күніне, Халықаралық ЖИТС өлгендерге еске алу күніне, Халықаралық тамақтану күніне, халықаралық шылым шегуден бас тарту күніне, Халықаралық АГ күрес күніне, Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне, Халықаралық отбасы күніне арналған, балалрды қорғау күніне орай оқу құралдарын таратты «Қуан сәби», «Өз бүйрегің туралы біл», Сау қала, Денсаулық фестивалі, Денсаулық апталығы, Халықаралық шылым шегуден бас тарту күніне және ЖИТС күрес күніне орай мына ұрандармен «Өз денсаулығыңды құртпа», «Нольге дейінгі қозғалыс: жаңа АИТВ инфекциясы нөл, дискриминация нөл, ЖИТС өлімі нөл» және т.б.;
«Денсаулық фестивалі» аясында концепция, үлгі дайындалды, мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 билборд дайындалды және шығарылды, ол қаланың жүргіншілер көп жүретін жерлеріне орналастырылды, қатысушылар мен көрермендер арасында "Алматы" ТК "Денсаулық" ұтыс лотареясына шақыру билеттері таратылды. Жарнамалық аудио және видеороликтер әлеуметтік желілер мен радиоға берілді. 8.09.12ж. «Әкем, шешем және мен – біз спорттық жанұя!» атты ұранмен "Денсаулық эстафетасы" ұйымдастырылды (100 метрге жүгіру). Сағат 10-00 Алматы қ. Маслихатының депутаты, Қазақстан байкерлері Ассоцииациясының президенті Д. Петрухиннің, Лондон олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері Г. Манюрованың, Сидней олимпиадалық ойындарының күміс жүлдегері И. Байрамуковтың қатысуымен салтанатты ашылуы болды, акцияға 4700 адам қатысты (спортсмендер, ЖОО студенттері, оқушылар, ата-аналар, мектеп жасына дейінгі балалар, қала тұрғындары мен қонақтар. "Денсаулық бұрышы" ұйымдастырылды және жұмыс істеді, проконсультировано АД өлшеумен 103 адамға кеңес берілді және өкпенің өмірлік көлемі (пикфлоуметрия), СӨС аспектілері бойынша 5600 дана ИОМ таратылды. «Әкем, шешем және мен – біз спорттық жанұя!» көңілді старты ұйымдастырылды, ұлттық ойындардан жарыс, қысқа дистанцияға жүгіру, көрермендер арасында байқау, ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Астана", "Алматы" ТК, "Алматы Ақшамы","Литер", «Казахстанская правда", "Вечерний Алматы", "Академия здровья" газеттерінде шаралар туралы ақпарат берілді. Медицина қызметкерлері арасында спартакиада, 18 мамыр мен 30 мамыр арасында барлық спорт түрлерінен аудандық жарыстар өткізілді. 31.05.12ж. Медицина қызметкерлері күніне орай ерлер арасында волейболдан Спартакиада өтті. 26.05.12ж. әйелдер арасында волейболдан, 08.06.12ж. баскетболдан, 09.06.12ж. мини-футболдан жарыстар ұйымдастырылды, 09.06.12ж. "Президенттік миль" көпшілік жүгіруі, ерелер арасында 1000м және әйелдер арасында 800м. жүгіруден жарыс өтті. Әртүрлі жастағы категорияда эстафета 4х100м., ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті. Жеңімпаздар: 1- орын Бостандық ауданы; 2-орын Әуезов ауд.; 3-орын Медеу ауданы. "Шылым шегуді таста және ұтып ал – 2012ж"қалалық байқауы 02.11.12гж. өтті, аудандық әкімшіліктен, ММ, ТҚО мекемелерінен 220 адам қатысқан сауалнама жүргізілді, "Смоки лайзер" аспабында биохимиялық талдау жүргізуге 15 адам қатысты, барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды және «Алматы акшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде басылды. 31.05-09.06.12ж. ұлттық ойындар күнінде барлық ауданның медмекемелерінің қатысуымен 224 адам қатысқан жарыс өтті. 09.06.12ж. Ұлттық ойындар күніне орай халықтық-ұлттық ойындар бойынша қалалық жарыс өтті - бұқа тартыс, арқан тартыс, дартц, сағат, бәрі 60 адам қатысты, 01.06-30.06.12ж. аралығында мектеп жанындағы лагерьлерде ұлттық спорт түрлерінен 12 жарыс өтіп, 700 адам тартылды.
Үлкен ақпараттық жұмыс өтті: ТД 77 бағдарлама, 72 – радиоға, 543 – БАҚ мақалалар, 1217271 дана ақпараттық-білім материалдары таратылды (үндеухаттар, плакаттар, брошюралар), 4 әлеуметтік зерттеулер жүргізілді, АТМ тарату үшін 23 бағаналар мен 17 роллерлер дайындалды, олар 2- т/ж бекетінде, автобекетте және аэропортқа орналастырылды. Муниципалды көліктерде, аудандық, салық комитеттерінде, ТВ банктерде және радиоканалдарда, әлеуметтік желілерде 13 049 122 аудио-видеороликтер көрсетілімге берілді.
2012 жылдың ақпанынан бастап «Саламатты қала» кең көлемді акция ұйымдастырылды. Осы акция шеңберінде АГЦФЗОЖ және медициналық мекемелерде келесі шаралар ұйымдастырылды: арнайы киіммен қамтамасыз етілген медколледж студенттері мен ММ мейірбикелері күшімен Алматы қаласының ірі ТРО және СО профтексеріске 82667 дана шақыру таратылды, ай сайын «Алматы» ТК он күнге «жүгіру жолағы» ұйымдастырылды және автобустарға профтексеріске шақыру баннерлері ілінді. Мәдениет басқармасымен әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және денешынықтыруды дамыту бойынша әлеуметтік жарнама жобасы жасалды, МКҚК Алматыжарнама акция, ақпарат бойынша 7 баннер дайындалды, ДБ, АҚСӨСҚО,vkotakte, tvitter и және т.б. сайттарда профтексеріс туралы ақпарат берілді, SMS –акция ұйымдастырылып, 17000 адамды қамтыды, в 361 мың пәтер иелеріне ком.қызмет төлемдерімен бірге профтексеру туралы ақпарат берілді.
Қан айналу жүйесінен болатын тұрғындардың өлім-жітім көрсеткіші (бұдан әрі - ҚЖА) алдын ала мәліметтер бойынша 2012 жылы 16% төмендеді, 413,5 -345,6 дейін 100 мың тұрғынға шаққанда. ҚЖА болатын өлім-жітімді төмендету үшін келесі шаралар жүргізілді: ауруды ерте анықтау бойынша профилактикалық жұмыс. 40 жастан асқан тұлғаларды тексеруге ерекше назар аударылды: (42 - 64 жас), оларды жасы келген сайын ҚЖА жиілеп, қауіп-қатер факторы жоғары. 18 - 65 жас аралығындағыларда ҚЖА ерте кезінде анықтауға 269143 адам тексерілді, немесе жылдық жоспардың 98,8%, анықталғаны 37282 науқас (13,9%), оның ішінде диспансерлік есепке алынғаны 34703 (93,1%). ҚЖА науқастарды емдеу жетілдірілуде, госпитальге дейінгі тромболизистер саны 622 жағдайды құрайды (2011-640), госпитальдік - 317 (2011-987). ЖММК бойынша кардиохирургиялық операция саны 1511 құрайды (АКШ-212, ЭКС -129 и 1170 стентирование) (2011ж.-1729). Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық құралдармен жабдықтау жалғасуда - БМСК үшін РБ есебінен интервенциондық кардиологиялық көмекті жетілдіру үшін ангиограф сатып алынды - 508 млн.т., 10 бірлік құрал - кардиологиялық көмек көрсететін мекемелер үшін - 68,7 млн.т., қалалық кардиологиялық орталық үшін жүрек және тамыр диагностикасының УДЗ аппараты. Емдеудің жаңа технологиялары енгізілген: стент имплантациясы Absorb, ILUMIEN жүйесінің қолданылуымен, 3-камералы кардиовертер-дефибриллятор имплантацияларфы, үй мониторингі қызмет іқосылуымен және бүйрек артериясының транскатетерлік денервациясы резистенттік артериалдық гипертензиямен сырқат науқастарға.
ҚЖА болатын өлім-жітімді төмендету бойынша жүргізілетін шара аясында Бүкіләлемдік жоғары артериалдық қан қысымымен күрес күніне кең ауқымды акция өткізілді, атап айтсақ: 48 волонтерге арналған семинар-тренинг өткізіліп, олар 7 ТҚКО, 7 Салық басқармаларында, «Сайран» а/в, «City center» СҮ, «Silk Way City» СҮ, Алматы-1,Алматы-2 т/ж станцияларында, «Kaspi Bank», «Halyk Bank» қан қысымын өлшеуге ат салысты. Білікті кардиологиялық медициналық көмек алуға, кеңес алуға 5823 қала тұрғыны келді.
Қала емханаларында жүрек-қан тамырлары ауруларын, темекі шегу, маскүнемдік, гиподинамия алдын алу бойынша, аурудың себебі ретінде бейнеролик ротациясымен Ашық есік күндері өткізілді. 6300 сұхбат, 500 оқыту семинарлары, қаланың жалпыбілім беретін мектептерінде, келесі тақырыптар бойынша 320 диктант жазылды: зиянды әдеттер, гиподинамия профилактикасы. Акция барысында волонтерлер мен қызметкерлер 3700 үнпарақ, 5800 буклет, 3300 брошюра таратты. Тұрғындар көп шоғырланған аймақтарда 2600 ротация жүргізілді. Барлық МҰ СӨС қалыптастыру бойынша қабырға ілмелері жаңартылды. Бүкіләлемдік жоғары артериалдық қан қысымымен күрес күніне арналған шаралар, қамтылғаны - 23 558 адам, жоғары артериалдық қан қысымы 5823 адамда анықталды (24,7%).
Алдын ала мәліметтер бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлімнің өсуі 2,7% құрайды. 121,91 - 125,3 100 мың тұрғынға өлім себебін кодтау ақауының себебі емхана деңгейінде, обыр түрін ете кезінде анықтау деңгейі жеткіліксіз (2011ж. - 56,4%, 2012ж. - 56,7%). Алматы қаласы тұрғындарының арасында онкологиялық аурудың алдын алу және онкологиялық көмекті жетілдіру бойынша басқарма бұйрықтары іске асырылуда. ДСБ жанында асқынған обыр жағдайларын талдау штабы ұйымдастырылған және жұмыс атқаруда. Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық құралдармен жабдықтау жалғасуда - БМСК үшін РБ есебінен маммограф сатып алынды - 39,1 млн.т., онкодиспансер үшін сұйықтық цитология аппараты - 30 млн.т., профтексеру кезінде патологияны анықтаудың жоғары деңгейі қамтамасыз етілді. 2012 жылғы 1 -10 ақпана аралығында онкологиялық аурулардың алдын алу онкүндігі өткізілді. Қала емханалары онкологиялық ауруларды төмендету бойынша Скринингтік тексеру өтуге 2926 мекенжайлық шақыру жіберілді. 29 емханада, Қалалық онкологиялық орталықта, Онкология ҒЗИ «Ашық есік күндері» өткізілді, 440 әйел тегін тексеруден өтті, 150 әйелге сүт бездерінің УДЗ жасалды, мамандарда 3475 адам кеңес алды. Жұмыс күні бойы емханаларда «Онкологиялық аурулардың алдын алу» бойынша бейнероликтер көрсетілді, шараға 4065 адам қатысты. Тұрғындар арасында 16071 сұхбат жүргізілді, 19975 адам қамтылды. 50 адамнан сұхбат алынды; ақпаарттық материалдар таратылды: «Онкологиялық аурулардың алдын алу», «Ісік ауруларының алдын алу», «Жатыр мойнағы обырының алдын алу», «Жатыр мойны ісігін алдын алу», «Тоқ және тік ішік ісігін алдын алу», с.і..: плакаттар – 169 дана, үнпарақтар – 2619 дана, буклеттер – 2613 дана, брошюралар – 630 дана. 39 «денсаулық бұрышы» жаңартылды, 50 санбюллетень шығарылды. ТД 5, БАҚ 6 мақала, радиодан 3 интервью берілді. ММ профилактика бөлімшелерінде, әйелдер кеңесінде онкологиялық аурулардың алдын алу дағдыларына фертильдік жастағы әйелдерді оқыту ұйымдастырылып, 915 адам қамтылды. АҚСӨСҚО ҚОД «Әлемдік обырға қарсы күрес күні» акциясын өткізді. Акция барысында келушілер арасында викторина жүргізілді, 150 адам қатысты. Шарамен 2089 адам қамтылды. «Емшек обыры», «Жатыр мойнағының обыры» буклеттері жасалды, 6031 дана ИОМ таратылды.
2012ж. алдын ала мәліметтер бойынша жарақаттанудан болатын қала тұрғындарының өлім-жітім көрсеткіші 14% дейін төмендеді, 83,2 - 71,5, 100 мың тұрғынға. 100 мың тұрғынға жыл қорытындысы бойынша есептік көрсеткіш 78 құрайды. Тұрғындарға шұғыл травматологиялық көмек мүмкіндігін жоғарлату үшін қаланың 4 ауданына шұғыл травматологиялық көмек көрсетуді орталықтандыру жүргізілді. Ағымдағы кезеңде травматологияда қолданылатын келесі жаңа технологиялар енгізілді: омыртқа жарақатындағы транспедикулярлық фиксация, ішкі фиксациясымен жамбас сүйектерінің жабық репозициясы, сырқы фиксация аппараттарын қою (АНФ) политравма кезінде (сүйектің сынуы),жамбас сүйегінің сынуы кезінде, үлкен головкаларды қолданып, жамбас буындарын эндопротездеу (буын шығуының алдын алу).
2012 жылы 5919 ЖКО тіркелген, жапа шеккендер(2011ж. - 6966), қайтыс болғандар (2011ж.-177). 2012 жылдың ақпанынан басталған "Саламатты қала" қалалық акциясы шеңберінде жарақаттардың алдын алу үшін қаланың медициналық ұйымдарында 1 мен 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық өткізілді: Жол полициясы, №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасы, қалалық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясы, 14 105 адам қамтылған 2360 ата-аналар жиналысы өтті: 948 адам қамтылған 31 дөңгелек стол, 16524 адамды қамтыған 6598 сұхбат жүргізілді, 113 сынып сағаты 6252 оқушыны қамтыды, 12832 адамды қамтыған 420 дәріс оқылды; 6161 оқушыны қамтыған 413 диктант жазылды. Қаланың 48 мектеп пен 9 ЖОО 21862 адамды қамтыған «Біз тұрмыстық және жол қауіпсіздігі үшін күресеміз!» атты акция өткізілді. 20896 адамды қамтыған 6810 сұхбат жүргізілді, «Болашаққа қауіпсіз жолмен жетейік!», «Қысқы жарақат», «Тұрмыстық жарақаттың алдын алу», «Абайлаңыз, бағдаршам!» атты тақырыптарға 6501 дана ИОМ таратылды, соның ішінде 2420 дана парақ, 132 дана лифлет, 158 дана плакат, 1886 дана буклет, 1905 дана брошюра. 74 «денсаулық бұрышы», 112 қабырға газеті қайта өңделді; 63 санбюллет басып шығарылды. Педагогтарға арналған 32 семинара-тренинг өткізілді, 1660 қамтылды, мектеп оқушылары арасында «Абайлаңыз, бағдаршам», «Ұлан», «Абайлаңыз, бағдаршам» атты байқаулар, «Жас жүргінші» сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, жеімпаздар жүлделермен марапатталды, жалпы 14948 адам қамтылды. «Оқушылар сарайымен» біріге отырып Республикалық мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу айлығына арналған веложарыс өткізілді. 65 адам қамтылды. Барлық медициналық ұйымдарда жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша 6000 рет аудио-бейнефильмдер көрсетілімі жүрді. 5624 адам қамтылды. Барлық медициналық ұйымдарда жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша 12 мың рет ролик көрсетілді. Травматолог мамандар"Алматы","ТАН", "СТВ" "31" ТК «Денсаулық сабағы», «Жол-қозғалыс ережесін сақтау» тақырыптарында өткізілген бағдарламаларға қатысты. Сектораралық байланыс шеңберінде тұрғындардың денсаулығын сақтау және «2011-2020ж.ж жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әрекет ету он жылдығы» атты Ұлттық жоспарды іске асыру, сондай ақ, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті және Мәдениет басқармасы, Жол полициясы басқармасымен әзірленіп және мақұлданған «Өміріңе қатер төндірме, жолдан өтуге 100 метр қалды» атты қоғамдық компания концепциясын жүзеге асыру. Ақпараттық материалдар билборд түрінде ілінген. Жол өткеліне арналған түсіндірмелі және белгі беретін материалдармен брошюралар шығарылды.
Алдын алу бойынша шаралардың есебінде қоғамдық маңызы бар ауруларды алдын ала анықтау және емдеу барысында туберкулез ауруы 7,4% азайды, 100 мың адамнан 68,5 тен 63,6 дейін, (ҚР - 81,7) төмендеген. Туберкулезден қайтыс болу - 6%-ға, 100 мың адамнан 7,7 ден 7,2 на (ҚР - 7,2). Тұрғындардың нысаналы тобына профилактикалық тексеру жүргізілді, ересектер арасында жоспар 101,8, балалар арасында – 104,8% орындалды.
01.01. 2013 жылға Алматы қ. АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-жұқпасының алғаш анықталған 381 жағдайы, АИТВ-жұқпасының таралу көрсеткіші 17,5 -26,2 дейін өсті, 100 мың тұрғынға. Анықталғандардың 77% Алматы қаласының тұрғындары (290 адам). Кумулятивті түрде 01.01.2013 ж. 3943 АИТВ –жұқтырған науқас, оның ішінде Алматы қ. тұрғындары 71% құрайды, қалаға алыс және жақын шетелден және Қазақстанның басқа қалаларынан келгендер 29%. құрайды. 15-49 жас аралығында АИТВ-жұқпасының таралуы 2012 жылы тұрақты түрде 0,44 (0,41 – 2011ж. қорытынды бойынша). АИТВ алдын алу семинары ұйымдастырылып, өткізілді:
85- медқызметкерлер үшін, 5700 адам оқытылды, 114 – мектеп педагогтары үшін, ЖОО, АООО 3808 адам оқытылды,
9- мектеп волонтерлері үшін, қамтылғаны 134 адам.
8 - КУИС және УВД жүйесінде, 252 л/с және 10 медқызметкерплер дайындалды.
Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне, наркомания және наркобизнеспен күрес, ҮЕҰ, СӨСҚО, әкімдікпен бірге ЖИТС-тан қайтыс болғандарға арналған 25 акция өткізілді, қатысқаны 4567 адам. 10 дөңгелек үстел. ЖОО, ООО, мектептерде 88 дәріс оқылды, қамтылғаны 10721 адам.
Қала өндірістік кәсіпорындарында 45 дәріс оқылды, қамтылғаны 10885 адам.
БАҚ шығу саны-125, с.і.11 ТВ, 9 радио,20 басылым және 85 онлайн- басылым. «Алматы» телеканалында, ЖИТС орталығында 10 түрлі бейнеороликтер- 75660 көрсетілім көрсетілді.
Қаланың бас магистралдерінде АИТВ алдын алу бойынша билбордтар мен лайтбокстар орналастырылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру аясында МСЭҚКД жыл бойы жұқпалы ауруларға эпидбақылау жүзеге асырылды. Қолданыстағы құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес індетке қарсы және профилактикалық шаралар ұйымдастырылып, эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді. Инфекциялық және паразитарлық аурулар бойынша 138 оқыту семинарлары өткізілді. Иммунопрофилактика мәселесі бойынша медициналық қызметкерлерге аттестаттау жүргізіледі. ДСБ алқа кеңесімен 3 мәжіліс өткізілді, ішек жұқпасы бойынша алдын алу мәселелері қаралды. Өзекті мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары анықталды.
2012 жылғы қорытынды бойынша сырқаттану 30,2% төмендеді, 2,73 - 1,91 дейін. Барлық анықталған жағдайлар зертханалық түрде расталды. Балалар мекемелерінде топтық қызылша жағдайлары тіркелген жоқ. Қаланың санэпидқызметі денсаулық сақтау басқармасымен бірге эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған ұйымдастыру шараларының кешендік жоспары әзірленді. Тұрғындардың декретті тобын вакцинациялаумен қамту қажеттілікке сай, 317 студент қызылшаға қарсы егілді. Кешенді түрде жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары сырқаттанушылықты тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Тұрғындардың декретті тобын вакцинациялаумен қамту қажеттілікке сай. Кешенді түрде жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары сырқаттанушылықты тұрақтандыруға, инфекциялық үрдістің таралуын жоюға мүмкіндік береді.
Жіті А және В вирустық гепатитімен сырқаттанушылық тұрақты, егуге жатпайтын ересек тұрғындар арасында ғана тіркелген (100 мың тұрғынға 11,83 және 1,91).
2012 жылы барлық тексерулер саны 9512, оның ішінде жоспарлы 7254 (2011ж.-7320). Жалпы тексерулер санының төмендеуі 34%, жоспарлы 1%. Тексеру ҚР «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау» Заңына сәйкес санитарлық-эпидемиологи ялық заңдылықты қатаң түрде сақталып, жүргізіледі.
2012 жылыАлматы қ. бойынша МСЭҚКД 9512 тексеру жүргізді, оның ішінде жоспарлы 7254 (2011ж.-7320). Жалпы тексеру 34%, жоспарлы тексеру 1% төмендеді. Тексеру ҚР «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау» Заңына сәйкес санитарлық-эпидемиологи ялық заңдылықты қатаң түрде сақталып, жүргізіледі.
МСЭҚКД жыл бойы жұқпалы ауруларға эпидбақылау жүзеге асырылды. Қолданыстағы құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес індетке қарсы және профилактикалық шаралар ұйымдастырылып, эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді. Инфекциялық және паразитарлық аурулар бойынша 138 оқыту семинарлары өткізілді. Иммунопрофилактика мәселесі бойынша медициналық қызметкерлерге аттестаттау жүргізіледі. ДСБ алқа кеңесімен 3 мәжіліс өткізілді, ішек жұқпасы бойынша, АИТВ/ЖИТС алдын алу, тұрғындарға бастапқы-медициналық-санитарлықкөмек беру мәселелері қаралды. Өзекті мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары анықталды.
2 Стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін жоғарлату.
Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмекті ұйымдастыру, басқару, қаржыландыруды жетілдіру аясында 2012 жылы бәсекелі ортаны қалыптастыру аясында 10 жеке және ведомстволық медициналық ұйымдармен (2011ж. – 10) медициналық орталықтар «Хак», «Санаторий Алматы»АҚ, «Санаторий Казахстан» АҚ, «Медициналық компания «Сұңкар» ЖШС, «Доктор Орынбаевтың медициналық орталығы» ЖШС , «Люкс» денсаулық орталығы, «ЭКО орталығы» ЖШС, «БУРЧ МЕДИКАЛ»ЖШС,«ЖГМК»-«Оқу-клиникалық орталығы»,– Алматы теміржол аурухана "ЖГМК" АҚ филиалы - ДСБҰЖ шеңберінде қала тұрғындарына ТМККК көрсетуге мемлекеттік тапсырыстың орындалуы қамтамасыз етілуде. ЖММК көрсетуге 20 медициналық ұйымдар іске қосылды: республикалық – 6, жеке және ведомстволық – 6 және қалалық – 8. Денсаулық сақтаудың барлық ұйымдары толық көлемде қаржыландырылуда.
2012 жылдың қорытындысы бойынша стационарлық көмекті тұтыну деңгейі 1500,5 құрады (2011 ж.-1620,6) және 2011 ж. 9,6 –дан 2012ж. 9,3 дейін ауруханада науқастарды емдеудің орташа ұзақтығы кішірею есебінен 8 % төмендеді. Обеспеченность больничными койками организаций управления здравоохранения остается стаблиьным, 42,9 на 10 тыс.населения.
Алматы қаласы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МҚТКД арқылы қаржыландырылатын, мемлекеттік тапсырыстың жоспарлы көлемін орындалуы қамтамасыз етілді, Алматы қ. бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерді төлеу Комитет Департаменті арқылы республикалық бюджет қаржысынан бөлінген қаржылық қаражатын игеру 100 % құрады ( 17 092,3 млн.т.), республикалық трансферт қаражатынан – 99,8 % (8 339,1 млн.т. 8 360 млн.т.жоспарынан).
Барлық мемлекеттік тапсырыс қатысушылар есебімен мамандандырылған стационарлық көмек бойынша жоспарда 210 994 емделген жағдайлар (соның ішінде қалалық МҰ бойынша 170 946 жағдайлар), 220 482 жағдайлар орындалды (қалалық МҰ бойынша 180 501) немесе 104,5% (105,6%). Жоғары мамандырылған стационарлық көмек (ЖМСК) бойынша жоспарда 6809 жағдайлар (2699), 11 457 жағдай (4 431) – орындалды немесе 168% (164%). Стационар алмастырушы көмек бойынша жоспарда – 77 200 (71 200), 71 061 науқас (63 267) емделді немесе 90,8% (89%). Мамандандырылған стационарлық көмек деңгейі 2011 жылдан 5 % өсті, Жоғарымамандандырылған 2% төмендеді, стационар алмастырушы – 10%.
Жоспарлы науқастардың меншікті салмағы жоғарлатуын жалғастырды – 2011ж. 33%-дан 2012ж. 36,3% дейін ( 2010ж. – 28,4%) мамандандырылған көмек бойынша және 75,2 - 78% дейін. Бұл – стационарлы көмектің тұрғындар үшін қол жетімділігінің өсуі туралы жағымды дерек.
Басқа қалалық науқастар, қала ауруханаларына жатқызылған науқастар санының және меншікті салмақтың төмендеуінің тенденциясы белгіленді (18,2 15,2% дейін), мамандандырылған көмек бойынша - 16,3 д 13,5% дейін, жедел науқастар арасында (5,7 1,5% дейін), жоспарлы науқастар арасында
( 38,1 34,6% дейін). Бірақ ЖММК алған басқа қалалық пациентердің науқастар санынан меншікті салмағы 51,1 47,2% дейін төмендегенімен, жоспарлы жағдайда жоғары болуда (шұғыл науқастар бойынша 11,8% 3,5% дейін, жоспар бойынша – 64,1% 59,6 % дейін). Науқастар үшін өңірлер арасында бәсекелестік айқындалуда.
Ауруханаға жатқызу бюросының порталы есебінен медициналық көмек көрсету барысында айқындық қамтамасыз етілді. Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы науқастардың жоспарлы ауруханаға жатқызылуының күнделікті мониторингі жүргізілді. Іріктеуді жетілдіру және штаттан тыс жағдайларды қысқарту есебінен жоспарлы науқастардың ауруханаға жату кезегі төмендеді, бірінші кезекте ұзақ күту кезегі төмендеді.
Барлық медициналық ұйымдарда «Шот-тізілімдерді қалыптастыру» Порталы енгізілді (стационарлы науқастардың электронды порталы). Стационарлық және стационар алмастырушы медициналық қызметтерді төлеу 2012жылы клиникалы-шығынды топтар бойынша жүргізілді.
Стационарды ерікті таңдау принципі толығымен іске асырылған. Медициналық ұйымды ерікті таңдау құқығы есесбімен қаланың барлық медициналық ұйымдарында 2010 жылы 1 шілдеден жоспарлы ауруханаға жатқызу порталы енгізілді. Барлық мемлекеттік ұйымдардың тіркеу және қабылдау бөлімдерінде ДСБҰЖ шеңберінде еліміздің стационарларына жатқызу тәртібі туралы, стационарлық ұйымдарды ерікті таңдау және ауруханаға жатқызу бюросы порталының жұмысы туралы тұрғындар үшін хабарландыру ілінген. Денсаулық сақтау басқармасының сайтында ДСБҰЖ шартында медициналық көмекті тұрғындарға алу тәртібі туралы ақпарат енгізілген. Денсаулық сақтау Біріңғай ұлттық жүйесі аясында (ДСБҰЖ) 2012жылдың қорытындысы бойынша жоспарлы емханаға жатқызуда стационарды ерікті таңдау құқығымен (ММЖ+ЖММК) 105 221 пациент қолданды ( 2011ж.-94 255) 2011ж. деңгейімен салыстырғанда 12% өсті. 89 056 науқас – жоспарлы ауруханаға жатқызылды , 2011ж. деңгейімен салыстырғанда +12% (2011ж. - 79 867 науқас , 2010ж . - 52 175 науқас), соның ішінде 33 062 басқа қалалық науқастар +3,2% өсті (2011ж. - 32 024).
ТТР порталында 1 452 459 адам тіркелген, қала тұрғындарының жалпы санынан (101,8%), тіркелуге сұраныс саны 2708 адам. (0,18%).
Диспансерлеу тіркеуіне 420 000 науқас кіргізілді немесе диспансерлік есепте тұрғандардан 90,3% (465 211 науқастардан).
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының Алматы филиалы базасында Ресурстарды басқару жүйесінің бағдарламалық қамтылуы енгізілді.
Барлық медициналық ұйымдарда «Шот-тізілімдерді қалыптастыру» Порталы енгізілді (стационарлы науқастардың электронды порталы). Стационарлық және стационар алмастырушы медициналық қызметтерді төлеу клиникалы-шығынды топтар бойынша жүргізіледі.
ГОБМП шеңберінде стационарлы көмек көрсету үшін жеке денсаулық сақтау ұйымдарының төсектерінің кеңеюі есебінен, Біріңғай төлемші жүйесінде төсек қоры ағымдағы кезеңде (республикалық, жеке және ведомствалықты қосқанда) 7015 төсекке дейін өсті (2011ж.салыстырғанда +243 төсек),
БМСК және медициналық көмекті жетілдіру аясында «Кезексіз емхана» жобасы жүзеге асырылуда. 10-қазаннан бастап қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында қала ішіндегі автожолдардың кептелісті бағыттарында орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде, медициналық көмек көрсетудің жеделдігін арттыру үшін мопедтерді пайдалану қолға алына бастады.
2012 жылдың сәуір айынан бастап қалалық зертханалық қызметті орталықтандыру жөніндегі жұмыстар бастау алды. Үш стационар мен 15 емханада зертханалық диагностиканы орталықтандыру жұмыстары жалғасып, зертханалық қызметтің ақпараттық бірыңғай жүйесі енгізілді.
Қала жедел медициналық жәрдем жұмысын жетілдіру мақсатында жедел медициналық көмек көрсету Халықаралық тәжірибесін енгізу және санитарлар мен жедел жәрдем жүргізушілері арасынан парамедик-мамандарын дайындау басталды. Қалалық перинатология және балалар кардиохирургия орталығы базасында жоғары медициналық технология Оқу орталығында Дағдарысты зерттеу орталығы (Литва) мамандарының қатысуымен дәрігерлер, фельдшерлер, 69 санитарлар мен жедел жәрдем жүргізушілері үшін шұғыл көмек көрсету бойынша шеберлік класы өткізілді. «Қауіпсіз қала» бағдарламасына шұғыл медициналық көмек станциясын енгізу шеңберінде, 150 шұғыл көмек машиналарына GPS навигаторлар мен коммуникаторлар орналастырылды.
2011-2015 жж арналған ҚР «Саламатты Казахстан» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2012 жылға республикалық бюджет есебінен жан басына шаққан нормативті теңестіру үшін және БМСК басым дамыту үшін 512,9 млн.т. бөлінді. БМСК учаскелік қызметін 608 бірлік м/б және 112 лауазым әлеуметтік қызметкер және психологтармен 54,6 млн. тенгеге толықтыруға, 595 м/б лауазымына 511,3 млн.тенге және 100 әлеуметтік қызметкерге,психологтарға 54,6 млн.тенге.
БМСК шығын деңгейі (с.і. жедел жәрдем) жалпы көлемнен 2012 ж. 45,7 -46,7% дейін өсті. Тіркелген тұрғындар регистрі енгізілуіне байланысты БМСК ұйымдарына бару саны 1 тұрғынға 7,2 - 6,95 дейін төмендеді.
ЖБ есебінен БМСК ұйымдарына 138,3 млн.теңгеге 178 бірлік және республикалық бюджеттен 39,1 млн.теңгеге 1 маммограф сатып алынды.
Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің үлестік салмағы өсті, 5,5 - 6,1% дейін, БМСК ұйымдарының жұмыс уақытында науқастардың шақыру саны 57,5 - 47,2 дейін төмендеді1000 тұрғынға.
Қаржылық өз бетінше жұмыс деңгейін жоғарылату үшін мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәіпорын статусынан шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын статусына ауыстыру жұмысы жалғастырылды. Жыл басынан бері бұл статусқа 12 мекеме ауыстырылды. Қазіргі уақытта 82 мекеменің ішінен ШЖҚ МКК – 30, ММ – 3, МКҚК– 49. 2 ШЖҚ МКК-да Бақылау кеңестері құрылып, жұмыс атқаруда, ал қалғанында- құрамын келісу сатысында. Денсаулық сақтау мекемелерінің бизнес-жоспарларын қорғау және 2013-2016жж дамыту жоспарларын бекіту ұйымдастырылған.
Денсаулық сақтау объектілер желісін жетілдіру мақсатында және жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық көмек қолжетімділігі мен сапасын жетілдіру (1 млрд. 154,8 млн.т.) №12 қалалық емхананың жаңа ғимараты, «Алатау» ҚА амбулаторлық корпусы, өңірлік диагностикалық олрталықтың жаңа ғимараты, амбулаторлық хирургия және оңалту орталығы, №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургиялық корпусы іске қосылды. №15 қалалық емханаға, Түркісіб ауд. «Алтай»ықшауд отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға қосымша ғимарат қосылуда 2013 жылға ауыстырылды.
«350 Денсаулық сақтау нысанының құрылысы» жобасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен Түрксіб және Алатау аудандарында аусымына 500 қабылдау жүргізетін 2 емхана және Алатау ауданында «Дархан» ықшауд. аусымына 200 қабылдау жүргізетін емхана құрылысы жалғасуда.
Басқарма мамандары мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері БДСЖ аясында, «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша және ҚР президенті Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жыл басынан бері БАҚ 678 басылымдар мен шығулар, с.і. радиода 104, теледидарда 327 және басылымдарда 247 мақала жарыққа шықты.
Тұрғындар үшін дәрілік заттардың сапасы және қолжетімдлігін арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жабдықталуын жақсарту мақсатында дәрілік заттар тізімі және оларға кеткен шығын орнын толтыру жүйесі кеңейтілді (50 пайыздан 100 пайызға дейінгі шығын орнын толтыру). 208 084 емделуші 2 377,4 млн.т. қаржысына алынған тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді (2011 жылы – 203.7 мың емделуші 2 млрд. 141 млн.т. қаржы көлеміндегі тегін дәрілермен қамтамасыз етілген). Рұқсат етілген тегін амбулаторлық дәрілерге қаржының жетіспеушілік орнын толтыру үшін ДСМ және қалалық мәслихат арқылы қосымша 130 млн.т. бөлінді.
БМСК 32 нысанында тегін рецепт бойынша қызмет көрсететін дәріханалар жұмыс істейді ( 2011 жылы БМСК 30 нысанында).
2012 жылы 73 медициналық мекеме «СК-Фармация» ЖШС 3 493 млн.тенге көлемінде дәрілік заттармен жабдықтауға шартқа отырды, респуібликалықбюджетен нысаналы ағымдағы трансфертке 3 052 млн. тенгеге шарт жасалды, кесте бойынша жіберілді.
Денсаулық сақтау басқармасы бастамасымен және фармацевтикалық серіктестіктердің қолдауымен, 2012 жылдың 1-қарашасынан бастап 25 әлеуметтік дәріханалар ашылды, мұнда дәрілік заттар бағасы 10 пайызға дейін жеңілдетілген. Бұл жағдай халықтығң әлеуметтік категориясын сақтап қалуға және Елбасының «Жалпы Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты халыққа Жолдауында айтылғандай, халықтың дәрі-дәрмектік сауаттылығын көтеру, фармацевтикалық дәрілердің кең тауар айналымы жағдайында халықты өз бетінше емделуден қорғау, дәрілік көмек мәдениеті деңгейін көтеруге жағдай жасайды.
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалды-техникалық базасын жақсарту жалғасуда; жергілікті бюджет есебінен 23 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған (1 млрд.88.1 млн.т.), оның 21 нысаны аяқталып, 1 нысан 2013 жылға қалдырылды, 1 нысан аяқталмаған.
Республикалық бюджет есебінен (1 927.8 млн.т.) Медбикелік күтім ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары, №7 қалалық клиникалық ауруханасының жер сілкінісіне төтеп берушілігі (пав.7), ОҚКА (4, 5, 7 кор), №1, 4 қалалық емханалар, студенттер емханасына (1,2 блок) жөндеу жұмыстары өткізілді. 2013 жылдың 1-қаңтарында 4 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталмады (№4 ҚЕ, студенттер емханасы, ОҚКА, №7 ҚКА).
Республикалық бюджеттің ағымдағы нысаналы трансферт есебінен денсаулық сақтау ұйымдарын материалды-техникалық жабдықтауға 766.4 млн.т. қаржысына медициналық жабдықтардың заманға сай ірі көлемдегі 22 бөлігі сатылып алынды, олар:
БМСК үшін маммограф – 39.1 млн.т.;
Перинаталдық орталықтар және перзентханалар үшін 4 монитор – 15.3 млн.т.;
онкодиспансер үшін сұйық цитологияның заманға сай аппараты – 30 млн.т.;
интервенциалды кардиологиялық көмекті дамыту үшін ангиограф – 508 млн.т.;
глаукома кабинеттері үшін ретиналды томограф – 34.2 млн.т.;
ұйымдар үшін кардиологиялық көмек көрсететін жабдықтардың 10 бірлігі – 68.7 млн.т.;
ревматологиялық орталықтар үшін буын ауруларын емдеуге арналған физиотерапевтік кешен жиынтығы – 7.1 млн.т.;
медицина-генетикалық кеңес беру үшін УДЗ аппараты – 38.9 млн.т.;
босандыру ұйымдары үшін реанимобиль – 18.3 млн.т.;
босандыру ұйымдары үшін портативті тіркеу құралдары – 840.0 т.т.
Конкурс «СК-Фармация» ЖШС өткізілді, үнемделген қаржы 2 млн. 566 т.т. құрады. Үнемделген қаржы есебінен қалалық кардиологиялық орталығы үшін жүрек және буын диагностикасының УДЗ аппараты сатылып алынды.
Жергілікті бюджет есебінен 1 939 млн. 094.0 т.т. қаржысына медициналық жабдықтардың 1 005 бірлігі сатып алынып, оның 53 259.0 млн.т. қаржысы 2011 жылғы орналастырылған жабдықтардың кредиттік қарызын өтеуге жұмсалды. Жеткізушілер тарапынан орын алған күтпеген жағдайлар үшін №1 ҚКБА және Перинаталды орталыққа 61 млн. 908.0 т.т. қаржысына сатып алынуы тиіс газ жүйелері 2013 жылға ауыстырылды (24.09.2012 ж. №504 келісім-шарты).
Жергілікті бюджет қаржысын үнемдеу арқылы 29 294.5 т.т. қаржысына қосымша медициналық жабдықтардың 4 бірлігі, манекен және жоғары медициналық технологиялы оқыту орталықтары үшін стимуляторлар сатып алынды.
Уақытылы және сапалы медициналық қызмет көрсету, пациенттердің құқығын қорғау үшін қала әкімшілігі жанынан Пациенттердің құқығын қорғау жөнінде қоғамдық Кеңес өз жұмысын жүргізді. Қоғамдық кеңес жанынан денсаулық сақтау саласы бойынша азаматтардың өтініштерін қарау жөнінде Комиссия құрылды. ҚК 4 отырысы өткізілді, ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, азаматтардың өтініштеріне, ҚР ДСМ Алматы қаласы бойынша ККМФД департаменті материалдары бойынша медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне талдау жүргізілді, денсаулық сақтау басқармасының материалдары бойынша Алматы қаласы тұрғындарының өтініштерінің себептері мен динамикаына талдау жүргізілді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері бойынша қоғамдық пікірді меңгеруде үлкен көмекті үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар көрсетті.
Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындауда үшкі бақылауды ұйымдастыру және азаматтардың өтініштерін, оның ішінде әкім сайтын уақытылы қарау үшін басқарманың 17.01.2012ж. №20 бұйрығымен курация бойынша басқарма бастығының 3 орынбасары жауапты тұлға ретінде тағайындалды.
Әкім сайтына түскен өтініштер саны 2 есе артты (87-ден 194 дейін), Денсаулық сақтау министрлігінің блогына 5 есе (100-ден 484 дейін), денсаулық сақтау басқармасының сайтына 5 есе (184-ден 931дейін) артты, сайтқа түскен өтініштердің көпшілігі түсіндіру сипатында болды. Сенім телефондар және «Медициналық пост» желілеріндегі өтініштер саны 445-тен 688 дейін өсті. Негізделген арыздар саны 2 есеге өсті (28-ден 60 дейін), ол жапы арыздар санының 7% құрады.
Медициналық қызмет сапасы туралы қоғамдық пікірді меңгеру және тұрғындарға медициналық қызметті көрсетуді жоғарылату және қолжетімділігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау басқармасының азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы 23.02.2012ж. №99 бұйрығы шықты. Медицина мекемелерінің басшыларымен тұрғындарды сенбі күндері қабылдау ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасымен сауалнама дайындалды және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері бойынша қала емханалары мен стационарларындағы пациенттерден күнделікті сауалнама алынды, анықталған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілді.
Басқарма мамандары мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері БДСЖ аясында, «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша және ҚР президенті Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жыл басынан бері БАҚ 678 басылымдар мен шығулар, с.і. радиода 104, теледидарда 327 және басылымдарда 247 мақала жарыққа шықты.
Қала клиникаларында жоғары мамандандырылған көмек көрсетуін дамыту жалғастырылған. Алматы жоғары технологиялық емдеу түрлерін өткізетін ең үлкен көлемді аймақ болып табылады. ЖММК аясында есту қабілетін жақсартатын операциялар, кохлеарлық имплантация, лапароскопиялық және микрохирургиялық операциялар, буындарды ауыстыру, ересектерге және балаларға арналған кардиохирургиялық және басқа да күрделі операциялар өткізіледі.
№7 Қалалық клиникалық ауруханасында 12 туыстық бүйректі ауыстырып қондыру өткізілді, соның ішінде 1 біріктірілген трансплантация: бүйрек+ұйқы безі, бірінші рет Қазақстанда өткізілді.
Қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жаңа туған нәрестелердің және балалардың күрделі біріктірілген туа біткен журек ақауына радикалды түзету бойынша өте сирек операциялар табысты жасалуда, әлемдік кардиохирургия практикасында ұқсас операцияларды өткізу және операциядан кейінгі науқастарды күту қиындығы жоғары ктегориясына жатқызады. Орталықтың ашылуына дейін Қазақстан Республикасында ұқсас операциялар өткізілмеген.
3 Стратегиялық бағыт. Кадр ресурсы жүйесін дамыту.
Медициналық кадрлар тапшылығы сақталып отыр. 2012 ж. басында 770 штаттық лауазым дәрігерлермен толықтырылмаған, тапшылық 800 лауазымға дейін жеткен. Қала емханаларында учаскелік дәрігер тапшылығынан әрбір төртінші учаскеде орын бос.
2012 жылы қаладағы медициналық мекемелерге 258 ҚазҰМУ түлегі жіберілген, с.і. БМСК қызметіне- 193. Оның тек 44% барған, бұл – 113 маман, с.і. БМСК қызметіне 49 маман келді, бұл жоспардың - 25% .
Медициналық кадрлардың жүйелік дайындығы қамтамасыз етілген. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2012 жылы: 1423 дәрігер, 1127 орта медқызметкер (109,6 млн.т.) оқытылды, жергілікті бюджеттен: 127+ дәрігер, 48+ орта медқызметкер, 69 басқа мамандар (88,2 млн.т.) оқытылды.
2012 жылы шетелде 63 маман оқытылды, с.і. республикалық бюджеттен - 23, жергілікті бюджеттен - 4, бюджеттен тыс және демеушілер көмегімен - 36 ( акушерия және гинекология, неонатология, анестезиология және реаниматология, сәулелі диагностика, онкология және онкогематология, кардиология, хирургия және т.б.).
Кадрлардың білімін жетілдіру құрылған Инновациялық медициналық технологиялар оқу орталығыбазасында жүзеге асырылды. Дағдарысты зерттеу орталығы (Литва) мамандарының қатысуымен акушер-гинеколог дәрігерлер, анестезиологтар, акушерлер үшін мастер-класс циклдері және оқыту семинарлары өткізілді, хаттамалар жасалды және дәлелдеу медицинасы негізінде акушерлік, перинатальді медициналық көмек көрсету стандарттары дайындалды. Халықаралық сарапшылармен босандыру мекемелерінің 56 маманы, жедел медициналық жәрдем қызметінің 96 маманы оқытылды. Каскадтық оқытуға 8 нұсқаушы дайындалды. 50-ден астам шеберлік класы өткізіліп, 40 алыс және жақын шетелдердің мамандарының қатысуымен тренингтер мен конференциялар өткізілді. Орталық базасында жол апатында зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге ІІД 48 қызметкері оқытылды. Бұл адам өміріне қауіп төнген жағдайда жол апаттарында зардап шеккендерге шұғыл көмек берілуін жоғарлатады. Жыл соңында Орталық оқытудың тиімділігін арттыратын заманауи манекендер және симуляторлармен жабдықталды.
1-3 қарашада денсаулық сақтау басқармасы «Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық Конгресс өткізді. Конгреске әлемнің 16 елінен және республика аумағынан мамандар қатысты. Маандардың кәсіби деңгейін көтеру, кадрларды үздіксіз дамытуды үйлестіру тиімділігін жоғарлату мақсатында АМДБЖИ Меморандумға қол қойылды.
Кадрлардың біліктілігін жетілдіру шаралары 2012 жылы әрбір 3-ші дәрігерді және әрбір 8-ші мейірбикенің білімін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу мақсатында басшы кадрлар ротациясы бойынша жұмыс жалғасын табуда. 28 денсаулық сақтау ұйымдарына жас басшылар тағайындалды. Тағайындалған басшылармен жұмыс жоспары мен келешегі туралы сұхбат жүргізілді.
Менеджмент бойынша медициналық қызметкерлермен дайындық жұмысы жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1,118 мың тенге қаражат есебінен 1айлық бағдарлама бойынша 19 маман және 4 айлық бағдарлама бойынша 1 маман оқытылды.
Сонымен қатар, С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ менеджмент және маркетинг бойынша 9 маман білімін жетілдірді.
ДСБ 06.06.2011ж. №344 «Медициналық қызметкерлердің еңбек ақы Ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ 20.05.2011ж. №310 бұйрығын енгізу туралы» бұйрығы іске асырылуда және ынталандыру төлемі жағынан медициналық қызметкерлердің ұжымдық шартына өзгерістер енгізілген.
Медициналық қызметкерлердің еңбек ақысы жүйесін жетілдіру жалғасуда, үнемделген мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен қызметті бағалау критериі қолданылып, жұмыс нәтижесі бойынша ынталандырылуда. Сонымен қатар еңбек ақыны көтеру дифференциалды еңбек ақысы, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы ынталандыру төлемін енгізу есебінен еңбек ақыны жоғарылату іске асырылуда.
БМСК сапасы, қала емханаларына учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелерді бекіту үшін БМСК тарифіне қосымша ынталандыру компоненті енгізілді. Бұл мақсатқа ДСМ республикалық бюджеттен 2012 жылы жеткен жетістіктер үшін, қызметті бағалау критериіне сәйкес 759,4 млн.т. бөлінді, оның 75,9 млн.т. (10%) мамандардың біліктілігін жетілдіруге жұмсалды.
Ынталандыру түріндегі төлемдер еңбек ақының дифференциалды жүйесі бойынша бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен және ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат 41 медициналық мекемеде 700,2 млн.т. көлемінде жүргізілді.
Қоғамда әлеуметтік статусын жоғарылату және медициналық қызметкерлер құқығын кеңейту бойынша шаралар кешенін іске асырылуда. Кадрлардың ұдайы дипломнан кейінгі дайындығы, шетел мамандарының қатысуымен үздіксіз білім жетілдіру, тәжірбиеден өту қамтамасыз етілді.
Кадрларды әлеуметтік қорғау және мотивациясы үшін 2007 ж. бастап жыл сайын жергілікті бюджет есебінен медициналық қызметкерлердің профтексеруіне, 2008 ж. бастап – шалғай учаскелердегі учаскелік мамандар үшін жолақысын төлеу үшін қаражат бөлініп, игерілуде. Алғаш 2008 ж. бастап әкімдік қаулысымен үздік медициналық қызметкерлерге еңбек ақы қорын үнемдеу аясында 100%базалық лауазымдық еңбекақы көлемінде үстеме ақы тағайындалады. 2012 жылы үстемеақыны 237 маман алды (2011жг. - 213). «Кәсібінің үздігі» атағына қалалық конкурс жеңімпазын марапаттау тәжірибесі жүргізілуде.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында соңғы 5 жылда 2008-2010 жж Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын үй және «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламалары бойынша қала медициналық қызметкерлеріне 701 пәтер мен коммуналдық арендалық тұрғын үй берілді
Сонымен қатар, 2012 жылы «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы бойынша тағы 53 пәтер бөлінді. Бұл мақсатта жергілікті бюджетпен 4 млрд. тенге қарастырылған.
Мед.ұйым басшылары С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ және Қазақ Ресей медицина университетінің вакансиялар жәрмеңкесіне қатысты. 23 маусымда балалар ауруханалары мен емханаларының басшылары Қазақстан медицина институты түлектерінің қатысуымен Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы базасында өткен «Вакансия жәрмеңкесіне» қатысты.
Ведомствоаралық өзара әрекеттің талдауы.
Қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттің тиімділігін арттыру қамтамасыз етілген. Алматы қ. Әкімі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арасында 010, 038 және 127 бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің мақсатты ағымдағы трансферттері есебінен тура және соңғы нәтижелерге қол жеткізу туралы жасалған Келісім іске асырылды.
БҰДСЖ аясында Алматы қаласының әкімдігі жанынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша Үйлестіру Кеңесінің жоспарлы жұмысы қамтамасыз етілген. 2012 жылы кеңестің 4 отырысы өткізілді.
2012 жылдың ақпанынан бастап «Саламатты қала» кең көлемді акция ұйымдастырылды.
Алматы қалалық СӨСҚО және қала медициналық мекемелері мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті бюджеттен 12 ҮЕҰ жұмыс жүргізеді: Денсаулық, Білім беру және жаңа технологиялар орталығы, Болашаққа кемел біліммен, Ақпараттық ресурстық орталық, FUNK, Забота дағдарыс орталығы, Креативтік квартал, Шығармашылық бастамаларды қолдау орталығы, Темекісіз: Белсенді ұзақ өмір, Адам және қоғам, Қоғамдық денсаулық сақтау институты.
Жергілікті бюджет есебінен 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары қамтылды. Ғылыми негізделген екі апталық рационалды теңестірілген мәзірді таратуды енгізу энергетикалық шығындарын толтыру және мектеп уақытындағы тамақ шығындары есебінен Казақ тамақ Академиясымен іске асырылады. Бұл мәзір Алматы қ. санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісіледі.
"Саламатты қала" қалалық акциясы шеңберінде жарақаттардың алдын алу үшін қаланың медициналық ұйымдарында 1 мен 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық өткізілді.
Сектор аралық байланыс шеңберінде тұрғындардың денсаулығын сақтау және «2011-2020ж.ж жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әрекет ету он жылдығы» атты Ұлттық жоспарды іске асыру, сондай ақ, Алматы қаласының ішкі істер департаменті және мәдениет басқармасы, жол полициясы басқармасымен әзірленіп және мақұлданған «Өміріңе қатер төндірме, жолдан өтуге 100 метр қалды» атты қоғамдық компания концепциясын жүзеге асыру.
ЖОО, медициналық мекемелер, мектеп басшыларымен бірге салауатты өмір салтын енгізу, дұрыс тамақтандыру, денешынықтыру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде. Тұрғындар, ата-аналар, мектеп мұғалімдері, ЖОО оқытушылары арасында профилактикалық тексеру жүргізудің маңызы, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары ЖОО кездесулер, тұрғындармен кездесу, бұқараттық ақпараттық құралдар арқылы, үнпарақтар, буклеттер тарату арқылы жүргізіледі. №10, 22 ҚЕ, ҚАҰӨО, студенттер емханасында, ҚазҰМУ жанындағы Өрлеу орталығында Жастар денсаулық орталықтары жұмыс істейді .
Шұғыл медициналы-құтқару көмек көрсету жеделдігін жоғарлату мақсатында ІІД және ТЖД жұмыс жүргізіледі. ЖМЖС барлық машиналары шұғыл байланысу үшін «Vertex» (Жапония) радиостанциясымен, реанимациялық бригадалар мобильді байланыспен қамтамасыз етілген. Бригадаларды басқару «МИСС-03» автоматты жүйесі арқылы диспетчерлермен орталықтандырумен жүзеге асады. Науқасты тез табу үшін 150 машина навигаторлармен жабдықталған.
Туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралу мәселелері бойынша 2012 жылы пенитенциарлық жүйе контингенті арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында біріккен «Қылмыстық-орындаушылық жүйесі мемекелеріндегі тұлғаларға туберкулезге қарс көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы» АТҚД бас дәрігері мен Алматы қ. және Алматы облысы бойынша ДУИС ОМО бастығымен қол қойылған бұйрық шығарылды және Алматы қ. бойынша ҚР ІІМ қылмыстық-орындаушылық жүйесі мемекелеріндегі туберкулезді анықтау, диагностикасы, алдын алу бойынша біріккен іс-шаралар жоспары әзірленді және Алматы қ. бойынша ҚР ІІМ қылмыстық-орындаушылық жүйесі мемекелеріндегі туберкулезбен күрес Бүкіләлемдік күнін өткізу бойынша қылмыстық-орындаушылық жүйесі мемекелеріндегі туберкулезді.
Сыртқы қатерді талдау. Болуы мүмкін қатерлер бойынша барлық іс-шаралар іске асады:
қаланың статистика департаменті өлім-жітім көрсеткішін тұрғылықты жері бойынша есептейді,
арнайы меджабдықтау базасы жұмыс істейді және ауруханалар төтенше жағдайда медициналық көмек көрсетуге дайын,
2012-2015жж ТЖБ мен мемлекеттік органдардың біріккен жоспары әзірленді,
МСЭҚКД қатерлі жағдайда әрекет ету жоспары іске асырылуда және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау пункттері ұйымдастырылды,
медициналық кадрлар ағымын тоқтату үшін келесі шаралар қабылданған: кадрлардың ұдайы дипломнан кейінгі дайындығы, шетел мамандарының қатысуымен үздіксіз білім жетілдіру, тәжірбиеден өту қамтамасыз етілді. Кадрларды әлеуметтік қорғау және мотивациясы үшін 2007 ж. бастап жыл сайын жергілікті бюджет есебінен медициналық қызметкерлердің профтексеруіне, 2008 ж. бастап – шалғай учаскелердегі учаскелік мамандар үшін жолақысын төлеу үшін қаражат бөлініп, игерілуде. Алғаш 2008 ж. бастап әкімдік қаулысымен үздік медициналық қызметкерлерге еңбек ақы қорын үнемдеу аясында 100%базалық лауазымдық еңбекақы көлемінде үстеме ақы тағайындалады. 2012 жылы үстемеақыны 237 маман алды (2011жг. - 213). «Кәсібінің үздігі» атағына қалалық конкурс жеңімпазын марапаттау тәжірибесі жүргізілуде. Қалада медициналық қызметкерлердің еңбек ақы жүйесін жетілдіру мақсатында БҰДСЖ аясында ДСБ 06.06.2011ж. №344 «Медициналық қызметкерлердің еңбек ақы Ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ 20.05.2011ж. №310 бұйрығын енгізу туралы» бұйрығы іске асырылуда. Мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен БМСК тарифіне қосымша ынталандыру компоненті енгізілді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында соңғы 5 жылда 2008-2010 жж Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тұрғын үй және «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламалары бойынша қала медициналық қызметкерлеріне тұрғын үй берілді, сонымен қатар 2012 жылы «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы бойынша облигациялық займ аясында пәтерлер бөлінуде.
Алматы қаласы денсаулық
сақтау басқармасы бастығының
орынбасары м.а Қ. Базарбаева
Орынд.: Г.Жанқарашова,
8-727-2755473
Достарыңызбен бөлісу: |