Жүйке жүйесі – бұл функциональді және анатомиялық өзара байланысқан құрылымдардың жиынтығы, күрделеніп ұзақ даму нәтижесінде қалыптасқан. Жүйке жүйесінің негізгі қызметтері: Әр түрлі ағзалардың


Ақпаратты қабылдайтын рецепторлар үш түрге бөлінеді



бет3/3
Дата24.11.2023
өлшемі2,35 Mb.
#193385
1   2   3
Байланысты:
жүйке жүйесі

Ақпаратты қабылдайтын рецепторлар үш түрге бөлінеді:
Экстроцептивтік – ақпаратты сыртқы ортадан қабылдайды. Олардың ұштары шырышты қабат пен теріде орналасады.
Проприоцептивтік – тірек-қимыл аппараттарында, бұлшықеттерде, сіңірлерде, буындарда орналасады.
Интроцептивтік – ішкі ағзаларда орналасақан.
Рефлекторлық доға
Рефлекторлық доға деп импульстің рецепторлардан жұлынға, одан эффекторға бұлшықеттерге, бездерге т.б. жеткізу жолын айтамыз. Жұлында рефлекторлық орталықтар болады, сол орталықтар арқылы тері, бұлшықеттер, және ішкі ағзалардан қарапайым /шартсыз/ рефлекстер іске асырылады.
Тітіркендіргеш рецепторлармен /яғни, нерв ұштарымен/ қабылданып, пайда болған қозуды айтамыз.
жұлын түйінінде жатқан сезімтал нейронға /бірінші нейрон/, оның талшықтары арқылы
артқы мүйізде жатқан ендірме нейронға /екінші нейрон/, одан алдыңғы мүйізде жатқан қозғалтқыш /үшінші нейронға/ беріледі.
Қозғалтқыш нейронның аксоны арнаулы бұлшықеттерге, теріге, эффекторларға жеткізіледі. Ендірме нерв жүйесінің қызметі қүрделі доға қатысымен өтеді. Мұндай жағдайда бірнеше нейрондар өзара түйесіп, синапстар түзіп, қозуды бір нейроннан екінші-ұшінші
нейронға өткізіп, өткізгіш жолдар арқылы нерв импульсін жұмысшы ағзаларға дейін жеткізеді. Сонымен бірге бұл жолдар орталық нерв сипаттамасының бөліктерін бір-біріне жалғастырып біртұтастығын қамтамасыз етіп отырады. Осының нәтижесінде күрделі рефлекторлық қызмет жүзеге асырылады.
Нерв импульстері шеттен /рецепторлардан/ жұлын арқылы миға, керісінше мидан жұлынның нейрондары арқылы ағзаларға /эффекторларға/ жеткізіледі. Оны нерв жүйесінің өткізгіш аппараты деп атайды.
Ми қыртысының құрылымы
Ми қыртысы сұр заттан құралған. Ол ми сыңарларының сыртқы бетінде орналасқан.
Нерв жасушалар тобы 6 қабаттан тұрады:
1. молекулярлық
2. сыртқы түйіршікті
3. орташа көлемді пирамидалық жасушалар
4. ішкі түйіршікті.
5. ірі пирамидалық жасушалар.
6. көп пішінді жасушалар
Анализаторлар туралы түсінік
Анализаторлар сыртқы ортамен ішкі ортаны байланыстырушы механизм, олар ми қыртысында орналасады, үлкен қызмет атқарады. Ми сыңарлары көпдеген қатпарлардан тұрады, олардың ішінде анализаторлардың орталықтары бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет