ЖҮйке жүйесінің ҚҰрылымдық-функционалдық ҚҰрылысы және оның жастық ерекшеліктері



бет1/2
Дата16.03.2022
өлшемі19,46 Kb.
#135808
  1   2
Байланысты:
2 дәріс

1.2 ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жүйке жүйесінің маңызы:


- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтсатығын жүзеге асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады.
Жүйке жүйесінің жалпы құрылымы:
Адамның жүйке жүйесі 2-ге бөлінеді:
1) Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) – ми, жұлын;
2) Шеткі жүйке жүйесі – ОЖЖ-дан тыс орналасқан нерв клеткалары мен барлық нерв талшықтары.
Сонымен қатар, нерв жүйесі (НЖ) тағы да 2-ге бөлінеді:
1) Вегетативті нерв жүйесі – ішкі органдар қызметі мен зат алмасуды реттейді. ВНЖ өз кезегінде 2-ге бөлінеді:
А) симпатикалық;
Б) парасимпатикалық.
2) Соматикалық жүйке жүйесі көлденең жолақты бұлшықеттің жұмысын реттеп, дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.
Жүйке ұлпасы. Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды.
Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады.
Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді.
Нерв ұлпасының негізгі қасиеттеріне қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік жатады. Бұл қасиеттер өз кезегінде тітіркенгіштікпен тығыз байланысты.
Нейронның негізгі қызметі алынған нерв импульстерін талдаумен байланысты. Нейронның денесі және қысқа өсінді-дендрит, ұзын өсінді-аксон болады. Нейроннның денесі сома д.а. Оның пішіні әртүрлді. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады.
Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Дендриттер қозуды қабылдаушы негізгі бөлік.
Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон нерв талшығы. Бірнеше нерв талшығы бір нервті түзеді. Нерв талшықтары мен нервтердің негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу.
ОЖЖ-ге нерв импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) нервтерді, ОЖЖ-ден шеткі органдарға нерв импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш, қимыл нерв талшықтарынан тұратын аралас нервтерді ажыратады.
Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат – миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды.
Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол нерв жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады.
Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады. Синапстың: пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді); постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы түзеді); синапс саңылауын ажыратады. Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар - медиаторлардың көмегімен беріледі.
Рефлекс және рефлекс доғасы. ЖЖ-нің барлық қызметінің негізінде рефлекстік реакциялар жатыр.
Рефлекс ОЖЖ-ның қатысуымен өтетін организмнің тітіркенуге жауап беру реакциясы. Рефлекс кезінде қозу өтетін жол рефлекс доғасы д.а. РД 5 элементтен тұрады:
- рецептор;
- афференттік нерв;
- ОЖЖ;
- эфференттік нерв;
- жұмыс органы.
Егер рефлекс доғасы екі нейрон бір синапстан тұрса, ол 2 нейронды немесе моносинапстық деп аталады. Егер рефлекс доғасы көп нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген синапстармен қамтамасыз етілсе, онда көп нейронды немес полисинапстық д.а.
Дененің барлық органдарында тітіркендіргіштерге сезімтал нерв ұштары – рецепторлар орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т.б.), орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі.
Орналасуына байланысты рецепторларды:
1) экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс, дәм сезу органдары, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы ортадан қабылдайды;
2) интерорецепторлар ішкі органдардың ұлпаларында орналасып, тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды;
3) проприорецепторлар – бұлшықеттерде, сіңірлер мен буындарда орналасып, бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап, дененің қозғалысы туралы белгі береді.
Нерв орталығы туралы түсінік. ОЖЖ-ның әртүрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі функционалдық бірлестіктері нерв орталығы д.а. Нерв орталығы рефлекторлық реакциялардың және функциялардың реттелуіне қатысады. Нерв орталығының өзіне тән қасиеттері болады.
ОЖЖ-гі қозу мен тежелу процестері
ЖЖ-дегі қозудың негізгі қасиеттері:
- қозуды бір жақты ғана өткізеді;
- ОЖЖ-нің синапстарында қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу). Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы нерв бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен.
Тежелу. Нерв жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процечсі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОЖЖ-гі тежелу құбылысы И.М.Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет