Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің
орталық бөліміне ми және жұлын,
ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі сомалы (грекше «soma» – дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім вегетативті («vegeto» – қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды.Жүйке жүйесінің сомалы бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты қозғалыстарды басқарады.
Жұлын – орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42–45 см, салмағы 34–38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік сайшалары (борозды) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |