ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
орындаған: Уринбасарова Самал
Тынышбай Арайлым
Байболсын Асылжан
Майлышева Оразгуль
Жүйке жүйесі - эндокриндік жүйемен бірге дененің барлық жүйелерінің қызметін өзара байланысты реттеуді және ішкі және сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне реакцияны қамтамасыз ететін әртүрлі өзара байланысты жүйке құрылымдарының тұтас морфологиялық және функционалды жиынтығы. Жүйке жүйесі интегративті жүйе ретінде әрекет етеді, сезімталдықты, мотор белсенділігі мен басқа реттеуші жүйелердің (эндокриндік және иммундық) жұмысын бір тұтасқа байланыстырады.
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпаларының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары – нейронның денеден,ұзын және қысқа өсінділерден тұрады. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады.
Ұзын өсіндісі – аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті аққабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынныңақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері – дендриттердің сыртында аққабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр затты түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған бір аксон болады.
Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді: 1) сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді); 2) байланыстырғыш – қозуды сезгіш нейрондардан қозқалтқыш нейрондарға өткізеді; 3) қозғалтқыш – қозуды бұлшықеттер мен бездерге жеткізеді.
Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі топқа бөледі. Орталық жүйке жүйесіне – ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады.
Жұлын – орталық жүйке жүйесіне жатады. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік сайшалары (борозды) болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады.
Жұлын жүйкелеріқолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін қозу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары – дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тынысалу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тынысалу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.
Жұлыннан айырмашылығы – мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.
Мидың ішінде ми сұйықтығымен толтырылған қуыстар болады. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.
Ми бөлімдері. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады: 1) Үлкен ми сыңары; 2) Аралық ми; 3) Ортаңғы ми; 4)Көпір; 5) Сопаша ми, 6) Мишық.
Назарларыңызға рақмет !