Гиперкинезия – мидың әртүрлі құры-лымдары нейрондарының бүліністері-нен дамитын еріксіз қимыл-қозғалыс-тардың тым артып кетуі.
Тырыспа-селкілдек
Аяқ астынан ұстамалы немесе тұрақты түрде пайда болатын бұлшықеттердің еріксіз жиырылуларын тырыспа-селкіл-дек дейді.
Оның клоникалық, тоникалық және араласқан (тонико-клоникалық, клонико-тоникалық) түрлерін ажыратады.
Қысқа мерзімде жекелеген (бүккіш, жазғыш) бұлшықет топтарының бірінің артынан бірі бейберекет жиырылуларын клоникалық селкілдек дейді. Бүкіл денеге жайылған айқын клоникалық селкілдек конвулсия делінеді. Бұндай жағдай ми қыртысы қатты қозуынан, пирамидалық жүйе құрылымдары бүліністерінде байқалады.
Тоникалық селкілдек немесе тырыспа – дененің немесе аяқ-қолдардың лажсыз жағдайда ұсталынып тұруына әкелетін бұлшықеттердің ұзақ жиырылып қалуы. Ол қыртыс асты құрылымдардың қатты қозуы және кейбір уыттанулар (сіреспе т.б.) кездерінде байқалады.
Жүйке жүйесінің бұзылыстарында салдарлық эндогендік ықпалдар қалыптасуының маңызы
Нейрон қызметтерінің өзгерістері;
Нейронаралық қарым-қатынастардың бұзылыстары;
Дерттік күшейген қозу ошағы пайда болуы;
Дерттік бастама (детерминанта) және дерттік жүйе қалыптасуы.